Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МАЛ БАҚҚАНҒА БІТЕДІ

24.01.2022
КҮЛТӨБЕ
МАЛ БАҚҚАНҒА БІТЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазір  кәсіпкерлігін  мал  шаруашылығымен  байланыстырған  ағайын  көбейді. Жөн,  өйткені  базардағы  мал  өнімдерінің  бағасы  жыл  санап  қымбаттап,  шаруаның  отбасына  береке  беруде. Сондықтан  ауылдағы  малы  бар  шаруа  төрт  түлігін  қайтадан  түгендей  бастады. Тіпті  Алматы,  Астана, Талдықорған  сынды   қалаларда  тұратын  қалталы  азаматтар  ауылға  ат  басын  бұрып,  жайылымдық  жер  алып, қора-қопсысын  салдырып,  өсіру  үшін топтап  мал  сатып  алуда. Бұл  үрдіске  Үкіметтің  асыл  тұқымды  мал  шаруашылығын  өркендету  бағытындағы  қомақты  қаржылай  қолдауы  да  оң  ықпал  жасағаны  айдан  анық.

Ауылшаруашылығы өндірісін  жан-жақты  дамытуға қолайлы Жаркент  өңірінде  соңғы  жылдары  тек  асыл  тұқымды  мал  өсіретін  40-қа  жуық  шаруашылық    пайда  болды.  Олардың 30-дан  астамы  ірі қара,  бесеуі  қой  және  екеуі  жылқы  өсіруге  бейімделген. Панфилов  ауданында  ғана  барлық  меншік  түрін  қосқанда жалпы  319  мыңнан  астам   қой-ешкі, 89  мыңнан  астам  ірі қара,  22755  жылқы  бар. Осынша  малды  шығынсыз өсіру үшін  мыңға  тарта  малшы  керек  екен. 
Бүгінде  ағайынның  жақсы  малшы  таппай  аяғынан  тозып  жүргенін  жиі  байқаймыз. «Ал  жақсы  малшы  қандай  болады?»  деген  сауал  төңірегінде  ой  өрбітсек,    төрт  түлік  өсірудің  жай-жапсарын  тиянақты  білетін, мінезі  орнықты, дала  табиғатындағы қиындықтарға  төзе  алатын  шаруақор  жандар  көз  алдыңа  келеді. Кешегі  кеңес  кезеңіндегі  шаруашылықтардың  мақтанышына  айналған  озат  шопан,  білікті  бақташы,  жігерлі  жылқышылар  қазір  некен-саяқ. 
Мәселенің  мәні  кешегі  мен  бүгінгіні  салыстыру  арқылы  зерттегенде  айқындала  түседі. Кеңес  кезеңіндегі  шаруашылықтарда  мал  баққандар  егер  жақсы  еңбек  етіп, өрістегі  малы  қоңды,  төлді,  басқа  да  өнімдері  мол  болса   басшылық  тарапынан  ақшалай,  заттай  сый-сияпатқа  қарық  болып, үкіметтен   оларға  орден,  медаль  беріліп  жататын. Озат  малшылар  арасында  мемлекеттің  ең  жоғарғы  наградасына  ие  болған  Еңбек  Ерлері  де  аз  емес. Олардың  арасында  Жазылбек  Қуанышбаев  сынды  екі  мәрте  Еңбек  Ері  атанған  майталманымыз  да  бар. 
Бүгінгі  қарапайым  малшыға  осындай  құрмет  көрсетіле  ме? «Әкең  болса  құлдың  керегі  не?» демекші,  бүгінгі  қожалық иелері көбінесе  өзінің  жақын  туыстарын, таныстарын  жалдайды. Оларға  жарытып  жалақы  төлеп,  зейнетақы  қорын  қомақтамаса     да жотадан  қағып, алдап-арбап  жұмыс  істетуге  ыңғайлы. Еңбек  кодексіне  сәйкес қожайын  мен  малшы  арасында  келісімшарт  жасау  мәселесі  мүлде  ескерілмейді. Малдың  жайын  жақсы  білетін  шаруалардың  көпшілігі  біреудің  малын  бағуға  ынталы  емес. Өйткені  қожайындары  төлейтін  айлық  жалақы даладағы  мал  соңында  демалыссыз тартқан  азабына  арзымайды. Кешегі  кеңес  шаруашылықтарынан  қалған  кетеуі  кеткен  көне  қора,  жауын-шашында  төбесінен  су  сорғалаған  ескі  там  үй,  ондағы  тұрмыстық  жағдай  (электр  жарығы, газ, теледидар  жоқ)  көңіл  көншітпейді.
