Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МАҒАН ЕУРОПАДАН КЕЛГЕН ҚЫЗ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ТҮК ТЕ ҚЫЗЫҚ ЕМЕС — БАҚЫТ БЕДЕЛХАН

8 наурыз 2022
РУХАНИЯТ
МАҒАН ЕУРОПАДАН КЕЛГЕН ҚЫЗ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ТҮК ТЕ ҚЫЗЫҚ ЕМЕС - БАҚЫТ БЕДЕЛХАН
WhatsAppTelegramFacebook

Отан-ана, от-ана, жер-ана… Сәлем – сөздің анасы! Осы қасиетті де қастерлі ұғымдардың құдіреті қай кезде құлпырып тұрады екен? Қай кезде емешегі езіліп еміренеді екен? Қай сәтте тіршілік тұтқасына айналып, туыңды желбіретеді екен? Білмеймін!

Оның жөн-жосығын білетіндер болса, айтар, жосығын жасар. Ал Көктем – бар тіршіліктің құлшына қол созып, адамзаттың жүрегіне мейірім тоқитын қыз-дүниенің қыз-қыз қайнаған қызықты сәті сияқты.

«Көкті ем!» – дейді көктің құдіреті!

«Көкті ем де, көгер!» – дейді Көктің ұлдары.

Маған сегізінші наурызға байланысты Еуропадан еріне басып, еркелей келген еркетотай қыз туралы ұғым түк те қызық емес! Керісінше, маған – қыз-көктемнің көгеріп-көктеген көңіл көркі, жаз-Жеңгемнің жайма-шуақ мінезі, күз-Апамның сары майдай сақтаған сыбағасы мен қыс-Әжемнің сықыр-сықыр мұз сыңғырлатқан мұздай тәрбиесі әлдеқайда артық!

Қазақы тәмсілде  «қыздың жолы – Қызырдың жолы, қыздың сөзі – Қызырдың сөзі»  деген бар. «Қызыр да, қыз да Құдай айдаған жеріне барады. Қызыр да, қыз да Құдай ауызға салған сөзді айтады», – дегені шығар?

Қызыр неге қыз-Көктемде ғана адамзат баласына көрінуге бейіл? Біз неге оны осы мезгілде мейірлене күтеміз?

Сегізінші наурыз! Қыз баласының мерекесі!

…Шексіздік ұғымын білдіріп тұрған осы бір сәт бүкіл әлемді құшағында жылытып, қару-жарақ түгілі, қатыгездіктің өзін жібітіп жіберетіндей көрінеді маған…

Бейбітшіліктің бесігін тербетіп тұрған аналардың білегі талмасын!

Күн нұрындай тіршілік тамырына қуат берген қыздарымыздың тылсым-құдіреті таусылмасын!

«Қыз-қонақ», – дейді атам қазақ. Ендеше, Көктем де – қонақ! Көңіл де – қонақ!

Қонағын Құдайындай күтетін қазаққа Көктем мерекесі – қыз-Көктемнің махаббаты мәңгілік жүрегімізде ән сап тұрса екен деймін.

«Отан-ана, от-ана, жер-ана», «Сәлем – сөздің анасы!» деген қасиетті ұғымдардың баламасына айналған қыз-баласы – аналарымыз – адамзаттың бақытына айнала берсе екен!

Айтпақшы, Наурыз мерекесі құтты болсын!

Бақыт БЕДЕЛХАН,

Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.