Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЕТІСТІК ТЕ, КЕМШІЛІК ТЕ ЖЕТЕРЛІК

08.07.2022
КҮЛТӨБЕ
ЖЕТІСТІК ТЕ, КЕМШІЛІК ТЕ ЖЕТЕРЛІК
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ кезекті жұмыс сапарында Көксу ауданындағы білім, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт нысандарының жағдайымен танысты. Өңдеу саласы, өндіріс орындары, ауыл және мал шаруашылығы құрылымдары мен егіс алқаптарын аралап, өңір шаруалары мен кәсіпкерлердің ұсыныс-тілегіне құлақ түрді. Аудан тұрғындарымен кездесіп, түйіні тарқамаған біраз мәселені көкейіне түйіп қайтты.

Уәде  орындалуымен  құнды

Қазақстанның 10 жылдығы ауылындағы шағын орталығы бар 120 орынға арналған мектеп құрылысының бүгінгі жағдайы  облыс басшысының да, БАҚ өкілдерінің де көңілінен шықпады. Өйткені құрылыс жұмысы өткен жылы қазан айында басталып, биылғы тамыз айының басында қолданысқа беріледі деген нысан әлі бітпеген. 
 Осы ауылдағы медпункттің де жағдайы сын көтермейді. Құжатында 1993 жылы салынды деп көрсетілген жер үйдің табалдырығынан төріне дейін тозған. Дәрігерлер де, ауыл тұрғындары да облыс басшысынан жаңа медпункт салып беруін өтінді. Айта кетерлігі, өткен жылы осындай нысан Ескелді ауданында салынып, бүгінде жұмысын нәтижелі жалғастырып келеді. Биыл облыс бойынша дәл осындай 12 нысанның құрылысы жоспарланған.

Ел игілігіне айналмаған миллиардтар

Көксу ауданында ең өзекті мәселе – елді мекендерді газдандыру. Газ бөлетін пункттер салынып, газ жеткізетін желілер ауылдарға дейін  тартылғанымен елді мекен тұрғындары іргесіндегі құбырдағы табиғи газды үйлеріне кіргізе алмай сабылып жүр. Кезінде уәдені үйіп-төгіп, «бәрін жасаймыз» деген мердігер компаниялар жұмысты шала-шарпы жасап, қарасын көрсетпей кеткен. Құжаттары да заң тәртібіне сай реттелмеген. Жаңадан құрылған Жетісу облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен «Жетісу облгаз» ЖШС басшылары «Жыл соңына дейін газ тарту жұмысын аяқтаймыз» деп уәде берді.  

Бірақ жұмысты бір жүйеге келтіру үшін 12 мердігермен есеп айырысуға, іс насырға шапса сотқа шақыруға тура келеді. Облыс әкімі бұл істің тез арада шешілеріне сенімсіздік танытты. 
Батыржан Оңғаров атындағы стадионды аралау барысында бірнеше жыл бұрын салынған жүгіру жолағынан адам ізін таппадық. Демек, ауданда тұрғындарды бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын жұмыс өз деңгейінде қолға алынбаған деген сөз. Аудан атқамінерлерінің Балпық би кентіндегі қайта қалпына келтіру жұмысына 573 млн. теңге қаржы бөлінген екіқабатты көне үйді 60 орынды балабақшаға айналдырмақ болған жобасы да ұятқа қалдырды. Тозығы жетіп, алқам-салқамы шыққан ғимараттың айналасында бала ойнайтын да жер жоқ. 
Ауданда бүгінде 600-ден астам бала балабақша кезегінде тұр екен. 60 орынды нысан оның қай жыртығын бүтіндейді?! Қайта қалпына келтіруге бөлінген қаржымен 100-120 орынды жаңа балабақша ғимаратын тұрғызуға болады. Аймақ басшысы бұл нысанды балабақшадан гөрі, басқа мақсаттағы нысанға айналдыру керегін тапсырды. Дегенмен, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржысы бөлініп қойған нысанды басқа мақсатқа айналдыру да оңай жұмыс емес. Осы жағын ескерткен аймақ басшысы бұдан былай қай өңірде болсын, қандайда бір нысанды салу үшін, тіпті, қайта қалпына келтіру үшін жергілікті жердің жағдайымен санаса отырып,  жұмысқа кірісуді қатаң тапсырды. 

