Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖОҚ АУЫЛ

08.07.2022
КҮЛТӨБЕ
МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖОҚ АУЫЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы, тілеуі мен тірегі – жастар! Білімді, білікті, ақылды, ойлы жастарға артар үміт пен сенім мол. 

«Ауылдағы мектеп бітірген жастардың бәрі бірдей жылы орын іздеп Алматыға немесе қала маңына кетті, көбі жұмыссыз базарда арба сүйреп жүр», – деген пікір шындыққа жанаспайды. 
Бір ғана Кеген ауданында 16 мен 35 жас аралығында 7 мың жас есепте тұрады. Өңірде білім, денсаулық, мәдениет және ауылшаруашылық салаларында, мемлекеттік қызметте, бюджеттік құрылымдарда еңбек ететін жастар көп. Ең бастысы, ауылда тұратын жастарға бір уақыт бас қосатын, спорттық, мәдени шаралармен айналысатын қолайлы жағдай қажет. Соның бірі – ауылдардағы Мәдениет үйі. 

Кеген ауданындағы Шырғанақ ауылдық округі – Қызылжар, Көкпияз, Кіші Қарқара, Талды, Кеңсу секілді шағын әрі бірнеше ауылды біріктіріп отырған іргелі мекенде 3 мыңға тарта халық тұрады. Оның ішінде көптеген талантты жастар еңбек етіп, өмір сүруде. Қазақстанның Халық әртісі Есмұхан Обаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев, дәстүрлі әнші Тілеулес Құрманғалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Ермұрат Үсенов түлеген ауылда Мәдениет үйі жоқ десек, былайғы жұрттың сенбеуі де мүмкін. Алайда, шындық сол. Орталықтағы І. Жұмағұлов атындағы орта мектептің жанынан салынған бұрынғы Мәдениет үйінің сорайып-сорайып діңгектері ғана тұр. 
– Кеңес Одағы кезінде Шырғанақ ауылының орталығында жап-жақсы Мәдениет үйі болды. Тып-тыныш тұрған ғимарат 2004 жылы бұзылып, тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетті. 2019 жылы облыс әкімі Амандық Баталовтың тұсында бір әрекет жасап көрдік. Аяқсыз қалды. Кеген ауданы қалпына келгелі өңірдегі Тасашы, Ұзынбұлақ ауылдарындағы Мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтті. Енді біреуінде өртеніп кеткен, бірінде бұзып әкеткен, Мәдениет үйі жоқ Қарқара мен Бөлексаз ауылдарында жаңадан рухани шаңырақ салынатын болды. Оған қуанамыз. Дегенмен, Шырғанақ ауылының орталығынан Мәдениет үйін салудың жөні де, жолы да бар. Ауданның жоспарында тұр. Бізге алысқа ұзатпай салып берсе, – дейді ауылдағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ермек Құрманғалиев. 
Шырғанақ ауылындағы жағдай осындай. Өте ұйымшыл, береке-бірлігі жарасқан ауыл тұрғындары салт-дәстүрімізге негізделген игі шаралар өткізіп тұруға мүдделі. Соны өткізетін жер таппай қиналып жатады. Ауыл жастарының да кешке, бір уақыт барып, спортпен шұғылданып, мәдени шараларды көріп, мәнді де мағыналы демалып қайтатын жері жоқ. Шырғанақ ауылдық округінің әкімі Ернар Сарыбаевтың бұл жұмыстың жүгін көтеріп келе жатқанына көп бола қойған жоқ. Алайда, жаңадан Мәдениет үйін салудың жоба-жоспарын, қажетті құжаттарын жасатып жүр. Не дейік, Кеген ауданының әкімі Талғат Байедилов бастаған әкімдіктегі азаматтар биыл болмаса да келесі жылы Шырғанақ ауылынан жаңадан мәдениет үйінің салынуына көмек көрсетсе нұр үстіне нұр болмақ. Әйтпесе, жоғарыда аты аталған сахна саңлақтары туған ауылға келген қонақтардан ұят…

Қанат БІРЖАНСАЛ
Кеген ауданы
Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Жаңа серпін

26.07.2026
Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

Елдік мүдде

26.07.2026
Бес ұядан басталған береке

Бес ұядан басталған береке

26.07.2026
Ұлт саулығын сақтаған

Ұлт саулығын сақтаған

26.07.2026
Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 1

Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 1

26.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.