Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ӨМІРЛІК БАҒДАР» ЖОБАСЫНЫҢ МӘН-МАҢЫЗЫ НЕДЕ? БАСПАСӨЗ МӘЖІЛІСІ

15 сәуір 2022
РУХАНИЯТ
"ӨМІРЛІК БАҒДАР" ЖОБАСЫНЫҢ МӘН-МАҢЫЗЫ НЕДЕ? БАСПАСӨЗ МӘЖІЛІСІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Жетісу Медиа» ақпараттық алаңында «Өмірлік бағдар» жобасы аясында баспасөз мәслихаты өтті. Жастардың болашағына жарқын жол ашатын тың бастама туралы Алматы облыстық ішкі саясат, білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары баяндап өтті.

Алғашқы болып сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Керімбек бұл жобаның 9,10,11-сынып оқушылары мен ауылда жұмыссыз жүрген жастарға бағытталатынын айтты.

— Кәсіби бағдар бойынша жылда жұмыстар жүргізіледі. Бірақ биыл үш басқарма бірігіп, оған басқаша ден қойып отырмыз. Мақсатымыз – мектептерге барып, жоғары сынып оқушылармен, олардың ата-аналарымен және жұмыссыз жүрген ауыл жастарымен кездесіп, қандай мамандық бойынша білім алуға болатыны, қандай гранттар бар екендігі туралы бағдар беру.  Бұл ретте аудандар мен қалаларға баратын ақпараттық-насихаттық топтар құрылған. Олар осы сәуір айында мектептерді аралап, жастарға бағыт-бағдар беріп, қолда бар ақпараттық нұсқаулықтарды таратады. Жастардың қай салаға бейімі барын анықтау мақсатында әңгімелеседі. Кері байланыс орнату барысында сауалнама толтырылады. Облыстағы барлық орта білім ошағын қамту үшін «Бір күн, бір ауыл, бір мектеп» қағидаты бойынша жұмыс жүргізіледі, – деді.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жаңыл Сүлейменова ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың техикалық мамандықтарды дамыту туралы тапсырма бергендігіне тоқталып, облысымызда 74 кәсіптік-техникалық білім беретін колледж бар екендігін, онда 66 мамандық бойынша білім беріліп жатқанын жеткізді.

— Биыл 9-сыныпты бітірушілер үшін мемлекеттік тапсырыс көлемі 2500-ге арттырылуда. Жаз бойы үш айлық курстар бойынша жұмыссыз жүрген жастар жұмысшы мамандықтарында оқытылады. Құрылыста немесе фермерлік шаруашылықтарда жұмыс істеу үшін міндетті түрде бірнеше жыл білім алу міндетті емес, үш айлық курстарды оқып, кәсіп меңгеруге болады. Ол үшін шәкіртақы, жатақхана, күніне бір реттік берілетін тамақ та қарастырылған, – деді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Маржан Мұрат бұл үлкен бастаманың маңызы еңбек нарығын талдау, бүгінгі күнде қандай мамандықтар сұранысқа ие, кәсіпорындарға қандай мамандар қажеттігі туралы мәлімет беруде екенін атап өтті.

— Қазіргі таңда облысымызда үлкен кәсіпорындар, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Соған орай жаңа мамандарға сұраныс артуда. Атап айтар болсақ, инженер, электрик, логопед, дефектолог, мүгедек балалармен жұмыс істейтін дене шынықтыру пәні мұғалімі, дәрігерлер, ауыл шаруашылығы саласында фермер, механизатор, кран жүргізуші сынды мамандар қажет. Мал бағатын, оның жайын білетін адамдар да қазір жоқтың қасы, – деді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда жастарға мол мүмкіндік ашылып отырғанын жеткізіп, осы орайда жас мамандардың тәжірибе жинап, ары қарай жұмыспен қамтылуына жол ашатын «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмыс істеу 12 айдан 18 айға ұзартылғанын және ол үшін мемлекеттен төленетін ақы 72000-нан 92 000-ға көтерілгенін алға тартты.

Баспасөз мәслихаты соңында журналистер өздерін толғандырған сауалдарды қойып, тұшымды жауаптар алды.

Алма ЕСЕНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59
Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.