Талдықорған: +23°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АБАЙ ЕСІМІН АСҚАҚТАТҚАН

04.02.2022
ӘЛЕУМЕТ
АБАЙ ЕСІМІН АСҚАҚТАТҚАН
WhatsAppTelegramFacebook

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,
– деп адамзатты білім мен ғылымға, жақсы үлгі-өнегеге шақырған дана Абай қаншама ұрпақты соңына қалдырған тағылымды сөздерімен тәрбиелеп келеді. Әлемге аты мәлім ақын, аудармашы, өз заманының дана ойшылын иісі қазақ ғибрат тұтады. Ал ақынның есімін бойтұмар етіп ұстап келе жатқан мектеп үшін бұл тіпті де зор мақтаныш. Осы орайда Талдықорған қаласындағы №1 Абай атындағы орта мектепте болып, ақынның қаншалықты әспеттеліп жатқанын, жас ұрпақтың ол туралы таным-пайымын бағдарлап қайтқан едік.

 

Мектепке кіреберістен-ақ Абай атамыздың жарқын бейнесін паш ететін сурет пен даналық қара сөздері жазылған стенд көзге оттай басылады. Әрбір шәкіртті қадағалап, «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын?», «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деп адамгершілікке, жақсы үлгі-өнегеге шақырып тұрғандай.
Аталмыш мектептің жеті жылдан бері тізгінін ұстап келе жатқан білікті басшы Самғат Долаев жылы қарсы алып, кабинетінде тұнып тұрған Абай мұралары – кітаптарын көрсетті. Абай атаның ілімін шамшырақ етіп ұстайтынын айтып, үнемі жұмыс үстелінен табылатын ақынның кітаптары әрбір ісіне бағдаршам болып, жол сілтеп тұратынын жеткізді. Мектеп тарихы мен мұнда беріліп жатқан білім-тәрбие турасында ой бөлісті. 
– Қапал уезі халықтық білім беру бөлімінің құжаттарына сүйенер болсақ, мектеп 1921 жылдың қыркүйегінде құрылған. Демек, жүз жылдан артық тарихы бар қаламыздағы алғашқы ашылған оқу ошақтарының бірі. 1945 жылы 15 тамызда Абайдың 100 жылдығына орай мектепке ақын есімі берілген. Бір ғасыр ішінде мектеп бірнеше орынға қоныстанған. 1982 жылы осы ғимаратқа көшірілді. Оған дейін қазіргі №18 мектеп-лицей қоныстанған ғимаратта орын тепкен еді. Тәрбие бағытына келер болсақ, Абай атамыздың қалдырған тағылымды өлеңдерін, қара сөздерін басшылыққа аламыз. Үнемі оқушылардың көз алдында тұрсын, жаттап өссін деп мектеп дәлізіндегі үлкен стендке ұлы ақынның қара сөздерін екі тілде жаздырып қойдық. Абай атамыздың әрбір сөзі тағылым, оны бойларына сіңіріп өскен оқушыларымыз жақсы азамат болып шығады деп сенеміз. Былтыр Президенттің Жарлығымен 10 тамыз – Абай күні болып белгіленді. Оған біз қатты қуандық. Жылына бір рет Абай күні аталып өтіп жатса, нұр үстіне нұр емес пе? Біз Абай атындағы мектеп болған соң бұл күнге ерекше дайындаламыз. Жалпы қаламызда өтетін Абай оқулары да жыл сайын осы мектепте ұйымдастырылады. Абай атамызға арналған көптеген шараларға да мұрындық боламыз. Абай ақынның мұралары қанша оқып, зерттесек те тереңіне сүңгіп жете алмайтын рухани ілім. Адамның бойына жақсы қасиеттерді дарытады. Онымен қанашама ұрпақ тәрбиеленіп жатыр, – деді бізбен әңгімесінде Самғат Садырбайұлы. 
Ғасыр жасаған мектептен мыңдаған түлек түлеп ұшты. 960 орынға арналған ғимаратта бүгінде 1665 бала білім алуда. 122 ұстаз дәріс береді. Абай мектебін қаладағы көпұлтты білім ошағы десек болады. Ұстаздардың арасында да, оқушылардың қатарында да түрлі ұлт өкілдері баршылық. Атап айтар болсақ, қазақ, орыс, татар, кәріс, чешен, неміс, грузин, т.б. ұлттың өкілдері бір мектепте ынтымақтаса білім алып, жұмыс атқарып жатуы түсіністік пен бірліктің арқасы. 
Мектеп жетістігі де ауыз толтырып айтарлық. Оқушылар түрлі олимпиадалар мен ғылыми жоба, өнер, спорт жарыстарында топ жарып келеді. Соның бір дәлелі – аталмыш білім ошағы 2020 жылы қала мектептері арасында «Ең үздік олимпиадалық команда» атағын иеленуі. 
Былтыр ұлы Абайдың 175 жылдығына орай мектеп күрделі жөндеуден өткен. Ғимарат алдына Абай атамыздың ескерткіші орын тепкен. Ендігі кезекте ескерткіштің салтанатты ашылу сәті күтілуде. 
Бүгінде жаңарып, жасара түскен білім ошағы кең де жарық. Адамгершілік тәрбиені ұлағат тұтқан мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің шоқтығы биік. Өйткені, дәл осы сабақта Абай атамыздың тағылымды сөздері мен шығармаларын кеңінен оқуға орын беріледі. Біз есігін имене ашқан кабинетте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тоғжан Хуатқызы 6 «а» сыныбына сабақ өткізіп жатты. «Балалар Абай атасының шығармаларын қаншалықты біледі екен?» деген сауалымызға жауапты да осы жерден таптық. Ақын өлеңдері мен қара сөздерін жарыса жатқа айтып берген оқушылардың талабы мен талпынысына қарап сүйсіндік. Оқушылар Абай ақынның өлеңдері туралы пікірін айтып, осы мектепте оқып жатқандағы сезімдерімен бөлісті.
Алдияр Саят, 
6-сынып оқушысы: 

