Қонаев қаласында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық байқауы өтті.
Балалар жылы және ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға әскери клубтар мен өңірлерден келген 12 команда қатысып, өзара мықтыны анықтасты.
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық ойыны үш кезең бойынша өрбіді. Жас жауынгерлер әуелі «АК-74» автоматын толық жинау және бөлшектеу эстафетасында шеберлік сайыстырып, одан кейінгі «Күш бірлікте» әскери-спорттық көпсайысында және соңғы кезең арқан тарту кезеңі бойынша бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша облыс орталығының әскери буыны үздік болып шықты. «Қонаев қаласы жас десантшылар патриоттық клубы» командасы тек кубок, Грамота, медальдармен марапатталып қана қоймай, жазғы лагерьлердің біріне сертификат ұтып алды.
Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ,
Алматы облысы





