Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚОС МЕРЕКЕ, ҚОС ҚУАНЫШ. БІРІНШІ МАМЫРДА ТУҒАН ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТ

1 мамыр 2022
РУХАНИЯТ
ҚОС МЕРЕКЕ, ҚОС ҚУАНЫШ. БІРІНШІ МАМЫРДА ТУҒАН ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТ
WhatsAppTelegramFacebook

Дәл 1 мамыр күні, халықаралық ынтымақ-бірлік мерекесінде Қазақ телевизиясының ардагері, ақпарат саласының майталманы, Қазақ тележурналистикасының қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстанның Құрметті журналисі Мейрам ЖАНӘДІЛОВТІҢ туған күні аталып өтеді.

Пайғамбар жасына жетіп, абыздық белестің тағы бір биігіне шыққан Мейрам Базарұлы үшін 1 мамыр – қос мереке, қос қуаныш. Кербез Көкшенің қойнауында дүние есігін ашып, бала жасынан газет-журнал оқып, тау тұлғалардың жазбасынан тағылым түйіп өскен Мейрамдай адал перзенттің журналистикадағы орны бөлек, еңбегі ерен.

Өресі биік жас жігіт өңірде жүріп-ақ шағын мақалаларымен ақылман ағаларының назарына ілікті. Сол кездегі спорт комментаторлары Диас Омаров, Өмірзақ Жолымбетов, Рабат Жәнібеков секілді тіс қаққан мамандармен тығыз байланыста еңбек етіп, Қарағанды өңірінен спорттық хабарлар жіберіп тұрды. Жас жігіттің тас жарар талпынысы қазақ журналистикасының мэтрі, Қазақ мемлекеттік телерадио комитетінің сол кездегі төрағасы Камал Смайыловтың назарын аударды. Сөйтіп, өңірде жүрген өрен Алматыдағы Қазақ телевизиясының төрінен бір-ақ шығады.

Қазақ телевизиясының қара шаңырағында қанаттанып, томағасын сыпырған Мейрам Базарұлы жарты ғасырға жуық ғұмырын журналистикаға арнады. Әлі де сол салада тер төгіп еңбек етіп келеді. Журналистика жампозы алғашқы адымымымен-ақ телеарнада жұлдызы жанып, оқиға орындарынан ақпарат таратты. Ел-жұрт Мейрамның репортаж, сюжеттерін асыға күтетін болды. Талай оқиғаның бел ортасынан жедел әрі нақты ақпарат беріп отырды. Кейіннен мемлекеттік қызмет саласында да біліктілігін шыңдап, Жамбыл облысының баспасөз қызметіне жетекшілік етті. 2006 жылы Талдықорған қаласынан «Қазақстан» телеарнасының тілшілер қосынын ашуға атсалысты. «Жетісу» телеарнасы директорының орынбасары, директоры болды.

Кейінгі жеті жылда «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің басын қосқан «Өлке тынысы» ЖШС-да басшылық қызмет атқарып, өңір журналистерінің жағдайын жасады. Газет басшылығына келе салып, ең алдымен, журналистерді керек-жарақпен қамтамасыз етуге көңіл бөлді. Бұрын діттеген жеріне жете алмай, жаяу-жалпылап жүретін газет тілшілері күнделікті іс-шараларға, іссапарларға барып-қайтуы үшін көлікпен қамтамасыз етілді. Оқиға орнынан мақалалар жазу үшін арнайы ноутбуктар сатып алынды. Заман талабына сай қос газеттің сайты ашылып, өңірдегі электронды БАҚ-ты жандандырды.

Бүгінде Мейрам Базарұлы аталған серіктестік директорының кеңесшісі қызметін абыроймен жалғастыруда. Қуаныш иесіне зор денсаулық, баянды бақыт, толайым табыс тілейміз!

«ЖЕТІСУЛЫҚТАР»

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.