Талдықорған: +39°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МЕКТЕПКЕ ӘЖЕМНІҢ МЕДАЛІН ТАҒЫП БАРДЫМ. БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ ҚЫЗЫҒЫ

07.03.2022
РУХАНИЯТ
МЕКТЕПКЕ ӘЖЕМНІҢ МЕДАЛІН ТАҒЫП БАРДЫМ. БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ ҚЫЗЫҒЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бала үшін әке мен ананың жетістігі, ата мен әженің ерлігі, абыройы қашанда мақтаныш. Әр ісі – үлгі, еңбегі – бағалы. Атам Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, ерлікпен шайқасқан жан. Бірақ ауылдағы үй өртенгенде керек құжаттар бірге жанып, майдан көргені расталмады. Әр құжатын туралап, керек қағазды да түгендемеген. Сондықтан да ардагерлерді құттықтау мақсатында ұйымдастырылған кештен де, әкім-қаралар қабылдап, сый көрсетіп, мадақтама айтатын сәттің бәрінен тыс қалып отырған. Есесіне, әжем тыл ардагері есебінде әр мереке сайын қолына бір зат ұстап келетін. Атам немересін, әжем шөберелерінің алдын көріп дүниеден өтті.

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 60 жыл толған сәт. Қарбалас. Әжем ол кезде Алматыда еді. Ауыл әдеттегідей ардагерлерін ардақтап жатыр. Орден-медаль толы кеуделерге тағы бір медальді үстемелеп қосып беруде. Бүгінгі бейбіт күн ұрпақтарының алғысы көл-көсір. Тыл ардагері есебінде әжеме де медаль берді. Оны әкем алды. Ресми құжаты бар награда – әжемнің бар тартқан ауыртпалығын, көрген бейнетін өтеп бере алмаса да, батыр ана екенін айғақтап тұратын. Бесінші сыныпты тәмамдауға бір ғана қадам қалған мен үшін әжемнің медалін қорабынан байыппен алып, екі жақ бетін ұстап көріп, оған әр қол тигізгенімде айна алдына тағып көру де қызыққа айналған. Қызықтан қызық ой туды. Әжемнің Алатау баурайында жүргенін пайдаланып, осы бір медалді сабаққа тағып баруды ұйғардым.

Тыл ардагеріне берілген медаль – менің өңірімде тағулы. Мектепке барып, өз сыныбымда сабақ болып жатқан кабинетке кіріп бардым. Көрген мұғалім он минут кешіккенімде жұмысы жоқ, күліп:

– Сендей ардагерлерге кешігу былай тұрсын, сабаққа келмесе де болады, – деді.

Сыныптастарым болса үзілісте жапа-тармағай таласа ұстап көріп, ата-әжесі ардагер балалар үйдегі медальдармен өздерінше салыстыра сөйлеп жатты. Әлгі медальді тақсам бойымды мақтаныш сезімі билеп, өз биігімнен әлдеқайда жоғарылағандай боламын. Еліргенім сонша, дене-тәрбиесі пәнінде спорттық киімнің сыртынан тағып алып, футбол да ойнадым. Екі-үш рет жерге түсіріп, қалың шаңның ішінен қызыл баулы медальді тауып алып, қайта қадап қоямын. Бұл ісім әкем мен анама жетті. Сандық түбінде тұрған медальді ұрлап таққаным әшкере болды. Әкем естігенде күлді де, басын шайқады. Анам болса рұқсатсыз сандыққа қол салғаным үшін ұрсып та алды.

Әкем ауылдан Алматыға баратындар арқылы медальді әжеме беріп жіберді. Күнде болмаса да арасында түріне қарап, ұстап отыратын мен үшін қимастық сезімнің болғаны да бар. Оқушының мектепке медаль тағып келгені туралы әңгіме біразға дейін ауыл ішінде айтылды.

Уақыт өтті. Бір кездері тыл ардагеріне берілген медальді тағып, сабаққа қатысып, доп ойнаған оқушы енді мектеп бітіргелі тұр. Үйге алыс-жақыннан туған-туыс келіп, қуанышқа ортақтасып жатыр. Дастарқан басында сөзден-сөз шығып, әңгіме нақ қызған шағына жеткенде менің мектепке медаль тағып барғаным айтылды. Жиналғандардан қатты ұялдым. Сол сәтте әкемнің үлкен қарындасы ішек-сілесі қатып күліп:

– Ой, қызық-ай! Кезінде әкесі атасының інісі Шалғышбай ақсақалдың кеңес-фин соғысына қатысқаны үшін берген медалін мектепке тағып барған,– деді. Енді мен күлдім, басымды шайқадым. Оқиға қалай қайталанады, ә?! Алманың ағашынан алыс түспейтінің дәлелі.

Әкем мен анам үздік, жоғары санаттағы мұғалім есебінде бірнеше орден-медаль алған. Атамыз бен әжеміздің медалін мектепке тағып бару «қанда болса», кейін сол үздік оқытушыға берілген орден-медальдарды тағып, өзіне иемденетін бір жүгермек те болар.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қадірлей білер қазынамыз

Қадірлей білер қазынамыз

27.06.2026
Дәстүрлі БАҚ-тан бақ тайды ма?

Дәстүрлі БАҚ-тан бақ тайды ма?

27.06.2026
Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

27.06.2026
Ақпаратқа сенім неге азайды?

Ақпаратқа сенім неге азайды?

27.06.2026
Арпа, бидай ас екен

Арпа, бидай ас екен

27.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.