Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

АБЫРОЙ БИІГІНДЕ

08.04.2022
ЖАНСАРАЙ
АБЫРОЙ БИІГІНДЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Әшімғали Жұмагелдиннің есімі  медицина саласына  әбден таныс. Әсіресе, Ақсу,  Қапал, Сарқан  өңірінде  білікті дәрігерді білмейтін адам кемде-кем. Есімі ел арасында құрметпен аталады. Талайдың жанын  өміріне төнген қауіптен арашалап  қалған. Кейбіреудің ет жақынына медициналық  жәрдем көрсеткен. Оның қызмет жолы Қапал өңірінен басталды. Ол жақта елді мекендер тау шатқалдарына орналасқан. Шалғай ауылдары көрші мемлекеттермен шегаралас жатыр. Көлік бара алмайтын малшы ауылдары да бар. Сондықтан Әшімғали Құсайынұлы медицинаның отына күйіп, суығына тоңған. Солай ысыл-ған. Емдеудің қыр-сырын меңгерген білікті хирург.

Ол  1976 жылы  Алматыдағы  мемлекеттік медицина институтына қарасты емдеу бөлімінің 1-курс студенті атанды.  Институтты тамамдаған соң Талдықорған облыстық ауруханасында интернатурадан тәжірибе алып,  1983 жылдың 7 шілдесінде  Қапал орталық аудандық ауруханасының хирургия бөліміне хирург-дәрігер болып жұмысқа қабылданды.  Қапал ауданында ауылдық кеңестің депутаты міндетін де  атқарды. Халықтың қалаулысы елдің жел жағына шығып,  түйіні қиын мәселелердің шешілуіне ықпал етті.  Ол  аудандық аурухананың  хирургия бөлімінің меңгерушісі, біраз жылдан кейін  Қапал орталық ауруханасы бас дәрігерінің ұйымдастыру жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Бірде шалғайдағы таулы аймақтан  аяқ-қолы сынып, іш құрылысына зақым келген адамды алып келді.  Сырқатқа ота жасау керек еді. Аудан орталығы мен Талдықорғанға жеткізу үшін біраз уақыт керек.  Жағдайына байланысты сырқатты орнынан қозғауға болмайды. Дәрігерлік көмекті Қапал ауруханасында жасайын десе мекемеде электр жарығы жоқ.  Қасиетті Қапал аудан орталығы мәртебесінен айырылғаннан кейін коммуналдық қызмет көрсету төмендеген. Ауданда адам саны аз деген желеумен дәрігерлер санын азайтқан.  Сондықтан бір дәрігер бірнеше маманның міндетін атқарады.  Оның үстіне  медицина саласына жыл санап берілетін құрал-жабдықтар да азайды. Адамның денесіндегі артық сұйықтықты алып тастайтын (кататер) арнайы түтікше де берілмейтін кез. Сол күндерді еске алған Әшімғали дәрігер:  «Сенесің бе, кататер де жоқ.  Жасы егде тартқан адамдардың іш-құрылысына әртүрлі  ота жасаймыз. Денеден сұйықтықты шығаратын құрылғы жоқтың қасы.  Тұрғындарға көмек көрсетуді тоқтатпауымыз керек.  Кататер мәселесін шештік. Электр жарығын тартатын сымның ішіндегі  жез сымтемірді алып тастап, сыртындағы  түтікшені кататердің орнына пайдаландық. Жақсылап, ыстық суға қайнатамыз да ағзадағы сары суды шығаруға пайдаландық. Құдай сақтап,  сол адамдардың көбіне ем қонды», – дейді. Ал мына  жағдай одан да қиын еді. – Адамның  іш-құрылысына  электр жарығынсыз ота жасауға тура келді. Кеш батып барады. Үлгеру  керек. Басқа амал жоқ. Әйтпесе, адамды жоғалтып алуымыз мүмкін. Сонымен ота жасайтын палатаның терезесінің алдына «Жедел жәрдем» көлігін қойып, фарын жақтық. Бір Аллаға сыйынып, отаны бастап кеттік.   Сенгеніміз тек «Жедел жәрдемнің» жарығы. Жанармай таусылып немесе тағы бір жағдай орын алып, аккумулятор сөніп қалса,  ішкі ағзаға қауіп төнуі ықтимал. Сонымен, абырой болғанда «Жедел жәрдем» түннің бір уағына дейін оталып тұрды. Ота сәтті аяқталып, ат сүйреп,  жарақат алған  адам жазылып,  қатарға қосылды. Сол кісі әлі күнге дейін мені  көрсе жағдайды еске алып, алғысын жаудырады, – дейді білікті дәрігер. 
