Талдықорған: +36°C
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІС: МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІН АУЫСТЫРДЫ

26.09.2022
КҮНДЕРЕК
КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІС: МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІН АУЫСТЫРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Алматы облысының әкімі Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ жұмыс сапарымен Райымбек ауданында болды. Онда ол аудан әкімдігінің мәжіліс залында актив жиналысына қатысты.

Облыс әкімі жиынға қатысушыларға «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Президент Әкімшілігінің және осының алдында ғана өткен Райымбек аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясындағы депутаттар келісімімен Берік Фатықұлы Дүйсенбаевтың Райымбек ауданының әкімі болып тағайындалғанын жеткізді. Бұдан кейін Берік Фатықұлының өмір жолымен таныстырды.

Райымбектей батыр бабамыздың атындағы ауданға әкім болып тағайындалған азамат осы өңірдің бір перзенті. Жиырма жылдан астам еңбек өтілі бар. Ауданның тыныс-тіршілігін жақсы біледі. Мемлекеттік спорт және туризм академиясын, Қарағанды мемлекеттік университетін бітіргелі мұғалім, мектеп директоры, ауыл әкімі, Қонаев қаласы әкімі аппаратының басшысы болды. Соңғы уақытта Қонаев қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Облыс әкімі М.Сұлтанғазиев Райымбек ауданына жаңадан тағайындалып отырған Берік Дүйсенбаев туған ауданының экономикасын одан әрі дамытуға перзенттік үлесін қосатынына сенім білдірді. Бұдан кейін облыстың және ауданның әлеуметтік және экономикалық жағдайына тоқталды.

Облыста жаңадан 21 мектептің құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек, 21 мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Оның ішінде Райымбек ауданындағы Көмірші, Көкбел, Сарыбастау, Тұзкөл ауылдарындағы орта мектептер бар. Бұл мақсатқа 1,4 миллиард теңге қаражат бөлінген. Республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге қаражат бөлініп, Нарынқол ауылынан 250 орынды емхана құрылысы жүргізіліп жатыр. Емхана келесі жылы игілікке айналады. Көмірші ауылынан 131 миллион теңгеге дәрігерлік пункт салу жоспарланып отыр. Ақбейіт және Қостөбе ауылдарына блокты-модульді медициналық кешендер орнатылуда.

Назар аударатын мәселелер бар. Өңірде ең алдымен жолдарды жөндеу, тұрғындарды таза ауызсумен,  тұрғын үймен қамтамасыз ету, сапалы білім беру мен медициналық қызмет көрсетуді одан әрі жақсартқан жөн. Нарынқол өңірі – ел ішінде «Картоп  өлкесі» деп аталады. Картоптың басым бөлігі осында өсіріледі. Өткен жылы алдыңғы орынға ие болды. Әр гектардан 215 центнерден өнім алынды. Жалпы түсім 130 мың тоннаны немесе облыс бойынша өндірілген өнім көлемінің 25 пайызын құрады. Алайда ауданда картоп өңдейтін кәсіпорындар жоқ. Сыйымдылығы 5,5 мың тоннаны құрайтын 3 сақтау қоймасы бар.

Бұл алынған өнімің 4 пайызын ғана қамтиды. Қазіргі таңда ұн шығаратын «Аманат» корпорациясы, жүн өңдейтін «Текес түбіт» кәсіпорны жұмысын толығымен тоқтатып тұр. Өңірде 34,5 мың бастан артық сиыр бар. Жылына орташа есеппен 29 мың тонна сүт сауылады. Бірақ бірде-бір тауарлы- сүт фермасы жоқ. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру бойынша аудан облыс бойынша соңғы оныншы орында тұр. Облыс бойынша 97 мың субъекті жұмыс істесе, оның ішінде Райымбек ауданында 2,9 мың немесе облыстың 3 пайызын ғана құрайды.

Облыс әкімі жиында халықты қолжетімді тұрғын үймен, сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселелерін және Кеген мен Нарынқол арасындағы автомобиль жолының жайын алғашқы кезекте шешуді тапсырды. Ауданның жаңадан тағайындалған әкіміне және жергілікті атқарушы орган басшыларына  инвестор  тартуды жандандыруды, ауызсумен қамтамасыз етуді жақсартуды, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін және уақытылы пайдалануға берілуін қадағалауды, пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді қайтарып алу бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Жаңадан тағайындалған аудан әкімінің жалғыз екенін, ауыл әкімдері, мекеме басшылары болып бірлесе береке-бірлікпен  жұмыс істеудің  аса маңызды екенін еске салып өтті.

Актив жиналысында Райымбек ауданының әкімі болып тағайындалған Берік Дүйсенбаев облыс әкімінің өзіне көрсеткен сенімі және Райымбек ауданы мәслихат депутаттарының шынайы қолдауы  үшін жүрекжарды алғысын айтты. Туған ауданының одан әрі өркендеуі үшін қолынан келгенінше жұмыс істейтінін жеткізді.

Жиында өңірдің бұрынғы басшысы Нұржан Құдайбергенов те сөз алып, үш жыл өзімен бірлесе жұмыс істеген азаматтарға және өзіне үлкен сенім артып, жауапты қызметке тағайындаған облыс әкіміне алғысын білдірді. Басқосуда Райымбек аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бекболат Бірбаев, «Қамқор-2» кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ұлықпан Әбек сөз алып, ел мен жұрттың тілегін ескеріп, өңір перзентін аудан әкімі етіп тағайындаған облыс басшысына  алғыс айтты.

Айта кетейік, Берік Фатихұлы Дүйсенбаев 1981 жылы туған, білімі – жоғары. 2001 жылы Мемлекеттік спорт және туризм академиясын, 2020 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі — 21 жыл.

Еңбек жолын 2001 жылы Алматы қаласы Әуезов ауданының №26 орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 2011-2013 жылдары Қонаев қаласының Шеңгелді ауылындағы орта мектептің директоры болып жұмыс істеді. 2013-2020 жылдары Заречный ауылдық округінің әкімі, 2020-2021 жылдары Қонаев қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қонаев қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Қанат БІРЖАНСАЛ

Райымбек ауданы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

ЖИ мен МИ

Жаңа талап, жаңа жауапкершілік

14.07.2026
Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

14.07.2026
ҰБТ жүйесі өзгеруі мүмкін: Аида Балаева жаңа форматты ұсынды

Білім берудің стратегиялық тірегі

14.07.2026
«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

14.07.2026
Басты байлық – денсаулық

Ұлт саулығы – ел байлығы

14.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.