Талдықорған: +36°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

КӘРІС ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРҒАНЫНА — 85 ЖЫЛ

05.03.2022
РУХАНИЯТ
КӘРІС ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРҒАНЫНА - 85 ЖЫЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Қаратал ауданында Бастөбе тауының етегіндегі «Қазақ халқына мың алғыс» монументі жанында салтанатты іс-шара өтті. Шараға Алматы облысы ішкі саясат басқарма басшысы Болат Керімбек, Қаратал ауданы әкімі Ерлан Исабеков, «Тхонъиль Нанум» Орталық-Азия академиясының директоры Ли Дже Ван және Алматы облысының және Қаратал аудандық этномәдени орталықтарының өкілдері қатысты.

Алғыс айту күніне орайластырылған шарада тағдыр тоғыстырған өлкеде түтін түтетіп, ұрпақ өрбітіп отырған өзге этнос өкілдері емен-жарқын жүздесіп, құшақ айқастырды. Жүзі басқа, жүрегі бір, тілі басқа, тілегі бар жұртшылық қойнауы шежіреге толы Бастөбе тауының етегінде «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды. Еліміздің Әнұраны әуелеп, оң қолын жүрек тұсына қойған халықтың бойынан отаншылдық сезімін аңғардық.

Сахна төрінде сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Бақбергенұлы Алғыс айту күні бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі екеніне баса назар аударды. Ал аудан әкімі Ерлан Исабеков бірлігі бекем болып, татулықпен терезесі теңесіп отырған Қаратал жұртшылығын шуақты мерекемен құттықтады.

Әкімнің айтуынша, өткен ғасырдың 30-40 жылдары Қаратал топырағына сонау Қиыр Шығыстан 4000 отбасы жер аударылып келген. Кәріс халқынан бөлек, ауданға күрділер, немістер, шешендер және басқа да ұлт өкілдері мекен тапты. Бүгінде Қаратал ауданында тұратын 32 өзге ұлт өкілі жергілікті халықпен тату-тәтті, бақ-қуатты ғұмыр кешуде.

Аудан әкімі Е.Исабеков шараға ортақтасып отырған «Тхонъиль Нанум» Орталық-Азия академиясының директоры Ли Дже Ван Бастөбе тауындағы «Достық» саябағының құрылыс жұмыстарына айрықша үлес қосқанын атап өтті. Сондай-ақ, ол өткен жылы Оңтүстік Корея Республикасының Хамян уезі мен Қаратал ауданы арасында меморандумға қол қойылып, 9 бағыт бойынша нақты келісімге келгенін баяндады.

Нақтырақ айтар болсақ, медицина, ауыл шаруашылығы, білім саласы мен туризді дамыту бағыттары бойынша екі ел арасында сенімді әріптестік орнаған. Жаһанды шарпыған короновирус індеті өршігенде Корей елінен көмек ретінде Қаратал ауданына «Жедел жәрдем» көлігі, өкпені желдету және ЭКГ аппараттары берілген.

Қаратал ауданында 6 этно-мәдени орталық жемісті жұмыс істейді. Мерекеге орай облыстық корей этномәдени бірлестігінің өкілі Алла Ким, славян этномәдени бірлестігінің өкілі Светлана Рыжакова, «Барбанг» күрдтер қауымдастығының Талдықорған аймақтық филиалының төрағасы Руслан Хосан-Оглы, қытай этномәдени бірлестігінің өкілі Ирина Цой қазақ халқына алғыс айтты. 

«Тхонъиль Нанум» Орталық Азия академиясының директоры Ли Дже Ван қиын-қыстау заманда бір үзім нанымен бөлісіп, екі бөлмесінің бірін беріп, депортацияға ұшыраған кәріс халқына көмек көрсетіп, қол ұшын созған қайырымды қазақ халқына Корея халқының атынан айрықша ризашылығын білдірді. Қаратал ауданы ардагерлер ұйымының төрағасы, Қаратал ауданының Құрметті азаматы Рахымғали Өтегенов жүзден астам этносты бауырына басқан киелі Жетісу өңірінде салтанат құрған достық пен келісімнің, қайырымдылық пен мейірбандықтың нұрлы шуағы жүректерге тарала беруіне тілектестік білдірді.

Тарихқа жүгінсек, 1937 жылдың қара суығында жүздеген корей отбасын дәл осы Бастөбеге әкеліп, айдалаға түсіріп кеткен еді. Аш-жалаңаш халық тау етегінен жеркепе қазып паналауға мәжбүр болған. Алайда жергілікті қазақ ауылдары оларды үйіне әкеліп, бөлменің бір шетіне орналастырып, бір үзім нанын бөліскенін қазіргі ұрпақ ұмытпайды, ұмытпақ емес. Бүгінде облыста корей ұлтының 16 мыңнан астам өкілі тұрады. Бұл сол кездегі жергілікті халықтың қонақжай-бауырмалдылығының тәтті жемісі деп біледі.

Асхат ӨМІРБАЕВ

Қаратал ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ақпаратқа сенім неге азайды?

Ақпаратқа сенім неге азайды?

27.06.2026
Арпа, бидай ас екен

Арпа, бидай ас екен

27.06.2026
TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

26.06.2026
Журналистер құрмет төрінде

Журналистер құрмет төрінде

26.06.2026
Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.