Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 1000-ҒА ЖУЫҚ АДАМ ИТ ҚАПТЫ ДЕП ШАҒЫМДАНҒАН

25.06.2022
КҮЛТӨБЕ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 1000-ҒА ЖУЫҚ АДАМ ИТ ҚАПТЫ ДЕП ШАҒЫМДАНҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

Ит – адамның досы, жеті қазынаның бірі. Бірақ, бұл тәмсіл бүгінгі күнге сай келмейтіндей. Соңғы кездері әр өңірде қаңғыған итке таланғандар көбейіп, түрлі жұқпалы аурулар пайда болуда. Бұған кінәлі кім? Көше кезіп жүрген бұралқы иттер мәселесі майшаммен қаралатын жағдайға айналып бара жатқандай. Қаңғыбас иттермен күресті қалай жүргізген жөн. Иттің иесі бар деп жүріп, адамның қауіпсіздігін бейжай қалдырған жоқпыз ба?

Біздің үй Қаратал өзенінің маңында болғандықтан кішкентай күшіктер, бұралқы иттер көп жүреді. Таңертең далаға шықсаң 4-5 күшік қыңсылап келе жататын. Әкем тиіспе дегеніне қарамай, бас салып ойнайтынмын. Бұл қайдан келген күшіктер десем, ит 5 күшік тапса иесі ішінен бір еркегін ғана қалдырып, ұрғашысын көл жағасына тастап кетеді екен. Әкем қараусыз қалған күшіктерді үй-үйге таратып жүретін. Бір күні сабақтан келсем, анам ауруханаға түсіп қалыпты. Сөйтсем, әлгі көше кезген бұралқы иттердің бірі анамды талап тастапты. Итті атып өлтірдік. Ал анам болса ұзақ уақыт ауруханада жатты. Сол кезде түсіндім, ит жақсы өмірден емес, иесінің немқұрайлығынан көше кезеді екен. Көшеден көретін әрбір ит-мысық – бұл біреудің үйіндегі асырандылар. Туа сала қатыгездік көрген олар өз тағдырына мойынсұнбағанда қайтпек.
Бұл оқиғаны бекер жазып отырғаным жоқ. Соңғы кездері облысымызда қаңғыбас иттер қаптап, олардан зардап шеккендер саны артып бара жатқанына алаңдаулы болған соң қолымызға қалам алдық. Жасыратыны жоқ, жылдан-жылға иттің адамға шабуылы көбеймесе, азаяр емес. Жеңіл-желпі жарақатпен шектелсе ғой. Кейбірі мүгедек арбасына таңылса, енді бірі көз жұмып жатады. Ең сорақысы – иттің кесірі балаға тигені. 
Таяуда ғана Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында жеті жасар қызды көршісінің екі бірдей иті талап тастады. Ит иесі зардап шеккен баланың еміне деп 30 мың теңге берген. Алайда ата-анасы қабаған иттің иесінің немқұрайдылығы үшін жазаны күшейтуді және пластикалық операцияға ақша беруін талап етті. Мұның алдында Жамбыл ауданына қарасты Ақсеңгір ауылында бос жүрген ит 9 жастағы Шәріпжан Халифаны талап тастады. Бұл жалғыз мысал емес. Тізбелей берсе, қаңғыбас иттен таланғандар жетіп артылады. Айтылмай, жазылмай жатқаны қаншама?!
Қараусыз ит – құтырма, лептоспироз, токсоплазмоз, дифиллоботриоз деп басталатын ұзын-сонар тізімдегі түрлі аурудың қоздырушысы. Қауып алса, арты құтырма ауруына әкеліп соғуы бек мүмкін. 
Бүгінде қаңғыған иттен келер қауіп аз болмай тұр. Облыс бойынша 1000-ға жуық адам ит қапты деп медициналық мекемелерге шағымданған. Сондай-ақ,  облыс бойынша 1000-ға жуық ит пен мысықтың тырнап тістеу фактілері тіркелген. Осы бойынша құқық қорғау саласы 400-ге жуық ескерту, 100-ге жуық айыппұл салған. Көше жағалаған, қоқыс жәшігін паналаған қаңғыбас иттерге байланысты қала тұрғындарынан түсетін шағым жетерлік. Әсіресе, қалалық өңірден шағым көп түседі дейді мамандар. Өкінішке қарай, ветеринария басқармасының қызметкерлері жаңа заңға сәйкес, иттерді атуға болмайтыны қол байлау болып тұрғанын жеткізді. 
– Жылдың басынан 14 мыңнан аса ит пен мысық ауланып, оның ішінде 2000-ға жуық ит, 100-ге жуық мысық иелері мен асырап алуға ниет білдірушілерге және зооқорғаушыларға берілді. Алайда, қазіргі «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» жаңа Заңға сәйкес аулау жұмыстары баяулайды. Өйткені, бұл заңда көрсетілген питомниктер, вакцинация, стерилизация, кастрация, чиптеу және т.б жұмыс жасау әрекеттері көрсетілген. Бұл Заңды іске асыру бойынша қаражат қарастырылмаған, – дейді Алматы облысы ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы Дінмұхамед Мырзабаев.
Айта кетейік, былтыр жыл соңында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңға қол қойылды. Заңды әзірлеген – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі. Міне, осы заңға сәйкес қазір көшеде қаңғып, қоқыс жәшігін торуылдаған итті атуға болмайды. Атсаңыз да, аттырсаңыз да, заң алдында жауап беріп, айыппұл арқалайсыз. Бұрынғыдай көше-көшені аралап итті ата салу енді жоқ.  
Бұл заңды бірі «жануарларға жанашырлықпен қарағаны дұрыс» деп қолдаса, енді бірі «қаңғыған ит адамға шабуылдайды, оларды ату керек» деп санайды. Әрине, жануарларды қорғағанымыз дұрыс. Бірақ, аш жүрген бұралқы иттің адам таламайтынына кім кепіл?!

ТҮЙІН: Жеті қазынаның біріне кіргізген ит бүгінде адамға дос болмай тұр. Бұралқы иттер қаншама шабуыл жасап, қанша адам зардап шекті? Сондықтан қаңғыбас иттермен күресті мықтап қолға алған дұрыс. Себебі, оның артында адам өмірі тұр. Иттің иесі бар, ал адамның…

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Бес ұядан басталған береке

Бес ұядан басталған береке

26.07.2026
Ұлт саулығын сақтаған

Ұлт саулығын сақтаған

26.07.2026
Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 1

Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 1

26.07.2026
Асығың алшысынан түссін…

Асығың алшысынан түссін…

25.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Болашаққа бағдар

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.