Талдықорған: -1°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ҰСТАНЫҢ ІСІ ӨЛМЕЙДІ. ДӘРКЕМБАЙ ШОҚПАРҰЛЫНЫҢ ӨЛЕҢ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

02.03.2022
ТҮПСАНА
ҰСТАНЫҢ ІСІ ӨЛМЕЙДІ. ДӘРКЕМБАЙ ШОҚПАРҰЛЫНЫҢ ӨЛЕҢ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ қолөнерінің атасы, ұста Дәркембай Шоқпарұлы қолөнер шебері ғана емес, маржан сөздің де серкесі. Оған ұстаның қаламынан туған сан жылғы жырлары топтастырылған «Замана ағымы» атты кітаптың жарыққа шығуы дәлел. Он екі бөлімнен тұратын бұл жинақтың басылуына Алматы облысы әкімдігі қолдау білдіргенін атап өту абзал.

Талғар аудандық кітапханасының оқырмандар залында қазақ руханиятының қатарын молайтқан жаңа кітаптың таныстырылымы өтті. Шараға жинақты құрастыруға тікелей атсалысып, алғысөзін жазған шәкірті, ақын Камнұр Тәлімұлы, имам Мұхтар Сардарбекұлы, ұста-зергер Сайлау Ботабеков, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, Дәркембай Шоқпарұлы атындағы музейдің директоры Дәулет Дәркембайұлы, осы музейдің қызметкері Ұлдана Дүйсенбі, аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаева мен кітапхана қызметкерлері, Талғар медициналық колледжінің студенттері қатысты. Аудандық «Талғар» газетінің тілшісі Меруерт Дүйсенғалиева мәдени шараның тізгіншісі болды. Салтанатты шара барысында Дәркембайұлының қолөнер туындыларын дәріптейтін кітаптар мен тұрмыстық бұйымдары қойылған көрме ұйымдастырылып, таныстырылды.

– Дәркембай ағамызды 1975 жылдан бері білемін. Сарыөзек кентінде әкімшілік ғимараттарын безендіру жұмыстарын жасап жүргеннен танысып, содан бері байланысымыз үзілген жоқ. Мен ол кісінің шеберханасында шәкірті болып, қолөнерін үйрене бастадым. Ағаш жонуды меңгердім. Сөйтіп 1984 жылы Алматыға қайта өңдеу шеберханасына көшіп келіп, қазақ қолөнерінің мол мұраларын жасаған Дәркембай аға шығармашылық жұмыспен түнде, ел аяғы тыншығанда айналысатын еді. Өлеңдері де түнде жазылатын. Негізгі мамандығы – баспа ісі болғанымен ұсталыққа бейім болды. Шеберханасының бір бұрышында жасайтын тұрмыстық бұйымдардың суреттері салынған ақ қағаздар үйіліп жататын. Арасында бір-бір парақ өлең шумақтары да көзге шалынатын. Сол қолжазбалары жиналып, жарқыраған кітап боларын біз де білген жоқпыз, – дейді өткен жылдарға ой жүгіртіп, естелік тиегін ағытқан ұстаның шәкірті, зергер Сайлау Ботабеков.

– Әкем жайлы мақала, кітаптар көп. Ол кісінің еңбектеріне келсек, сонау кеңестік кезеңде үзілуге шақ қалған халқымыздың қолөнерін қайта тірілтіп, қауыштырды. Ол үшін үлкен еңбек жасаған. Көнекөз қариялардан тұрмыстық қолөнер бұйымдарының жасалуын зерттеп, зерделеген. Бір сөзбен айтқанда, халықтық өнерді сақтап қалды. Ақши ауылындағы ұста Дәркембай Шоқпарұлы атындағы музей сол еңбегінің дәлелі. Әкемнің әр аспаптың жасалуын зерттеп, жазған 200-ден астам ғылыми мақаласы бар. Соның бірі, торсықтың жасалуына үлкен ізденіс пен тер төккен, – деген Дәулет Дәркембайұлы ұстаның қолынан шыққан бірнеше тұрмыстық бұйымдардың жасалу жолдарымен таныстыра келіп, өлеңдерін тек өзі үшін жазғандығын тілге тиек етті.

Сөз соңында Дәулет Дәркембайұлы әкесінің мол мұрасын жарыққа шығаруда қолдау көрсеткен облыс әкімі мен облыстық мәдениет басқармасына алғысын білдірді.

– Дәркен ағамыздың даралығы мен даналығын, қасиетті қолөнеріне деген адалдығын қалың қазақ жұртшылығы біркісідей-ақ біледі. Алайда, өлеңсүйер қауым өнерпаз тұлғаның тағы бір қыры – ақындық екендігін осы жинақ арқылы танитын болады. Он екі бөлімнен тұратын ақын жинағында, әсіресе, «этнографиялық өлеңдер» деп аталатын бөліміндегі «Өрмекші», «Биялай», «Сақпан», «Атакәсіп», «Тас тұмар» секілді өлеңдерінде жыр өнерін серік еткен ақындардың тісі бата бермейтін тарихы терең тақырыптар мен этнографиялық ой-орамдары поэзия тілімен шебер суреттеледі. Ұста өзінің «Қара дүкен» өлеңінде:

«Балғаның төске тиген шыңғылымен,
Шыңдалып балғын денем шынығып ем.
Бой ұрып бала кезден бұл өнерге,
Атамнан өрнек сырын ұғынып ем,
– деп, өзінің жеті атасынан бері үрдісі үзілмей келе жатқан ұсталық өнердің қыр-сырын қара өлеңмен өрнектейді. Сондықтан Дәркембай Шоқпарұлының қолөнерінің сан қырлылығы жарты әлемді қалай таңдандырса, жинақтағы жырлары да өзінің тақырыптық, танымдық жағынан оқырмандарына терең ой салары анық, – дейді сөз өнерінің сардары Камнұр Тәлімұлы.

Ұлттық құндылығымызды арқау еткен жыр жинағының жас ұрпаққа берері мол рухани қазына екендігін шараға арнайы ат арылтып келген имам Мұхтар Сардарбекұлы да кеңінен толғады.

Бүгінгі заманның ағымымен үндес жыр жинағының кітапхана сөресінде ғана тұрмай, қолда тозуын тілеген аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаева жастарды өнерді сүюге, Дәркембай атаның мұрасын игеруге ұмтылуға үндеді.

«Әке көрген оқ жонар» дегендей, тау тұлғалы ұстаның мол мұрасын дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа жетуіне қамқорлық танытып жүрген ұлы Дәулет Дәркембайұлына Кеңдала ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы, ақын Бексұлтан Көлбаев ата салтпен иығына шапан жапты.

Сөйтіп, қаламын қара өлеңге қару еткен ұста Дәркембай Шоқпарұлының «Замана ағымы» атты өлеңдер топтамасының қызыл лентасы қиылып, көзіқарақты оқырманға жол тартты.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.