Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Журналист  аға

14.10.2022
КҮЛТӨБЕ
Журналист  аға
WhatsAppTelegramFacebook

  Осынау жазбаны басынан бастасам ба екен, әлде орта шегінен өрбіте келіп, бас жағына соңынан тоқталайын ба деп жүріп, бірнеше күнді оздырып алдым. Өйткені, «Арпалыс алақұйын заманалар, шайқалып тұрып алды мен нетейін?»  деп Қасым Аманжолов айтқандай, Кенжехан Рақыштың да өмір жолы  кедір-бұдыр дәуір соқпағы болған. Ақыры  алғашқы ойымнан айнып, оқырманға ұғымды болу үшін басынан бастауды лайық көрдім.

  Кенжекең арғы бет делініп жүрген Іле қазақ облысының Сүйдін ауданына қарасты Екіаша ауылында туған. Бұл 1941 жылдың көктем айы екен. Ата-анасы Кеңес одағының зұлматты жылдарының бірінде  Қытайға ауған. Бағына қарай кейіпкеріміз өмір есігін ашқанда отбасы ауылдағы орта шаруаның қатарында болыпты. Әкесі Мұстағали  мен шешесі Жамал 3 ұл, 2 қыз өсіріпті. Солардың кенжесі – Кенжехан аға. 

Енді осы ауылды біраз  көзге елестетіп берейін. Екіаша ауылы Мазы деп аталатын шағын өзен айырығында қосарланған таулардың орта жазығын ала қоныстанған. Елушақты отбасы  тұрады. Сай-саласы жеміс ағашты, бұта-бергезді, аң-құсқа толы болып келеді. Жоғарылаған сайын Бесағаш,Талдыбұлақ, Көкшоқы делінетін төржайлауға ұласады. Сайларында тұма-бастаулардан шығатын мөлдір бұлақтар ағып жатады.

Кенжехан кішкентайынан әсершіл болды. Көрген нәрсесін өз қолымен жасауға әуестенді, үлкендерге ілесіп балық ауласты, әкеден көргенін істеп, ағаш үй керегесін қайыспен көктеді. Апасына көмектесіп көйлек қиды. Құрға тұзақ құрды, кекілік аулады. Осылайша  7 жасқа жеткенде мұрттай ұшып ауырды. Селкілдеп жататынды, былдырлай айғайлайтынды шығарды. Ауыл молдаларының ем-домы қонбады. Отбасы ұйқы-күлкіден тыйылды. Бала 3 күн бойы зар иледі. 4-күні сеспей қатты. Өлі-тірісі белгісіз еді. Дәл осы шақта шешеге туыс болып келетін Жексенбек бақсы келе қалмас па?! Бұл кісі көпке атағы жайылған балгер әрі көріпкел, құмалақшы екен. Баланы жайдақ текеметке шалқасынан жатқызды да домбырасын күйлеп, таң сыз бергенше түсініксіз бірдеңелерді оқып шықты. Ертеңінде: «Баланың тұқым қуалаған иесі бар екен, тым ерте иектепті, көтере ала ма білмеймін. Түбінде аса мықты балгер әрі көріпкел бақсы болғалы тұр. Тиіспеңдер, өзі оянады»,–деп кетуге жинала бастады.

Жарықтығым,– деді Жамал апа.  – Бұл баланың келешегі қауіпті болғалы тұр. Орыстардан көрген құқайымыз аз болған жоқ. Қытай коммунистері де оңдырмас. Бойындағы тылсым иесін алып кетіңіз,–депті. Оқиға осымен біткен.

 Кенжехан ояна салысымен далаға жүгіріп шығып, ойнап кетті. Өзінен-өзі сөйлеп жүр. «Ертең Айтмолда шал жардан құлап өледі. Әлиман құшынаш  кемпірдің тарғыл тайыншасы жоғалады. Кешке қарай Байғали ағам әскерден қайтып келеді», – деп мәз-мейрам.  Кемпір-шал бір-біріне қарап таңырқасты. Баланың айтқандары айдай келгенінен бүкіл ауыл хабарланды. Әркім баланың ойнап жүргендегі сөзін аңдуға тырысты. Бірақ Кенжехан қылығынан сап тыйылып, үй шаруасына болысумен болды.