Өз  ісіне  мығым,  малшы  болуға  әбден  лайық  дейтін  ауылдың  қарапайым  шаруалары  жаңағыдай  жайсыздықтан  гөрі   жылда  туып  тұрған   екі,  үш   сиыр,  бірер  жылқысы  мен  20-30  қойын  өз  қорасында  бағып, солардың  төлінен, сүті  мен  жүнінен  нәпақасын  айырып  отыр. Ал  азын-аулақ  қаржыға  малшы  болуға  келісетіндердің  көпшілігі  тіршілікке  икемі  жоқ, әр  нәрсенің  басын  бір  шалып жүргендер. 
Жоғарыдағы айтылғанға қарап қожалық иелерінің  бәрі  шық  бермес  шығайбай  екен  деп ойлап қалмаңыз. Жаркент  өңірінде  асыл  тұқымды  мал  өсіретін  Тасқын  Жапарқұлдың  «Ернар»,  Өтеген  Бітебаевтың  «Мәдина», Жаңыл  Көккөзованың  «Айгерім»  жеке  шаруа  қожалықтары, Болат  Көшкінов жетекшілік ететін  «Керімағаш»  қожалығында  малшыларға  жоғары  жалақы  төлеумен  қатар олардың  тұрмыстық  жағдайын  жақсартуға  барлық  мүмкіндік  туғызып  келеді. Аталған  қожалықтар  мерекелерде  малшы  отбасына  сый-сияпаттар  жасау  арқылы  олардың  көңіл  күйін  көтеруді  ұмыт  қалдырмайды. Осылардың ортасында  Тасқын  Жапарқұл  өткен  жылы  бірнеше  малшысына, механизаторына  жекеменшік  үй  салып  қуантқанын жазғанбыз. 
«Мал  өсірем  десең,  малшыңды  бақ»  деген  тәмсілді  ертедегі  ата-бабаларымыз  тегін айтпаса керек. Ендеше,  алдымен  малшыда  жоғары  жалақы,  жайлы  тұрмыстық  жағдай  болмайынша  бұл  іске  құлшыныс  білдіретіндердің  саны  көбеймейді. Ал  жиі  ауысқан  малшыдан  қораға  береке  кірмейді. Өйткені  тәжірибесі  жоқ, малдың  жәйін  білмейтін  адам  уақытты,  өрісті,  қолда  бар  жемшөпті  тиімді  пайдалана  алмайды. Ауырған  малды  емдеу,  құрттау  оның  қолынан  келмейтіні  де  белгілі.
Ағайындар  арасында  жиі  көріп,  естіп  жүрген  жайлар  болған  соң  ойымызды  ортаға  салуды  жөн  көрдік. Елімізде  жастарды  да  атакәсіпке  тартудың  жолы,  амалы  қарастырылса  құба-құп. Бұл  бағытта  кешегі  ұжымдық  шаруашылықтардағы   өндірістік  негізде  мыңдап  қой  бордақылаған  кешенді  жастар  бригадаларының  тәжірибесі  кәдеге  жарар  еді. Бұл  да  ауылда  сенделіп  жұмыссыз  жүрген  жастарды  еңбекпен  қамтуға  сеп  болар  еді.

 

Мырзағали  Нұрсейіт,
Панфилов  ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтардың 22,8 млрд теңге айыппұлы кешірілді

Қазақстандықтардың 22,8 млрд теңге айыппұлы кешірілді

24.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Сайлау науқаны: Бюллетеньді суретке түсіруге тыйым салынды

24.07.2026
Алимент енді арнайы шотқа аударылады

Алимент енді арнайы шотқа аударылады

24.07.2026
Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

23.07.2026
Қараталда экологиялық рейд өтті

Қараталда экологиялық рейд өтті

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.