Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Сарыжазық жайлауында

22.07.2022
КҮЛТӨБЕ
Сарыжазық жайлауында
WhatsAppTelegramFacebook

Жайлаудың жайын білмекке Суықтөбе тауын бетке алдық. Жол талғамайтын жеке көлігін тізгіндеген – аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Дүйсеналы Еңкелешевтің өзі. Саланы бес саусағындай білетінін төрт түлік төңірегіндегі тиянақты жауабынан аңғардық. Жолай кездескен жер-су аттарынан да сыр тарқатады.Сөйтсек, осы ауданда мал дәрігері болып жұмыс істеп келе жатқанына 50 жылдан асыпты.

Биыл жайылымның шөбі шүйгін, төрт түліктің біразы жылдағыдай жайлауға шығарылған. Көктемде ұсақ малдан 428 мыңнан аса қозы-лақ алыныпты. Алты айдың қорытындысы бойынша қой-ешкінің саны ауданда бүгінде 1 миллион 127 мыңнан асыпты. Соның 610 мыңы қазір жайлауда. Ал 140 мыңнан астам ірі қараның 68500-і, 50 мың бастың үстіндегі жылқының 28 мыңы жайлауда бағылуда. Ауданда 1736 бас түйе бар. Бұл аудан қой-ешкі, ірі қара және жылқы санынан облыста алдыңғы орында. 

