Бүгін Алматы облысының тұрғындары Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумда дауыс беріп, өз белсенділігін танытты.
Қаратал ауданындағы №520, 528 екі сайлау учаскесі заң талабына сай жұмысын аяқтады. Таңғы сағат 7-де басталған сайлау науқаны кешкі сағат 20.00-де өз мәресіне жетті. Сайлау учаскесіне өз таңдауын жасауға келген аудан тұрғындарының белсенділігі жоғары болды. Мәселен, №520 сайлау учаскесінде негізгі дауыс беруші 2028 адам болса, соның 1610 сайлаушы өз таңдауын білдірді. Пайызбен шаққанда 81% және конституцияға өзгеріс енгізсін деген пікір басымдық көрсеткен. Ал, №528 учаскеде тіркелген 2328 адамның 1815 тұрғыны дауыс берген. Мұнда 78 пайызды құрап отыр. Негізінен екі сайлау учаскесінде де орта жастағы азаматтар белсенділік танытқан. Он сегіз жасқа толған жастар толықтай сайлауға келген. Бұл да жастардың саяси науханға деген көзқарасының жоғары екенін білдіреді, – дейді екі сайлау учаскесінің төрайымдары. Жалпы аудан бойынша дауыс беру нәтижесі 100 пайызға орындалғанынан хабардармыз.
Ақсу ауданы бойынша біз барған номері 15-інші сайлау учаскесінде тіркелген 810 дауыс берушінің 688-і, яғни, 85 пайызы таңдау жасады. Әсіресе, 50-60 жас аралығындағы тұрғындар белсенділік танытты.
Талдықорған қаласындағы № 1005 референдум учаскесінде сайлау уақыты тоқтатылды. Ешқандай занбұзушылық тіркелмеді. Азаматтардың дені өзінің тандауын жасады. Мәресіне жеткен саяси науқан туралы бақылаушы, №9 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәкен Білеутаев баяндады. Ол:
— Талдықорған қаласы 9 орта мектеп ғимаратында орналасқан аталмыш учаскеге келіп дауыс беретіндердің саны 2287 адам деп күтілген еді. Оның төртеуі жағдайына байланысты үйден дауыс беруі керек болған. Учаскеге келіп дауыс бергендердің жалпы саны 100 пайыздық көрсеткішке жетті. Азаматтық таңдау жасаған тұрғындардың бәрі тұтасымен келіп өз таңдауын жасады, – дейді.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