Өз ісінің білгірі  қашан да елдің  көңілінен шығады. Басшылықтың назарына ілігеді. Сонымен 1998 жылы іскер маман Ақсу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметіне тағайындалды.  Әшімғали Жұмагелдин ауылдық бөлімшелерді де  қадағалауға міндетті еді. Бұл – ел тоқырауға ұшыраған, экономикалық жағдай  қиындаған  кез.  Мамандығына адал жанның  басшылыққа келуі аудан  медицинасы үшін  олжа болды.
Көпшіліктің алғысымен абырой биігіне көтерілген маман кейіннен Ақсу ауданының бас дәрігері қызметіне тағайындалды.  Ол да ел басына қиындық туған тоқырау кезі еді. Ауданның  денсаулық сақтау саласын «сүйреп жүру» оңай емес. Мәселе – шаш етектен. Аудан медицинасында көптеген өзгеріс-жаңалық орын алды.  Бас дәрігердің басшылығымен тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсету жақсарып, ана мен бала өліміне жол бермеу мақсатында игі шаралар жүзеге асырылды. Медициналық мекемелерге  құрылыс жұмыстары жүргізілді. Әшімғали  Жұмагелдин ауданның материалдық-техникалық базасын нығайтуға көп көңіл бөліп, емдеу-сауықтыру мекемелерін маманмен қамтамасыз ету барысында елеулі жұмыс атқарды.   
 Дәрігер – ардақты мамандық.  Әшімғали Жұмагелдиннің аты-жөні «Қазақстан Республикасының  Зиялы азаматтары» кітабында өзінің ел алдындағы жүзіндей жарқырап, жазулы тұр. Жұмысты ұйымдастыра білетін қасиеті бағаланып, Сарқан аудандық орталық  ауруханасының бас дәрігері қызметіне ауыстырылды. Аудандық ауруханада заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа  кабинеттер ашылды. Қордаланған өзекті мәселелер шешілді. Жаңа медицина мекемелері салынды.  Ол жақтағы күрмеуі қиын шаруалар  шешімін тапқан соң Әшімғали Жұмагелдин облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Ақсу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметіне қайтадан тағайындалды. Дәл осы кезде ел басына күн туды. Қызылағашты тасқын алып кетті. Түн жарымы.  Телефон  шыр ете қалды.  Ар жағындағы адам «Қызылағаш»  су тоспасы жарылып,  ауылды  тасқын алып кеткенін айтты.  Жалма-жан көлікке отырып, қара су қаптаған ауылды бетке алды. Сағабүйен жақтағы төбеден  ауылға жарық түсірді. Бұл маңда елді мекен болмағандай. Тып-типыл. Ішті өкініш кернеп барады.  Болар іс   болды. Ендігі міндет – тасқыннан аман қалған адамдарға көмек көрсету.  Аласапыранда  бірден дұрыс шешім шығармаса болмайды. Алдымен  тасқыннан қашып үлгерген немесе қауіпті жағдайда  қалған адамдардың қайда екенін анықтау керек.  Сонымен қызылағаштықтар су тоспасының жоғары жағына шығып кетуі мүмкін деген болжам жасалды.  Тау бөктерінде ескі үй бар еді.  Құтқарушылар  нысанды бетке алды. Шынымен де  тасқыннан қашқандар сол жерді паналапты.  Аудандық мәслихаттың төрағасы  Серікбек Серпербаев,  аудан әкімінің орынбасары  Сәбит Қорғанбаевтар  бірігіп,  су тасқыны қауіп төндірген Ақтоған ауылының 307 адамын  40 шақырым қашықтықтағы  Сағабүйен ауылындағы мектептің ғимаратына жеткізді.  Соңғы адамдарды алып бара жатқанда көпірді су шайып, тұрғындарды құтқару қиындық тудырды.  Көпшіліктің арасында жүкті әйел бар еді. Айы-күні жетіп тұрған. Ілдалдалап, судың арғы шеті мен бергі жағын қосып арқан байлап,  қауіпсіздік белдігі жасап, аяғы ауыр келіншекті құтқарып алды.   Әйел жылдамдатып ауруханаға жеткізілді. Сол түні өмірге Тасқын есімді ұл бала келді. 
