Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің студенттерімен «Дәуірдің жарық жұлдызы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында танымдық сабақ өтті.
Шараның мақсаты – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының еңбегін болашақ жастарға насихаттау, шығармаларын сүйсініп оқуға шақыру. Сабақта А. Байтұрсынұлының өмір жолы, педагогикаға, публицистикаға, ағартушылыққа, аударма саласына қосқан зор үлесі туралы айтылды.
А. Байтұрсынұлының тағдыры қиын, бірақ кісі қызығарлықтай. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамзатқа өнеге боларлықтай. Әдeбиeтiмiзді де, мәдeниeтімiздi де дaмытудa барын салған Axмeт Бaйтұpcынұлы ұлттың ұстазы бoлды. Халқының болашағын болжап, көзін ашып, көкірегін оятуға күш салған заманның заңғар тұлғасы – қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсаған ағартушы, ең алғашқы «Әліппе» оқулығының авторы, қазақтың әлеуметтік өмірінің барлық саласына назар аударған ірі публицист, қоғам қайраткері.
Болашақ – жастардың қолында. Жастарымыздың тілге, елге деген құрметі биік болсын.
Толғанай НҰРАХАН,
«Тіл» оқу-әдістемелік орталығы
Балқаш аудандық филиалы
меңгерушісінің м.у.а
Алматы облысы





