Талдықорған: +34°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҰЗЫНАҒАШТА БІРНЕШЕ ОБЛЫСТЫҢ ЖАС АҚЫНДАРЫ ЖИНАЛЫП, СӨЗ САЙЫСТЫРДЫ

15.03.2022
РУХАНИЯТ
ҰЗЫНАҒАШТА БІРНЕШЕ ОБЛЫСТЫҢ ЖАС АҚЫНДАРЫ ЖИНАЛЫП, СӨЗ САЙЫСТЫРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жыр алыбы Жамбылдың туғанына 176 жыл толуына орай аудандық Мәдениет үйінде «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті. Алматы облыстық білім басқармасы мен Жамбыл ауданы әкімдігі ұйымдастырған жыр додасында еліміздің әр өңірінен 32 мектеп оқушысы сайысқа түсті.

Айтысты тамашалауға жиналған көпшілікті аудан әкімі Нұрлан Ертас құттықтап, жас ақындарға сәттілік тіледі. Семсер сөздің дариясы Жамбыл бабаның туған күніне орай оқушылар арасында болатын айтыс осымен 19-шы рет өткізіліп отыр. Дәстүрге айналған сөз сайысы алғашқы жылдары облыстық көлемде басталып, кейін республикалық деңгейде жалауын желбіретіп келеді.

Бұл жолы да шара шымылдығы Жамбылдың «Алатаудан, Арқадан, ақындарым келіпсің. Тілдерінен бал тамған, жақындарым келіпсің» деп басталатын әйгілі арнауымен ашылды. Биылғы сөз додасы бұрынғыдан өзгеше ұйымдастырылуымен ерекшеленді. Өрендер алғашқы күні түре айтыста бақ сынасса, екінші күні қайым айтысқа түсті.

Жамбыл жырымен арқаланған жас ақындар осылайша екі күн бойы қос бағытта өнер көрсетті. Ақындар мен батырлар елінің киелі сахнасының төрінде кезек-кезекпен жұптаса айтыстың көрігін қыздырды. Ұл-тымыздың төл өнеріне ден қойған жас өнерпаздар суырыпсалмалық қабілеттерін байқатып, бірін-бірі әзіл-қалжыңмен қағытты. Тілге шешендігі мен ой жүйріктігі сынға түскен он алты жұптың ішінен кестелі сөзбен өрнек тоқи білетіндері іріктеле келе, үздіктері қазылар алқасының сүзгісінен өтіп, ақтық сында тағы сөз қағысты. Қорытындысында тауып айту шеберлігі жоғары бағаланғандардың мерейі үстем болды.

Сөз шеберлерінің өнерін қазылар алқасының төрағасы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Сайлау Қожағұлов, ҚР Мәдениет қайраткері, ардагер журналист, облыстың, Талдықорған қаласының және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Күмісжан Байжан, «Алатау» газетінің бас редакторы, халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы Айтақын Бұлғақов, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын, жыршы-термеші Жылбек Тоқтасынов, айтыскер ақын Жалғас Садырұлы бағалап, оза шапқандарды анықтап отырды. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» дегендей, бәйге болғаннан кейін бірі озып, бірі ілесе алмай қалып жатты.

Марапаттау алдында сөз алған Айтақын Бұлғақов қайым айтыстың республикада алғаш рет ұйымдастырылғанын атап өтіп, бұл жолғы сөз сайысының жетістігі мен кемшін соққан тұстарына тоқталды.

Айтыстың қорытындысы бойынша оза шапқан жүйріктер салтанатты жағдайда марапатталды. Алғашқы күнгі 20 ақын сөз қағыстырған түре айтыстың бас жүлдесін Қызылорда облысынан Ділназ Ержігіт жеңіп алды. Екінші күнгі 12 ақын қатысқан қайым айтыстың бас жүлдесі Атырау облысындағы Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының оқушысы Ерасыл Мұхитовқа бұйырды. Түре айтыс пен қайым айтыс жеңімпаздары бірге марапатталды. Маңғыстау облысынан Ерсұлтан Аушанов пен Түркістан облысынан Сәуірхан Сұлтанға бірінші орын берілді. Екінші дәрежелі дипломдарға Ақтөбе облысынан Арай Нұраддин, Алматы облысы Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп оқушысы Нұртаза Нұралы, алматылықтар Болатқан Данияр мен Бексұлтан Дарын ие болды. Жеті оқушыға – Түркістан облысынан Болысбек Даниал, Жамбыл облысынан Жүнісбек Арыслан, Алматы облысы Жамбыл ауданынан Балнұр Шәріпбай, Алматы облысынан Өрден Тілеуқазы, қызылордалық Елдар Әмірхан, алматылықтар Ақнұр Зейнолла және Айжан Данабайға үшінші дәрежелі дипломдар тапсырылды.

Есдәулет Қандеков атындағы арнайы жүлде Атырау облысы Индер ауданынан Байбақты Жандосқа, Үмбетәлі Кәрібаев атындағы екі жүлде қызылордалық Төлеген Айқын мен Шығыс Қазақстан облысынан Рахат Тамашаға, Кенен Әзірбаев атындағы жүлде Жамбыл облысынан Яшар Алихан мен Павлодар облысынан Мейіржан Рахимбаевқа, Есенқұл Жақыпбеков атындағы жүлде Ақтөбе облысынан Абдолла Шарифоллаев пен павлодарлық Бексұлтан Қайдаровқа тапсырылды. Аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы тағайындаған арнайы жүлдемен сонау Батыс Қазақстан облысынан ат арытып келген Өмірхан Елхан марапатталды. Қалған айтыскерлердің барлығына облыстық білім басқармасының Алғыс хаты тапсырылды.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Арпа, бидай ас екен

Арпа, бидай ас екен

27.06.2026
TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

26.06.2026
Журналистер құрмет төрінде

Журналистер құрмет төрінде

26.06.2026
Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

26.06.2026
7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.