Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАТАРЫНАН ОЗЫП ТУҒАН

21.07.2022
КҮЛТӨБЕ
ҚАТАРЫНАН ОЗЫП ТУҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

Келешегі кемел болатын мемлекетімізді нығайтатын жастар екені кәміл. Ал, жастар білімді, еңбекқор, мақсат қойғыш болса, онда алынбайтын қамал жоқ. Жер жаннаты Жетісу өңірінде Мағжан атамыз «Мен жастарға сенемiн!» деп сенім артқан дарындылар жетіп-артылады. Солардың бірі – еңбек пен білімді егіз деп санайтын Әнуар РЫСБЕК.

Болашағынан үлкен үміт күттіретін кейіпкеріміз балдырған шағынан айтқан затты қағып алатын зеректігімен, ізденімпаздығымен ерекшеленген. Ата- анасының айтуынша, Әнуар бала күннен түрлі салаларға қызығып, жан-жақты болыпты. Төрт жасынан бастап әріп танып, ертегі кітаптарды оқи бастапты. Сонымен қатар, жүздікке дейінгі сандарды азайтып, қосып, есепті шемішкеше шағыпты. Баланың таудай талабын байқаған ата-анасы  Әнуарды оқуға бір жыл ерте жібереді. Қатарынан озып туған  талант ерте барса да сабақты өте жақсы оқиды. 1-сыныпта көбейту кестесін жатқа айтады. 6-сыныпқа дейін ауылдық мектепте білім алады. 
Дана халқымыз «Өсем деген баланың бетін қақпа, белін бу» дейді емес пе?! Оқуға деген ынтасын, талабын байқаған ата- анасы Әнуарды Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебіне емтихан тапсыруға алып барады. Дарынды талапкер емтиханнан сүрінбей өтіп, мектепке қабылданады. Сол күннен бастап ол білімге деген талпынысымен, еңбекқорлығымен көзге түседі. Небәрі 1-2 жылдың ішінде қазақша, ағылшынша, орысша жазу жазып, кез келген кітапты зуылдатып оқып, тілді меңгеріп алады. Оқуда озат болады,барлық пәнді аса ыждағаттылықпен оқиды.
Әнуар бала күнінде ұшқыш болғысы келіпті. Содан осы сала бойынша сан алуан жарыстарға қатысып, ғылыми жобалардан облыстық,  республикалық байқаулардың жеңімпазы атанады. «Дарын» ғылыми жобасында  аэродинамикалық қасиеттері жақсартылған экологиялық таза ұшақ ойлап табады. Ол өздері ойлап тапқан «saf» деген жанар-жағармаймен, яғни керосин емес, өсімдіктен алынатын май арқылы ұшады. Білім ордасында жүріп арнайы клуб ашады. Онда ұшқыш болғысы келетін балаларға саланың қиындығы мен қызығын айтып, ел білмейтін қырларымен таныстырады.
Сонымен қатар, ғылыми жоба жарысында су тапшы мемлекеттерге суды фильтрлеудің жобасын жасап, суды сүзу үшін «Aqua» фильтрін ойлап табады. Бұл еңбегі де еш кетпей, жеңімпаз болады. «Гендерлік теңсіздік» тақырыбында ғылыми жоба жасап та  бас жүлдені қанжығалайды.
Әнуар сондай-ақ домбыраның құлағында ойнайды. Пән олимпиадаларынан бөлек, ән-күйден өткен жарыстарда талай жеңіске жетеді. 
Жаңашылдыққа жаны құмар зияткер мектепті үздік тәмамдайды.  Бүгінде Венгрия университетінде оқып жатыр.
Бос уақытында есеп шығарып, түрлі кітап оқып, тіл меңгеруді мақсат еткен жастың арманы асқақ. Болашақта еліміздегі ірі компанияларда жұмыс істеу, шет елде қалып қалмай, оқу барысында жинаған тәжірибесін елімізде пайдалану, елімізге тың жаңалықтар әкелу – арманы. Ұлтқа қызмет етуді көксеген жастың талабына нұр жаусын.

Айдар ҚАЛИЕВ

 

Қатысты жаңалықтар

Рәкеңнен сүюді үйрендім…

Рәкеңнен сүюді үйрендім…

26.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Жаңа серпін

26.07.2026
Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

Елдік мүдде

26.07.2026
Бес ұядан басталған береке

Бес ұядан басталған береке

26.07.2026
Ұлт саулығын сақтаған

Ұлт саулығын сақтаған

26.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.