Қазіргі таңда заңсыз мигранттардың саны артуда. Соңғы 3-4 жылда статистикаға сүйенсек, елімізден 376 мың адам шығып, 377 мың адам кірген.
Халықтың ішкі ауысуының негізгі себептері қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай, қаржының аздығы, жұмыстың болмауы, елді мекендерде тиісті инфрақұрылымның жоқтығы және басқалар. Қазақстанда заңсыз миграция әлі күнге дейін шешімін таппаған мәселе болып саналады. Бейресми дерекке сүйенсек, заңсыз жүрген мигранттар мен құқықбұзушылардың саны елімізде 1 млн.-нан асқан.
2018 жылы Астанада жедел алдын алу шаралары жүргізіліп, көші-қон заңнамасын бұзған шамамен 1033 мигрант анықталды. Олардың 828-і Өзбекстан, 51-і Қырғызстан, 71-і Тәжікстан, 29-ы Әзірбайжан, 18-і Ресей, 9-ы ҚХР, 14-і Армения, 6-ы Грузия, 5-і Түркия азаматы. Қазірдің өзінде іздеу салынған азаматтар мен бізге мәлімсіз қылмыстық жайттар баршылық. Қазақстаннан шетелге кеткен мемлекеттердің ішінде ең көпшілігі ТМД елдері, оның ішінде, Ресей Федерациясы десек болады.
Ішкі көші-қон ағынының негізгі орталығы – Алматы, Астана қалалары мен ШҚО, Түркістан, Қарағанды облыстарына тиесілі. Осы тұжырымдамада солтүстік өңірлердің халық саны оңтүстіктен аз екені анықталған. Егер заңсыз іс-әрекеттер мен тәртіп бұзушыларға тиісті шаралар қолданылмаса, ұлттық қауіпсіздігімізге сызат түсетінін ұмытпайық.
Айша САНДЫБАЕВА,
Абылайхан атындағы ҚазХҚӘТУ-дің студенті