– Мен Абай атаммен мақтанамын. Шығармалары шет тіліне де аударылып жатыр. Маған өлеңдері, аудармалары қатты ұнайды. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деп шығармаларын кейінгі ұрпақ үшін жазған, өлеңдерін болашаққа арнаған. Сондықтан да өлеңдері терең мағыналы. Күн сайын мектепке келе жатқанда Абай ата туралы ойлаймын. Үлкен суретіне көз тастап сырласамын. Болашақта өмірден өз орнымды тауып, жақсы азамат болып қалыптассам осы білім алып жатқан мектебімнің, ұстаздарым мен ата-анамның үмітін ақтағаным.

Арай Нұрбай, 
6-сынып оқушы: 

– Маған Абай атаның «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы», «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңдері ұнайды. Ол арқылы барлық оқушыларды білім алуға, еңбек етуге шақырады. Осындай өнегелі ақынның атындағы мектепте оқу біз үшін мақтаныш әрі үлкен жауапкершілік. Сол үшін көп оқып, Абай атамыздың атындағы мектептің туын биік ұстауға тырысамыз.
Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен бөлек «Абайтану» сабағы оқытылады. Бұл тұрғыда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тоғжан Хуатқызы әңгімелеп берді. 
– Оқушыларға Абай атамызды жете танытып, шығармаларын меңгерту мақсатында 9, 10, 11- сыныптарда «Абайтану» факультативті сабағы жүргізіледі. Бірінші тоқсанда ақынның өмірбаяны, өлеңдер жинағы таныстырылады. Екінші тоқсаннан бастап Пушкин, Лермонтов, Крыловтан аударған шығармаларына назар аударамыз. Қазір үшінші тоқсанда Абайдың қара сөздерін оқып, ондағы философиялық ойларды талдап жатырмыз. Сол заман мен бүгінгі күндегі құндылықтарды таразылап, әлеуметтік жағдайды салыстырамыз. Алдағы жоспарда Абайдың поэмалары бар. Балалар сабаққа қызыға қатысады. Қазір интернеттің заманы. Оқушыларды сәл де болса осыдан алшақтату мақсатында шығармаларды кітаптан оқуға мән береміз. Бір оқушыда Абай атамыздың кем дегенде бір кітабы болуын қадағалаймыз, –деді ұстаз. 
Мектепте оқумен қатар тәрбие жұмысы да үздіксіз жүргізіліп отырады. Тәрбиенің 8 бағыты бойынша жоспарға сай іс-шаралар атқарылуда. Бұл турасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гаухар Нұрланқызы баяндады. 
– Мектебімізде тәрбие сағаттары, үйірмелер, дебаттар, спорттық мәдени және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түрлі іс-шаралар өтіп тұрады. Оның ішінде Абай атамызды дәріптеу мақсатында өтетін шаралардың орны бөлек. Өйткені, одан оқушылар рухани тәлім алады. Қала көлемінде Абай ақынға арналып өтетін шаралардан да мектебіміз тыс қалмайды. Атап айтар болсақ, Талдықорған қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Ардагерлер үйінде “Ұлы Абайға – 175 жыл” тақырыбында шара ұйымдастырылды. Оған қатысқан мектебіміздің директоры С. Долаев баяндама оқыса, оқушыларымыз Абай атамыздың туындыларын паш етті. Қала күніне орай мектептер арасында «Күз тартулары» байқауы ұйымдастырылды. Байқауда әртүрлі тақырыпта қолөнер түрлері қамтылды. Мектебіміздің «Абайдың 175 жылдық мерейтойы» тақырыбында дайындаған қолөнер көрмесі І орынға ие болды. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, Достық үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің аясын кеңейту мақсатында өткен «Мен қазақша сөйлеймін» акциясында мектебіміздің оқушылары «Гетені тірілткен Абай» сахналық қойылымын қойды.