Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісі Алматы облысы аумағында жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 143 шақырым жерде, Кеген ауданының аумағында (Жалаңаш ауылынан 5 км қашықтықта) орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9.2. MPV магнитудасы — 4.4. Эпицентрдің координаттары — 43.07° с.е. 78.66° ш.б. Тереңдігі — 10 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ.
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керектігі туралы түсіндіріп өтті. Олар мыналар:
— ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);
— жоғарғы қабатта қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;
— ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз;
— ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;
— үйге кірмеңіз, дүмпу қайталануы мүмкін;
— жеделсатыны пайдаланбаңыз;
— сіріңке, шам жағуға болмайды;
— электр сымдарына қол тигізбеңіз;
— зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»