Түнгі сүт

Бәрін жамандаудан аулақпыз, ауданда жақсы жұмысымен үлгі болатындар да бар. «Каримов» тауарлы-сүт фермасының жұмысымен танысу барысында облыс әкімін  шаруашылықтың «Түнгі сүтті» табиғи жолмен алатыны қызықтырды. Кәсіпкер Рахым Каримовтың айтуынша, ол үшін сүт бағытындағы мүйізді ірі қараға жайлы жағдай жасап, арнайы жұмсақ жарықты қоса отырып, түнгі сағат 2 мен 4 аралығында сауу керек. Осындай жолмен сауылған сүт  ұйқысыздық дертіне шалдыққандар үшін ем екен. Басында 400 орынға арналып салынған ферма бүгінде 2 блогын іске қосып, сүтті бағыттағы 1200 сиырды бағып отыр. Өңір басшысы олардың тәжірибесін осы бағытта жұмыс істейтін  шаруашылықтарға тарату керегін тапсырды. 
Ербол Тоқтағұлов басқаратын «Уыз Mай Industry» ЖШС майбұршақты (соя) өңдеумен біраз жылдан бері айналысып келе жатыр. Серіктестіктің бүгінгі қарқыны жақсы. Олар жыл сайын өнімнің сапасын арттырумен қатар, заманауи басқару техникасын жетілдіре отырып жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту ісіне де көмектесіп келеді. Десе де зауытқа мемлекет тарапынан да қажетті қолдау шаралары көрсетілуде, соның ішінде демеуқаржы түріндегі қаржыландыру қарастырылған. Өңір басшысы мұндай қолдаудың алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. 
Қант қызылшасын өсірумен айналысатын «Алим-Таяр» шаруа қожалығының егіс алқабында жұмыс қызып тұр. Әңгіме арасында қант қызылшасын өсіретін шаруа қожалықтары мен оны өңдейтін «Көксу қант зауыты» ЖШС арасында біраз келіспеушіліктің бар екені белгілі болды. Ал Балпық би кентіндегі «Строитель» ЖШС  құрылыстың тағанына төсейтін, керегесін қалайтын сан түрлі кірпіш шығарумен айналысады. Зауыт басшылығының айтуынша, олардың өнімін көбіне басқа өңірдегілер сатып алады екен. Егер облыстағы құрылыс компанияларынан сұраныс көбейсе шығын азайып, кіріс арта түспек. Облыс басшысы жұмыскерлердің бұл өтінішін алдағы уақытта ескеретінін жеткізді.

Емен-жарқын кездесу

Елдімекендерді аралап, ел жағдайымен танысқан облыс әкімі Бейбіт Исабаев аудандық Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар тарапынан Мұсабек ауылы мен Көксу стансысында Мәдениет үйінің жоқтығы, 1600 тұрғыны бар Қабылиса жырау ауылы модульді ауруханаға зәру екені, Еңбекші ауылы тұрғындары жаңа мектеп салынса деп армандайтыны айтылды.
Көптің уәжін ыждағатпен тыңдаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев:  
– Бүгінгі көтерілген мәселенің көбі – аудан, ауыл  деңгейінде шешілетін дүниелер. Бірақ тұрғындардың ұсыныс-тілектері қаралып, оның жауабын беретін боламыз. Халқымызда: «Көрпеңе қарай көсіл» деген нақыл бар. Сіздердің өтініш-тілектеріңізді бюджеттегі қаржымызға қарай рет-ретімен орындауға барымызды саламыз, – деді қорытынды сөзінде. Сондай-ақ, аудан басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.  

Қ. ОМАРАҚЫН
Көксу ауданы
Жетісу облысы

 

 

Қатысты жаңалықтар

Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Жаңа серпін

26.07.2026
Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

Елдік мүдде

26.07.2026
Бес ұядан басталған береке

Бес ұядан басталған береке

26.07.2026
Ұлт саулығын сақтаған

Ұлт саулығын сақтаған

26.07.2026
Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 1

Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 1

26.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.