Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА МҰҚАН ТӨЛЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ БАЙҚАУ АЯҚТАЛДЫ

4 мамыр 2022
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАНДА МҰҚАН ТӨЛЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ БАЙҚАУ АЯҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұқан Төлебаев атындағы VI халықаралық «Кестелі орамал» вокалистер байқауының гала-концерті өтті.

Аталмыш шараның шымылдығы Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің орындауындағы «Поэма» шығармасымен ашылды.

Өз кезегінде алғашқы болып облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Қапашұлы құттықтау сөз алды. Ол:­

– Екі күнге созылған Мұқан Төлебаев атындағы «Кестелі орамал» байқауы өз мәресіне жетіп отыр. Төрешілер екі күн бойы ең лайықты деген қатысушыларды таңдап, әділ шешім қабылдады деген ойдамыз. Барлық қатысушыларға үлкен алғыс айтамыз. Жетісу жерінде осындай көп байқаулар өтіп жатады. Індеттен кейінгі жанды дауыста өтіп жатқан бірінші байқау осы өзіміздің жерлесіміз Мұқан ағамыздікі. Уақыт бөліп келгендеріңізге алғыс білдіреміз, — деп ақжарма лебізін жеткізді.

Жастар арасында әншілік өнердің кәсіби деңгейге көтерілуіне жол ашқан байқауда республика бойынша жалпы 33 үміткер бақтарын сынап, оның 16-сы ақтық сынға жолдама алған.

Шарада композитордың халқымыздың асыл қазынасына айналған әндерін жағыртып, көркемөнерпаздардың репертуарын толықтырған қатысушыларға ерлер және әйелдер даусы бойынша  дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Мұқан Төлебаев атындағы VI Халықаралық «Кестелі орамал» вокалистер байқауында топ жарып алға шыққан Әйгерім Аманжолова бас жүлде дипломын және 1 миллион теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Вокалистер байқауының бірінші орны ерлер арасында Дінмұхамед Көшкінбаевқа (Тараз қаласы, 600000 тг), әйелдер арасында Фируза Рахметуллаға (Нұр-Сұлтан қаласы, 600000 тг) берілді. Екінші, үшінші орынды иеленген өнерпаздар да диплом және ақшалай сыйлықтар алды.

Салтанатты жиын байқау жеңімпаздары мен өнер шеберлерінің ұсынған концерттік бағдарламасымен өз мәресіне жетті.

Кәмилла ТҰЯҚОВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59
Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.