Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ЕЛОРДАНЫҢ ОРНЫ БӨЛЕК

06.07.2022
КҮЛТӨБЕ
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ЕЛОРДАНЫҢ ОРНЫ БӨЛЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Адамзат тарихына көз жүгіртер болсақ, көптеген қалалардың тіршілігіне аса мәртебелі Уақыт қана иелік еткенін көреміз. Ғасырлар легі ағылып, жылдар парағы жабылған сайын айдарынан жел ескен алпауыт мемлекеттер бар қуатынан айырылып, мызғымастай көрінген іргетастардың сетінегенін байқау қиын емес. Жер бетіндегі мыңдаған мемлекеттің орталығы өз тағдырын кешіп, құр қаңқасы – қирандылары ғана қалғанын көріп жүрміз.

Солардың арасында Ұлы Даланы мекен еткен халқымыз рухани, мәдени, саяси орталықсыз болған жоқ. Қазіргі тарихшылардың айтуынша, осы күнге дейін елімізде 9 ресми астана болған. Соларға жеке-жеке тоқталып, ұшқан құстың қанаты талатын, шапқан аттың тұяғы тозатын сайын даланың құпиясын бойына сіңірген шаһарларды таныстыру – бүгінгінің міндеті.

Созақ қаласы

1465-1469 жылдары Қазақ хандығының іргесін қалаған Керей мен Жәнібек хандардың мекені болды. Әбілхайыр ханның қазасынан соң билік үшін талас белең алып, Созақ қаңырап бос қалады. Кейбір тарихшылардың айтуынша, ХVІ ғасырдағы Шығай ханның тұсында Созақ қайтадан ел астанасы болған-мыс. Алайда дәл сол тұста хан ордасы Сығанақта отырған еді. Бүгінгі күні Созақ қаласының орны Түркістан облысында жатыр.

Сығанақ

Бұл қаланың қашан Қазақ хандығының астанасы болғаны туралы нақты мәлімет жоққа тән. Қызылорда – Шымкент автожолының бойында жатқан көне шаһардың аты ХІV ғасырда соғылған алтын-күміс теңгелер мен жазба деректерде көптеп кездеседі. Сығанақ қаласы туралы мәлімет Х ғасырдың деректерінде айтылса, ХІ ғасырда «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты айтулы еңбек жазып қалдырған Махмұд Қашқари қаланы оғыздардың астанасы ретінде атайды. Ұлы Жібек жолын жалғаған керуендер жүрген соқпақтың бойында жатқан көне қаланың қирандысынан қазірде көптеген жәдігер табуға болады.

Түркістан (Яссы)

Түркі тілдес халықтардың рухани орталығы саналатын Түркістан ХVІ ғасырдан бастап ХVІІ ғасырдың орта шеніне дейін Қазақ хандығының астанасы болды. Қазақ хандығының құрамына Сырдария аумағы кіргеннен бастап хандардың ордасы Яссы қаласына орналасып, шаһар ірі сауда және қолөнер орталығына айналды. Сайын даланың сағымынан сыр аулаған халықтың әкімшілік тұрғыдан тірегіне айналған шаһар Орта Азия елдерінде тұратын мұсылмандар үшін рухани орталық саналады.

Ташкент

Басы Қытайдан шығып, аяғы Еуропаның солтүстігіндегі мұхитқа тірелетін Ұлы Жібек жолының бойында жатқан ең көне қаланың бірі – Ташкент туралы мәлімет біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырда айтылған жыр-дастандарда көптеп кездеседі. 1586 жылы Қазақ хандығының ордасына айналған Ташкентті Есім хан ордасына айналдырып, Ферғанаға иелік еткенімен Самарқан мен Бұқараны басып алудан тартынады. Дегенмен, хан ордасы тұрған Ташкентте жыл сайын мәслихат өткізіліп, халықтың қажетіне жарайтын шаралар қабылданады. Кейін алашордашылар өзара келісімге келе алмай, Мұстафа Шоқайдың Шығыс Түркістанды құру туралы идеясы Ташкентте туып, талқыға салынғаны жасырын емес.

Семей

1917-1920 жылдары Алаш автономиясының астанасы болған Семейдің тарихы 1718 жылдан бастау алады. Сібірдегі Көшім ханның билігін жойған орыстар Семейдің іргетасын алғашқы бекініс ретінде салады. Петр І патшаның жарлығымен Ертіс өзенінің бойына салынған қала Ресей патшасының қуғынына түсіп, жер аударылған Федор Достоевский, Александр Пушкин сынды айтулы тұлғаларға да мекен болған. Халқымыздың рухани ұстазы Абай Құнанбайұлының бар саналы ғұмыры өткен қала кейіннен Жалпықазақ құрылтайында Алаш автономиясының астанасы болуы бекер емес.

Орынбор

1743 жылы сәуір айында іргетасы қаланған қала 1920 жылы 26 тамызда қабылданған «Қазақ автономды Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» Декреттің күшімен еліміздің астанасына айналады. Алайда көп ұзамай Қазақстанның астанасы Сырдария өзенінің жағалауында жатқан Ақмешіт қаласына 1925 жылы көшіріліп, аты Қызылорда деп өзгереді. Ал, Орынбор қаласы Ресей Федеративті Республикасының құрамына губерния ретінде кіреді.

Қызылорда

1820 жылы Қоқан ханы Омардың бастамасымен іргетасы қаланған Ақмешітті 1853 жылы 28 шілдеде  А. Перовский бастаған орыс әскері басып алады. 1917 жылы 30 қазанда Кеңес одағының иелігіне өткен шаһардың атауы 1925 жылы «Қызылорда» деп аталып, 1927 жылға дейін мемлекеттің орталығы болды.

Алматы

1929 жылдан 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасының астанасы болған Алматы қаласының тарихы Х ғасырға барып тіреледі. Х-ХІV ғасырлар аралығында Алмату елді мекені болғаны табылған тиын-теңгелермен дәлелденген шаһардың аумағына орыс басқыншылары 1854 жылы Верный бекінісін салып, қала тарихын өздері бастағандай көрсеткісі келеді. Алайда ақиқат одан да тереңде жатқаны археологиялық қазбалар арқылы дәлел тапқан Алматы әлі күнге еліміздің рухани орталығы іспетті.

Ақмола

1997 жылы ел астанасын орталыққа көшіру туралы Жарлық шығарған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы біреуге күлкілі, біреуге шынайы көрінгені рас. Ақырында кең-байтақ еліміздің қақ жүрегінде әлем жұртшылығы назар аударған қала бой көтеріп, әлемдік картадан ойып тұрып орын алғанын баршамыз көрдік. Алдымен Ақмоладан «Астана» болып өзгертілген қала қазір Нұр-Сұлтан деп аталады. Биылғы қаңтар оқиғасынан бастап жаңа дәуірге қадам басқан Жаңа Қазақстан үшін Елорданың орны бөлек, маңызы басым.
Астана күніне құтты болсын айта отырып, еліміз тыныш болсын, мемлекетіміз қарқындап дами берсін деген тілек арнаймыз.

М. Әсетұлы
 

 

Қатысты жаңалықтар

Рәкеңнен сүюді үйрендім…

Рәкеңнен сүюді үйрендім…

26.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Жаңа серпін

26.07.2026
Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

Елдік мүдде

26.07.2026
Бес ұядан басталған береке

Бес ұядан басталған береке

26.07.2026
Ұлт саулығын сақтаған

Ұлт саулығын сақтаған

26.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.