Бұл жағдайға  ел болып көмек көрсетілді. Азық-түлік, киім-кешекті тұрғындарға тізім бойынша, отбасындағы адам санына байланысты үлестіру керек. Мұндай іске адал, жауапкершілігі зор адам  міндеттелуі тиіс. Аудан басшылары ақылдаса келіп, азық-түлікті сақтап, ысырап қылмай көпке үлестіруді Әшімғали дәрігерге жүктеді.   Арнайы есеп жүргізіліп, әлеуметтік негізі бар тағам күн сайын үлестірілді. Ешқандай реніш, талас-тартыс болған жоқ. Көпшілік азық-түлікті адал есеп бойынша үлестірген   Әшімғали Құсайынұлына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.  Дәрігер еңбегі қашан да бағалы. Оның үстіне ол елжанды болса еңбегі тіптен ерен. Көпшіліктің жанын арашалап қалудағы еңбегі еленбей қалған жоқ.  Әшімғали Құсайынұлы   «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, министрліктің «Кәсіподақ үздігі» белгісін  алды. Қызылағаштағы  су тасқыны кезінде тұрғындарға көрсеткен көмегі үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасы берілді. Ауданға маман тарту  жыл сайын жақсарды.  Аудандық денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі ескеріліп, бірнеше жыл қатарынан облыстың әр кездегі әкімдерінен бірнеше рет Құрмет грамотасы  мен  Алғыс хаттарын иеленді. Әшімғали Жұмагелдиннің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі ескеріліп, Ақсу ауданының Құрмет кітабына енгізілді. Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан  арасындағы медицина саласының рейтингімен Ақсу орталық аудандық ауруханасы үздік 100 аурухананың қатарына кіріп,  сала көшбасшысы атанып, «Даңқ» орденімен марапатталды. Сол жылдары «Ақсу ауданының Құрметті азаматы»  атағы  берілді.  Зейнеткерлікке шығуына байланысты істеген еңбектері бағаланып, «Алтын дәрігер»,  «Шапағат» медальдарын  иеленді. 
 «Адам талантты болса бар жағынан  талантты» деген сөз бар. Денсаулық сақтау саласынан  зейнеткерлікке шыққан Әшімғали Құсайынұлы бүгінде жеке шаруа қожалығын ашып, ел экономикасын көтеруге еңбек сіңіріп келеді. Барлығы 70 гектар астық алқабы бар. «Даниал» шаруа қожалығын  құрып, бірнеше түрлі ауылшаруашылық өнімін өсіруде. Биыл да жерді қопсытып, егіндікке дайындап отыр.  Ақсудың төл дақылы  қант қызылшасын өсірумен де шұғылданады. Үлкен немересі Даниалдың атымен аталатын  қожалықтың жетістігі жаман емес. Ауылшаруашылыққа қажетті  техниканың барлығын алған.   
Жақында ол  Республикалық қоғамдық кеңестің съезіне  барып қайтты. Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі. Облыстық денсаулық сақтау қоғамдық кеңесінің мүшесі.  Ақсу аудандық «Білім және денсаулық» кеңесінің мүшесі.  Сайлауда көрсеткен ерекше еңбегі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.  Экономиканы көтеруге қосқан үлесі үшін облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы  Мақсұт  Жапаровтан Алғыс хатын алды. 
Әшімғали Жұмагелдин  тәлімді отбасының тірегі. Өнегелі әулеттің бет түзер бағыты.  Зайыбы Дина Мажбиева Ақсу  аудандық орталық қазыналық банкінде қызмет істеген. Қос ұлдың анасы. Бүгінде жары қасында болмаса да Әшімғали аға оны жүрегінде сақтап келеді.  Жан-жүрегімен сүйіп қосылған жарынан туған ұлдары мен немерелерінің жағдайын жасап, солардың амандығын тілейді. Аталап өсіп келе жатқан құлыншақтарын көріп, бүгініне шүкір етеді. Зейнетке шықса да алтын бесік ел арасынан кеткен жоқ.  Ақсу жұрты білікті дәрігерді ешқайда жібергілері келмейді. Әлі күнге дейін сырқаттанып қалғандар Әшімғали дәрігерге келіп, кеңес алады. Үлкен ұлы  Дулат  Еңбекшіқазақ ауданында орталық ауруханада хирург  болып жұмыс жасап жатыр. Бірнеше тілді  меңгерген. Германияның  Мюнстер қаласында хирург мамандығы бойынша  білімін жетілдіріп келді.  Облыс  бойынша «Жас дәрігер» номинациясының жеңімпазы атанды. Даниал мен Диас есімді ұлдары бар. Екінші ұлы Мәди де  әлемнің бірнеше тілін меңгерген.  Нәсібін кәсіптен тапқан азамат.  Ол  Аруна, Мадина, Данияр, Дана есімді  балалардың әкесі. 
Әшімғали Құсайынұлы жетпіс деген асқаралы жасқа абыроймен жетті. Ел-жұрт, бала-шағаға барынша қолқабыс етіп, әкелік, азаматтық борышын өтеп келеді. Қоғамдық жұмыстарда елдің  жоғын жоқтап, өзекті мәселелердің шешілуіне септігін тигізуде. Қазақта: «Көптің қамын ойласаң, өз қамың соның ішінде» деген тәлімді сөз бар. Ағаның өмірінің мәні – балалары мен ел-жұрты. Солардың амандығы мен бақытты ғұмыры үшін барын салуда. Ел алдында абыройы артқан нағыз ақжүрек азамат. Осынау мерейлі мерекесінде   Әшімғали ағаға  ғұмырыңыз мәнді-мағыналы, ұзақ болсын деп тілейміз.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.