Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БІРЛЕСТІК ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

3 қазан 2022
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Әр өскелең азамат туған жерінің бір түп жусанынан бастап, шөкім топырағы, түйір тасына дейін қадірлеп-қастерлей білсе, онда кешегі бабалардың Отан үшін төккен тері мен қанының өтелгені деп білеміз. Мәңгілікке бет алған тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы да осы оймен өзектес.


«Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісімшарты әскерінің тобы ардагерлері» қоғамдық бірлестігі Жетісу облыстық филиалының басшысы Тілек Байқадамов осылай деп жиынды салтанатты түрде ашты. «Рухани жаңғыру» орталығында өткен отырыста ол ұрпақ тәрбиесімен қатар бірлестіктің алдағы уақыттағы атқарар міндеті мен жұмыс жоспарын айшықтап өтті.

– Отан соғысында кеудесін оққа тосқан ардагерлеріміз азайды. Ғибратты әңгімелерін айтып, жастардың бойына елжандылық қасиетті қалыптастыру міндеті енді сіздер мен біздерге артылды. Осы ретте біз қоғамдағы орнымызды айқындап,  Германиядағы Кеңес әскерінің құрамында болған және Варшава келісімшартындағы әскер қатарында қызмет еткен кезеңнен тағылымды ой қозғап, тарихта із қалдыруымыз керек. Әрбіріміз облыстағы мектептерге барып, кездесу өткізіп, жастардың  намысын жануымыз қажет, – деген Тілек Қайсарұлы шара қонақтарына сөз кезегін ұсынды.

Өз кезегінде сөз алған облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Болат Керімбек бүгінде жастарымыз әскерге баруды абырой санамайтынын атап өтті. Кешегі күні Отан алдындағы азаматтық борышты өтеу қастерлі борыш саналғанын, ал бүгінгілер; «Уақытты босқа шығындамай, оданда жұмыс істеген абзал», – деп ойлайтынын жеткізді. Мұның алдын алу үшін аталған бірлестіктің 100-ден астам мүшесі белсенді жұмыс істеп, мектеп қабырғасындағы әрбір жас жеткіншекке әскерге барудың адам өміріне тигізер оң әсері бар екенін, оның пайдасы мен ғұмырлық сабағының терең екенін түсіндіру керектігін атап өтті.
Айталық, «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісімшарты әскерінің тобы ардагерлері» қоғамдық бірлестігі ел көлемінде биыл құрылды. Бүгінде 10-ға тарта облыста аталмыш бірлестік филиалдары ашылып, өз жұмыстарын бастап кетті. Жетісу облысы бойынша ашылған филиалдың мүшелері «Рухани жаңғыру» орталығында осылайша алғашқы отырысын өткерді. Шара соңында филиал директоры  Т. Байқадамов  бірлестік өкілдеріне мүшелік билет табыстады. 

АРДА БИ 
Жетісу облысы
 

Қатысты жаңалықтар

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

22 қараша 2026
Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

22 қараша 2026
Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

22 қараша 2026
Арқар фототұзаққа түсті

Арқар фототұзаққа түсті

22 қараша 2026
Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

22 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.