Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖЕР МӘСЕЛЕСІ УШЫҒЫП ТҰР

08.06.2022
КҮЛТӨБЕ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖЕР МӘСЕЛЕСІ УШЫҒЫП ТҰР
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында жерге қатысты мәселе ушығып тұрғаны мәлім. Несібесін ауылшаруашылығынан айырып отырғандар облыс әкімінің аудандардағы жұртшылықпен кездесуілерінде жайылым мен шабындықтан тапшылық көріп отырғандарын, суармалы жерлердің дұрыс пайдаланылмайтынын  айтып  арызданғанын көріп те, естіп те жүрміз.

Осыған орай өңірге арнайы келген ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов, осы комитеттің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Айдос Абдрахманов, қоғам қайраткері, жер құқығы саласындағы сарапшы Бақытжан Базарбек, сондай-ақ, аталған салаға жауапты лауазымды тұлғалар  мен шаруа қожалықтарының жетекшілері және бизнес өкілдерінің қатысуымен өзекті мәселені талқылаған алқалы жиын өтті. Оған  облыс әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев төрағалық етті. 
Облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Асқар Жолдоғұтов пен облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Қартбаевтың баяндамаларында айтылғандай, облыстың жер қоры – 22 млн. 357 мың гектар. Оның 1 млн. 040 мың гектары – егістік, 478 мың гектары суармалы, 30 мың гектары көпжылдық екпе, 145 мың гектары – тыңайған жер, қалғаны – шабындық және жайылымдық алқаптар. 
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер – 8,6 млн. гектар, оның ішінде егістік, суармалы, көпжылдық екпе және тыңайған, шабындық, жайылымдық жерлер бар.     
Жиында жерге қатысты өзекті мәселелер қаралды. Облыстық жер ресурстарын басқару департаментімен жыл басынан бері 1497 хат пен өтініш қаралған. Жерге байланысты құқықтық қатынастар бойынша өтініштер мен шағымдардың басым бөлігі Талғар, Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандарынан және Талдықорған мен Қонаев қалаларынан түскен. Яғни, аталған өңірлер тұрғындары жергілікті атқарушы органдардан жауап ала алмай, облыстық әкімдікке, прокуратураға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, облыстық деңгейдегі басқармалар мен департаменттерге жүгінуге мәжбүр болған. Сол аудандардағы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі тұрғындардың проблемаларын заңға сай қарастырмаған. 
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру бойынша конкурстарды ұйымдастыру мен өткізуде кейбір өңірлерде конкурс жеңімпаздары көбіне аудан әкімі орынбасарларының, жер комиссиясы төрағасының немесе мүшелерінің жақын туыстары болып шыққан.

Жергілікті атқарушы органдар Ақсу, Кербұлақ, Көксу, Панфилов аудандарында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін конкурстардан тыс жер телімдерін беру тәжірибесін енгізген. Бірақ жер пайдаланушылар комиссияға қарабайыр жобалар ұсынған. Кербұлақ ауданы бойынша 2018–2020 жылдар аралығында 23 инвестициялық жоба Өңірлік үйлестіру кеңесімен, жергілікті атқарушы органдармен мақұлданған. Алайда, 16 636 гектарға қатысты жобалар әлі іске аспаған. 
Облыс әкімінің орынбасары жер мәселесіне қатысты жұмыстар  атқарылып жатқанымен, проблемалардың әлі жетіп-артылатынын атап өтті. Сарапшы Бақытжан Базарбек облыста жер құқықтық саласында сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі өте жоғары дәрежеде екенін ескертіп, одан арылу үшін не істеу қажеттігін түсіндіріп, қордаланған мәселелердің түйінін тарқату жолдарын нұсқады.   
Облыстың әр өңірінен келген шаруашылық жетекшілерінің ойлары мен пікірлері тыңдалып, талап-тілектеріне назар аударылды. 
«Шопан ата» Қазақстан қой өсірушілер Ұлттық қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев, «Хильниченко и К» командиттік серіктестігінің басшысы Александар Хильниченко, «Самай» шаруа қожалығының басшысы Еркінбек Іслямов сынды ауыл шаруашылығының білгірлері ұсыныстарын ортаға салды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА,
Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

25.07.2026
Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

25.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Құқықтық жүйені жетілдірген

25.07.2026
Сайлау алдында жалған аккаунт пен сайттар бұғатталады

Жаңғырудың негізі

25.07.2026
Оралханды оқыдыңыз ба?

Оралханды оқыдыңыз ба?

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.