    1949 жыл. Қытай Халық Республикасы құрылды. Елді өзіне етене жақындату шарасымен жайбарақат кейіп танытты. Аңқау қазақ тойын тойлап, көкпарын тартып мәз. Бұл өзі оңтайлы өкімет болды десті. Сөйтіп жүргенде партия тап тартысын  бастап кеп жіберді. Бай, орта шаруа, жалданба шаруа, кедей тап деген атаумен шара қолданды. Елдің бар малын сыпырып алып, орталықтандырды. Тыпыр етуге шамасын келтірмей «Комуна» құрды. Жұрт бір қазанға телмірді. Кедейлерді көтермелеп басқаларға айдап салды. Қожа-молда түрмеге қамалды, байлар сотталды.

    Осындай аласапыран жағдайда Кенжеханның ілгерілеп оқудан басқа амалы қалмаған. Ағалары Байғали мен Болатханның көмегімен жетіжылдық мұғалімдер даярлайтын  оқу орнын Құлжа қаласында тамамдап, ұстаздық  етті. Қытайдың «Барлық гүлшешек атсын, барлық бұлбұл  сайрасын» дейтін ашылып сайрау сұрқиялығын да бастан өткерді. Н. Хрущевтің  ХХII съезде Сталинді ғайбаттаған сөзінен кейін Қытай басшылары съезден кетті. Армияны қысқарту туралы сөз болғанда оған Албан коммунистік партиясының басшысы Анвар ходжа қарсы болды. «Жартылай аралда тұратындықтан бізге олай етуге болмайды»,– деп дәлелдеді. Осы екі елдің құжаттасу сөздерін талқылауға студенттерді  де жұмылдырған кез болды. «Замана болып жатты бұлқан-талқан, Қытайда не көрмеді бұл Кенжехан», – деп басталатын өлеңін Кенжекең ешбір кітабына қоспаған. Өйткені, студенттік жылдарындағы азды-көпті қызықты  шақтарды  жуып-шайып кетер деп қауіптенген сияқты. «Адамның жастық шағы  өткен жерде жарты жүрегі қалады» депті ғой атақты жазушы Шыңғыс Айтматов. Біздің кейіпкеріміз  жастығының жартысын  қамтыған  ләззатты күндерін сызып тастағысы келмеген.

Кенжехан Рақыш 1962 жылы отбасымен бірге атамекенге қайтты. Біздің де құдай сүйер қылығымыз аздау еді ғой, оралмандарды кәсіби ерекшелігіне қарамастан бас сала мал бақтырды, қара жұмысқа салды. Осылайша өздерінің  кем-кетігін, жыртығын бүтіндеп алды. Ақынжанды кейіпкеріміз  шыдап бақты. Екі жылдан соң әскерге кетті. Елге оралысымен ҚазМУ-дың журналистика факультетіне түсті.  Сырттай оқи жүріп Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылындағы  орыс мектебіне қазақ тілінен дәріс берді. 4- курсқа өткенде оқу орнының  талап етуімен қатар Қапал аудандық «Қапал еңбеккері» газетіне орналасты. 13 жылдан соң  1984 жылы Талдықорған облыстық газетіне ауысты.

    Біз әңгімені қысқа қайырдық. Аудандық газеттегі өсу жолындағы көреалмаушылық, аяқтан шалу, оралман деп өмірбаянына тиісіп, беделіне нұқсан келтіру сияқты пендешілік  жағдаяттарға тоқталмадық. Алайда «Ит үрді, керуен көшті» болып тынды.

Қырық  жылға жуық журналистік қызметі лайықты бағаланды. «Қазақ журналистикасының қайраткері», «Қазақстанның құрметті журналисі» атанды.

     Бұл күнде  Кенжекең мен жеңгеміз Сәуле екеуі ұл өсіріп, қыз тәрбиелеген ардагер ата-ана.  Үш немере, екі шөбересі бар. Алды қызметте, біреуі студент, екі шөбересі ата мен әжесінің балағына жармасып, былдырлап  жүр. Ақырын жүріп, анық басқан баянды 80 жасыңыз құт-берекесімен болсын, журналист аға!    

                                       Гүлжан ТҰРСЫН

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Заман талабына сай жаңғырған

Заман талабына сай жаңғырған

27.07.2026
Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

27.07.2026
Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады?

Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады?

27.07.2026
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста

Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста

27.07.2026
Алакөл жағалауындағы жаңа маусым: Қауіпсіздік пен жайлылық қалай өзгерді?

Алакөл жағалауындағы жаңа маусым: Қауіпсіздік пен жайлылық қалай өзгерді?

27.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.