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қабырғасында өткен “Әннің де естісі бар, есері бар” атты әдеби-сазды кешке мектебіміздің оқушылары белсене қатысты. Сондай-ақ, Жетісу университетінің оқытушысы Серікбол Шыныбаев өз шәкірттерімен мектебімізге келіп, 8-11-сынып оқушыларына Абай атамыздың әндерін орындап берді. Біздің мектеп оқушылары да атсалысып өздерінің ақын шығармаларын жатқа білетінін көрсетті. Мектебіміздің оқушысы Болат Аружан «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы» тақырыбында мақала жазып, ақын есімін асқақтатты. 
«Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы шығармашылығын жастар арасында дәріптеу мақсатында ұйымдастырған VII республикалық «Абай оқулары» атты мәнерлеп оқу онлайн-байқауына қатысқан оқушыларымыз Бекжан Жақсыбай, Айбике Сәрсенғазықызы, Арай Нұрбай, Аида Қабдолда өнерлерін паш етті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары» тақырыбында қазақ тілі пәнінің мұғалімі, 6 «ә» сынып жетекшісі Тоғжан Хуатқызы тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында оқушыларға қазақ халқының ұлы ақын-жазушыларымен, оның ішінде Абай Құнанбайұлының шығармалары мен өмірбаяны жайында бейнеролик ұсынды. 
Мектебіміздің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жадыра Дауытова І республикалық «Абай әлемі рухани мұрасы» тақырыбында қашықтық олипиадасына қатысып, сертификат иеленді.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай мектебімізде «Көңілді старт» эстафеталық ойындар жарысы өткізілді. Жарыста ұстаздарымыз күш сынасты. Ақынның мерейтойына арналып 8-10-сынып қыздары арасында «Білектей арқасында өрілген бұрым» атты байқау ұйымдастырылды, – деді.

Байқап отырғанымыздай, Абай мектебінің ұстаздары мен оқушылары ақын есімін дәріптеу, шығармаларын насихаттау мақсатында өтетін түрлі шараларға атсалысып, білім ошағы қабырғасында да жиі ұйымдастырып тұрады. Балаларға лайықты білім, тәрбие берумен қатар ақын есімін ардақтау – мұндағы ұстаздар үшін ең басты парыз. Артында ұрпағы, есімін әспеттейтін ел-жұрты барда Абай Құнанбайұлының шығармалары мәңгі жасай бермек. Өйткені ақынның өлеңдері мен қара сөздері педагогикалық ой-пікірге, тәлім-тәрбиеге, даналыққа толы. Сондықтан да жас ұрпаққа берер үлгі-өнегесі мол.

Алма ЕСЕНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жоғары білім алғандардың әрбір үшіншісі басқа салада еңбек етеді

Жоғары білім алғандардың әрбір үшіншісі басқа салада еңбек етеді

27.04.2026
Қазақстанда әлем брендтерінің ауыл шаруашылығы техникасы шығарылады

Қазақстанда әлем брендтерінің ауыл шаруашылығы техникасы шығарылады

27.04.2026
2000 теңгелік купюра енді қабылданбайды

2000 теңгелік купюра енді қабылданбайды

27.04.2026
ЖИ дәуірінде гуманитарлық білімге басымдық берілуі тиіс – Аймағамбетов

ЖИ дәуірінде гуманитарлық білімге басымдық берілуі тиіс – Аймағамбетов

27.04.2026
Бас Прокурор Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы өкілдерін және ірі инвестор компанияларды қабылдады

Бас Прокурор Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы өкілдерін және ірі инвестор компанияларды қабылдады

27.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.