Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АУЫЗ СУҒА ЖАРЫМАЙ ОТЫР

4 шілде 2022
КҮЛТӨБЕ
АУЫЗ СУҒА ЖАРЫМАЙ ОТЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Жаз маусымы басталысымен Белбұлақ ауылының тұрғындары үшін ауызсу басты уайымға айналады. Ауыл тұрғындары мұны айта-айта шаршаған. Аптап ыстықта су таппайтын тұрғындар күнделікті тіршілікке қажет ауыз суды аңдып отырып, бөшкелер мен қолда бар ыдыстарға толтырып алуға тырысады.

– Сусыз қаламыз. Менің осы ауылға көшіп келгеніме 20 жылға жуықтады. Басында колонкадан су алдық. Кейіннен  қалтамыздан қаражат жиып, құбыр тартып, орталық су құбырына қосылдық. Мұнымен де мәселе бітпеді. Таңертең су тоқтап қалады. Ал кір-қоң жуып, шайыну үшін түн ортасында келеміз. Былтырлар айлап сусыз отырған кездеріміз болды. Ауыл халқы жиналдық, шағымдандық, нәтиже жоқ. Ауылдық әкімдік өз тарапынан тиісті міндетті атқарғанымен, су мекемесінің мамандары жұмыс істемейді. Сол себепті, халықтың сенімі кетті. Фирманың атауын өгертуден басқа шаруалары жоқ сияқты…

Қазіргі кезде су қысымы өте төмен. Су құбырын жасаймыз деп, төселген асфальтты қазғандар қайта қалпына келтірмей кетті. «Орталық су құбырына қосылу» ақылы дегенді айтады. Көшелер ойқы-шойқы. Су сүзгісі жұмыс істемейді. Там-тұмдап келген су лай. Көктем мен күзге дейін көрген күніміз осы. Кір, ыдыс жуатын техникалар істен шықты. Өзіміз үшін 3 сүзгі орнаттық, ай сайын ауыстырамыз. Мұның бәрі қалтаға салмақ. Су құбыры мекемесі бау-бақшаға қажет суды уақтылы жіберіп тұрса, мұндай тапшылық болмас еді. Талап бұзған тұрғындарға айыппұл салсын, – дейді ауыл тұрғыны Тамара Грищенко.

Жауапкершіліктен жалтарады

Бірлік, Талдыбұлақ ауылдарының басын біріктіретін Белбұлақ ауылы – округ орталығы. 23 мың адам тұратын ауылдарда ауызсу мен ауылішілік жолдар тұрғындардың бас ауруына айналған. Белбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Абзал Сабалиев:

– Белбұлақ ауылы бойынша бірнеше көшеде су аз. Тіптен болмай да қалады. Халық шағымы орынды. Белбұлақ ауылдық округін сумен қамтамасыз етуге тиісті «Нұра топтық су құбыры» желісінің «Алатау» филиалына қояр сұрағымыз көп. Техникасы санаулы, мамандары аз. Жұмыстары сапасыз. Жөндегендерінің өзі екі-үш күн өтпей қайта істен шығады.

Басында ауызша айттық, қазір жазбаша түрде, тіптен таспаға түсіріп, тапсырыспен ескерттік. Ешқандай қорытынды жоқ.

Ауылдық әкімдікке келгеніме жылға жуықтады. Бір байқағаным, халықты су, жарық, газбен қамту бойынша қызмет көрсететіндер өте жауапсыз. Су тапшылығының туындауының басты себебінің бірі осы, – дейді.

Ұлбосын Исабек
Талғар ауданы
Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

Бүгін, 16:30
Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін, 14:36
Арқар фототұзаққа түсті

Арқар фототұзаққа түсті

Бүгін, 13:30
Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.