Сұраншы батыр ауылының сыртында жүз қаралы қой жайылып жүр. Тау жақын болғандықтан кейбір тұрғындар малын жайлауға шығармай, осылай ауыл сыртында бағады. Елдімекен шетінде застава орналасқан. Одан әрі асфальтсіз қара жолмен жүріп, ескі бақтың тұсынан өттік. 
Қастек сайының аузында шлагбаум қойылған бақылау қосынында бізді әскерилер аялдатты. Жеке куәлігімізді қарап, қайда, не үшін баратынымызды сұрады. Таудың басы Қырғызстанмен шекара болғандықтан тәртіп солай. Қайтып келе жатқанда да сондай тексеріс. Аңғар ішімен ащы ішектей шұбатылған бұл жолмен Қастек асуы арқылы көрші елге баруға болады. Ежелгі Жібек жолының бір тармағы осы. Анау жылдары Алматы мен Ыстықкөлдің арасына жол салу мәселесі қозғалғанда ұсынылған нұсқаның бірі дәл осы бағыт болатын. «Өткен ғасырда шекара жоқ кезеңде таудағы Сарыжазық жайлауында екі елдің ауылы аралас, қойы қоралас жататын, Сұраншы батыр ауылынан қырғыздың Кіші кебін ауылына дейінгі екі ара 19 шақырым ғана», – дейді  Дүйсеналы Бұрышбайұлы. Бүгінде шекара шегенделіп бекітулі.
Қастек өзенін бойлай тау-тастың арасымен өрлеп келеміз. Тау қойнауына енген сайын табиғат сұлулығы тамсандырады. Өзенге жақын үй тігіп жатқандарды жолықтырдық. Талап селолық округінен «Берербақ» шаруа қожалығының иесі Заманбек Күртібайұлының мал-жанымен көшіп келіп жатқан беті екен. Жеке қожалығында төрт адам жұмыс  істейді, бәрі де  өзінің бала-шағасы. Шаруаны ұлдары Мұратбек пен Сейілбек шырқ үйіретін көрінеді. Өзі басшылық жасап, жөн-жосығын көрсетеді. 2008 жылы құрылған қожалықта 150-ден астам ірі қара бағылады. Жайлаудың шөбі қалың, өздерінің көңілі жайлы екенін айтты шаруа иесі.
Қырғызсайдың теріскейін Қастек ауылының тұрғыны Нұрлыбек Егіншиевтің «Егінші Нұр» шаруа қожалығының малы жайлап отырғанын білдік. Кәсіпкердің 4 мыңға жуық қойы бар, биыл 2,5 мың саулықтан қозы алыпты. Қойлары биязы жүнді. Малын қыстан шығаратын орны – осыдан жүздеген шақырымдағы Ащысудың Аңырақай жазығындағы Кемпірөлген қыстауы. Ал сайдың күнгей бетіне сол ауылдан Ержан Исқақовтың «Еркебұлан» шаруа қожалығы қоныстанған. Оның иелігінде  250-дей ірі қара бар, жаңадан шағын үй салып, жанына үлкен күн батареяларын орнатыпты. Мұндай көлемді күн панелін сатып алған қожалыққа мемлекеттен демеуқаржы төленетінін айтты маман. Сол маңға тағы бір шаруашылық орналасыпты. Үй және қашар бой көтеріп, жүк контейнері қойылып, онда да кішігірім күн батареясы тұр. Әріректе Шынасыл сайының жайылымы 3 мың қойы бар «Руслан» шаруа қожалығына тиесілі.
Сарыжазық  жайлауының  бұдан  жоғары бөлігі – Ұзын-ағаш селолық округінің жері. Ана  жылдары осында малшылар слеті думандатып өтетін. Нарбота, Сыпатай сайларының тұсынан өтіп, Жолдысайға бұрылдық. Қастек ауылынан осыған дейін шамамен 25 шақырым. Мұнда Серік Нұрымбаевтың «Мұрынбай» шаруа қожалығының 4 отар қойы жайлаған. Соның бір отарын бағатын Бекберген Әбиев отырған киіз үйге тоқтадық. Көліктен түскен бетте таудың салқын саф ауасы тынысты кеңейтіп сала берді. Төменде 40 градус ыстық болса да, мұнда жеңіл киіммен жаурайсыз.
Бекберген Жанысбекұлы мен зайыбы Мәдина Мәшенқызы қонақжайлылық танытып, үйіне танымайтын адам келсе де қуана дәм ұсынатын қойшылар дәстүрін еске түсірді. Екеуі осы  қожалықта 7 жылдан бері еңбек етіп жүр екен. Оған дейін осында тұңғыш балалары Рауан 7 жыл қой бағыпты, қазір ол Қызылорда облысының Арал ауданында, басқа жұмыста.Шопанның жасы биыл 60-та. Бағымында 1500 қой бар.  Айлық жалақысы – 150 мың теңге, оған қоса жаздың аяғында қозы бөлгенде қожалық иесі сыйақы беретінін айтты. Оның мөлшері өсірген қозының саны мен сапасына байланысты.
Қожалық қазақтың асыл тұқымды биязы жүнді қойын өсіреді. Етті және жүнді бағыттағы Еділбай қойының ерекшелігі – ауа райына бейімделгіш, суыққа төзімді. Қозылары тез жетіледі, төрт айлық қозысының өзі 45 келіге дейін салмақ тартады, нарықта өтімді.
Мұнда ұлтымыздың мал бағу дәстүрі сақталған. Үш ай жайлауда отырғаннан кейін қой қыркүйекте күзеуге түсіріледі де, күйек біткеннен кейін қарашаның аяғында қыстауға апарылады. Сонда қыстатып, төлдетіп, көктемде көктеуге жайып, жаз шыға қайтадан тауға көшеді. Шопан Үлгілі ауылы жақтағы Үшқұдық қыстауынан қойды осында үш күн айдапты. Көктемгі төл алу кезінде қойшының қолында ауыл шаруашылығы институтының үш студенті сақманда болыпты. Сол кезде аудан шаруашылықтарына аталған институттың   50 студенті  сақманға  келген. Оларға еңбекақыға 60 мың теңгеден төлеу келісілген болса, бұл қожалық 100 мың теңгеден беріпті.
Биыл жайлау құлпырып тұр. Әр үйде дерлік кішігірім болса да күн батареясы бар.  Жағдайы келгендер тауда кірпіштен там, қашар сияқты күрделі құрылыстар жүргізгенін байқадық. Сарыжазықтың бір ерекшелігі, күнгей беті қыстауға да қолайлы.  Жол да сайдың күнгей  жағында, қар күн көзімен еріп кетеді. Кейбіреулер мұнда ұзақ қоныстап,  мал қыстататын көрінеді.

 

Серік САТЫБАЛДИЕВ,
Жамбыл ауданы
Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Рәкеңнен сүюді үйрендім…

Рәкеңнен сүюді үйрендім…

26.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Жаңа серпін

26.07.2026
Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

Елдік мүдде

26.07.2026
Бес ұядан басталған береке

Бес ұядан басталған береке

26.07.2026
Ұлт саулығын сақтаған

Ұлт саулығын сақтаған

26.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.