Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА «ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ» САХНАЛАНДЫ. ТЕАТР. МАУСЫМАШАР

3 қазан 2022
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАНДА "ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ" САХНАЛАНДЫ. ТЕАТР. МАУСЫМАШАР
WhatsAppTelegramFacebook

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының  47-ші маусымы ашылды. Жетісу облысының әкімі арнайы қатысқан маусымашарда Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» трагедиясы сахналанды.

Маусымашар қойылымға арнайы келген облыс әкімі Бейбіт Исабаев әуелі театр музейіндегі жәдігерлермен танысты. Жарты ғасырға жуық тарих түзген өнер ошағында осында қызмет еткен танымал тұлғалардың портреті, сахнада ойнаған рөлдері бедерленген суреттер, сахналық киімдер, театрдың жетістігін паш ететін басқа да арнайы бұйымдар қойылған.

Заманның заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің қаламынан туған «Қорғансыздың күні» трагедиясы қай уақытта болсын өзектілігін жоғалтпақ емес. Өйткені, сенім мен нанымнан аттаған, жақын тұтқан адамынан опық жеп жүрген кейіпкерлер қазіргі өмірде де жетерлік. Кешегі тайғақ кешкен заманда әкесі Жақыптың сүзектен кетіп, артынан ай өтпей бауырынан айырылған, кәрілік меңдеген әжесі мен зағип анасына қарайлаған Ғазизаның тағдыры жүрек басына у құйып, көрерменді терең ойға қалдырады. Жазықсыз қызғалдақтың жәбір тартқаны ашкөздік пен тойымсыздықтың, нәпсінің кесірінен екенін ұғындырады. Бүгінде де мұндай азғындар жетіп-артылады. Бүлдіршіндерге көз қадайтын арам ниеттілер заң алдында өз жазасын тартса да, адам шошырлық қылмыс әлі тоқтаған жоқ. Кешегі мен бүгінгінің арасына осылайша ой жетелеткен Әуезовтің шерлі шығармасы Талдықорған төрінде сәтті сахналанды. Маусымашар қойылымда актерлік шеберліктерімен тәнті еткен театр майталмандары жұрт қошеметіне бөленді. Өнер иелері облыс әкімінің ықылас гүлін алды.

Облыс басшысы спектакльден соң мәдениет ошағының шығармашылық ұжымымен тілдесті.

– Облыс орталығында осындай академиялық аурасы бар, классикалық үлгіде салынған керемет ғимараттың болуы қуантады. Халыққа рухани қызмет жасайтын І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы да бар. Енді осыған ішкі мазмұнымыз да сай болуы керек. Бүгін Мұхтар Әуезовтің классикалық туындысын әсерлі қойдыңыздар. Музыкамен көркемдеудің, техникалық мүмкіндіктердің шебер қолданылғаны байқалып тұр. Классикалық шығарма қай дәуірде де жаңғырып тұратын өлмейтін туынды. Дегенмен, қазіргі заманның тынысын тап басатын, адамның ішкі қалтарыстарындағы өзгерістерді, жаңғыруларды ашатындай дүниелерді де жарыққа шығару керек. Сіздер ізденіспен жаңа сценарийлер жазып, ұсынсаңыздар, мен әрдайым қолдаймын, – деді Бейбіт Өксікбайұлы.

Кездесу барысында Қазақстанның Халық әртісі Алмахан Кенжебекова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлихан Ыдырышева бастаған театр әртістері хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнерді өркендету бағытында пікір бөлісті.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Оқушылардың қысқы каникул уақыты өзгерді

Оқушылардың қысқы каникул уақыты өзгерді

Бүгін, 09:25
Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

22 қараша 2026
Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

22 қараша 2026
Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

22 қараша 2026
Арқар фототұзаққа түсті

Арқар фототұзаққа түсті

22 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.