Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

НАРЫҚТЫҚ БӘСЕКЕ

08.06.2022
КҮЛТӨБЕ
НАРЫҚТЫҚ БӘСЕКЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде екі жыл қатарынан монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Осыған орай Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ермек Камелевпен сұхбаттасқан едік.

– Ермек Жеңісұлы, Алматы облысындағы тауар нарығына тоқталсаңыз.

– Департаменттің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары негізінде құрылыс материалдарын өндіру және сату, сұйытылған мұнай газы мен ЖЖМ-ді көтерме және бөлшек сату, көмірді көтерме сату, құрылыс (құрылыс-монтаждау жұмыстары) жүйелері, газ құбырларына қосу үшін газбен жабдықтау және ондағы құрылыстарды, дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру және өткізу сияқты тауар нарықтарына талдау жасады. Жоғарыда көрсетілген нарықтардың ішінде дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізу, ЖЖМ көтерме саудада өткізу, газбен жабдықтау жүйелерінің құрылысы (құрылыс-монтаждау жұмыстары) және газ құбырларына қосу үшін олардағы құрылыс нарығыда бәсекелестік дамыған. ЖЖМ және ТМД бөлшек сауда нарығы, құрылыс материалдары мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру және өткізу жоғары шоғырланған нарықтар болып табылады, яғни көрсетілген нарықтарда бәсекелестік дамымаған. Сонымен қатар, Алматы облысында көлік-логистикалық жүйе дамымаған. Облыс аумағына көмір, сұйытылған мұнай газы және ЖЖМ келесі аудандардың (қалалардың) теміржол стансыларына түседі: Талдықорған қаласы, Текелі қаласы, Қапшағай қаласы, Ескелді, Алакөл, Ақсу, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Жамбыл, Іле, Талғар аудандары. Қалған аудандарда: Сарқан, Панфилов, Ұйғыр, Райымбек, Балқаш теміржолы жоқ. Тармақталған теміржол инфрақұрылымының жоқтығы шалғай аудандардың осы негізгі энергетикалық ресурстарға қолжетімділігін төмендетеді, бұл өз кезегінде аталған тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің дамуына әсер етеді.

– Өткен жылғы жұмыстарыңыздың негізгі нәтижелерін айтып өтсеңіз.

– Өткен жылы департамент Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп коммуналдық меншік субъектілерін бәсекелестік ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесіне енгізу бойынша жұмыс жүргізді. Осы жұмыстың нәтижесінде облыс әкімінің қаулысымен 64 субъект 2021-2025 жылдары бәсекелес ортаға беруге жататын коммуналдық меншік кәсіпорындарының тізбесіне енгізілді. Бүгінгі күні бәсекелестік ортаға коммуналдық меншіктің 24 субъектісі берілді, оның 5-уі акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар. Сонымен қатар, жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы барлығы 20 хабарлама шығарылды. Барлық хабарламалар орындалды. Сондай-ақ, департамент қиыршық тас өндірушілер мен сатушыларға және автогаз сатушыларға қатысты нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері бойынша тергеу жүргізді. Тергеу нәтижелері бойынша қиыршық тас өндіруші «Кентас» ЖШС 1 709 763,3 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 423 906 теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленді. Сонымен қатар, департаменттің ұйғарымы негізінде қиыршық тастың бағасы төмендетілді.

Тексеру қорытындысы бойынша автогаз бөлшек сатушы «АДМ-ГАЗ» ЖШС 625 833 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 364 410,7 теңге монополиялық табысы тәркіленді. Сонымен қатар, 2021 жылдың желтоқсан айында «Азимут Жол» ЖШС және «№13 жол-құрылыс басқармасы» ЖШС қатысты нарық субъектілері арасындағы сауда-саттықтағы аукциондар мен конкурстар өткізу, оның ішінде лоттар бойынша бөлу жолымен бағаларды көтеру, төмендету немесе ұстап тұру, сауда-саттық қорытындыларын бұрмалау бөлігінде көлденең келісім белгілері бойынша, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру басталды.

Аталған тергеу бойынша материалдар сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін Алматы облысының экономикалық тергеу департаментіне берілді.

– Монополияға қарсы органның тәуелсіз мәртебе алғаннан кейінгі жұмысында қандай өзгерістер бар?

– Монополияға қарсы орган дербес мәртебеге ие болғаннан кейін тікелей Мемлекет басшысына есеп беретін тәуелсіз мемлекеттік органға айналды. Жаңа монополияға қарсы ведомство Мемлекет басшысының 2020 жылғы Жолдауын орындау шеңберінде бәсекелестік саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында құрылды. Адал бәсекелестік елдің жаңа экономикалық бағыты негізделуге тиіс жеті негізгі қағидаттың бірі ретінде айқындалған. Осылайша, «Оpen Space» краудсорсингтік алаңдар және бизнес пен азаматтық қоғамдастықпен ашық диалог үшін кедергілер жөніндегі Кеңес құрылды.

Мемлекеттік сатып алуларда сөз байласуды болдырмау мақсатында Атамекен ҰКП-ның «Сатып алудың бірыңғай терезесі» платформасында «Өрмек» аналитикалық жүйесі әзірленді. Бұл жүйе сауда-саттықта картельдік сөз байласу белгілерін автоматты режимде анықтауға мүмкіндік береді. 2021 жылы Қазақстанның мерекелік күндер картасында алғаш рет монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні пайда болды.

– Бәсекелестікті дамыту – бірінші кезектегі міндет. Кедергілер жөніндегі кеңестер, «Оpen Space» краудсорсингтік алаңдарында сарапшылармен, бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимыл бойынша күшейтілген жұмыстар қалай жүруде?

– Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру, сондай-ақ, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын орындау мақсатында, департамент жанында тауар нарықтарына кірудегі кедергілерді анықтау және жою жөніндегі кеңес (тосқауылдар жөніндегі Кеңес) жұмыс істейді. Азаматтық және бизнес-қоғамдастықтың 12 өкілі және монополияға қарсы органның 1 өкілі кеңестің мүшелері болып табылады. Кеңес отырыстары белгілі бір салалық мәселелер бойынша айына кемінде 1 рет өткізіледі. Бизнес-қоғамдастық өкілдері Кеңестің қарауына проблемалық мәселелерді шығарады, оларды жою кәсіпкерлердің жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді және түрлі тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін болады. Кеңес отырысында қаралған материалдар «Тосқауылдар картасын» қалыптастыру және тосқауылдарды жою жөніндегі жұмысты одан әрі ұйымдастыру үшін республиканың бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жіберіледі.

Бұдан басқа, департамент апта сайын «Open Space» шеңберінде іс-шаралар өткізеді, онда тауар нарықтарындағы ағымдағы жағдай, туындайтын проблемаларды шешу жолдары және қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру талқыланады. Жүйелі кедергілер анықталған жағдайда, ақпарат облыстың кедергілер жөніндегі кеңесіне шығарылады. Сонымен қатар, департаменттің барлық қызметі БАҚ-та және әлеуметтік желілер арқылы жарияланады.

– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

25.07.2026
Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

25.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Құқықтық жүйені жетілдірген

25.07.2026
Сайлау алдында жалған аккаунт пен сайттар бұғатталады

Жаңғырудың негізі

25.07.2026
Оралханды оқыдыңыз ба?

Оралханды оқыдыңыз ба?

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.