Талдықорған: +9°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ТҰРҒЫНДАРҒА ТАҒЫ ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

12 қаңтар 2022
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ТҰРҒЫНДАРҒА ТАҒЫ ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Құрметті Алматы облысының тұрғындары, жерлестер! Облыс аумағында орын алған тәртіпсіздік, дүние-мүлікті қирату және тонау фактілерін жақсы білесіздер. Радикалды күштер жағдайды тұрақсыздандыруға тырысты. Дүкендер тоналды, әкімшілік ғимараттар бүлінді. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметтік борышын атқару кезінде полицейлер мен Ұлттық гвардияның әскери қызметкері қаза тапты.

Облыстық полиция департаменті мен Талдықорған қалалық полиция басқармасы қызметкерлерінің көбісі әртүрлі дене жарақаттарын алды. Олардың барлығы өз өмірлерін қатерге тігіп, анттарына адал екендерін дәлелдеп, ел тыныштығын қорғауда ерен ерлік көрсетті.

Жағдайды тұрақтандыру мақсатында Талдықорған қаласының жан-жағына 4 блокбекет қойылды, қала ішінде 20 блокбекет бар. Ол жерлерде полицейлер мен әскерлер тәулік бойы жұмыс атқаруда. Қала тыныштығын тәулік бойынша үздіксіз 35 автопатруль және күндіз 20 жасақ жаяу патрулі күзетуде. Полиция қызметкерлері бес ірі сауда орталығының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, тұрғындардың күнделікті алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасауда.

Тәртіпсіздік және дүние-мүлікті тонау қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен жеті жүзден астам адам полиция органдарына жеткізілді. Дерек бойынша 65 қылмыстық іс қозғалып, 62 күдікті адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Арнайы операция барысында қылмыскерлерден жүзге жуық атыс қаруы алынды. Осы бағыттағы мақсатты жұмыстар одан әрі жалғасуда.

Құрметті тұрғындар, егер сіздерде орын алған бұзақылық және мародерлік әрекеттерге қатысы бар адамдар туралы қандай да бір мәлімет болса, бізге хабар берулеріңізді сұраймын.

Бүгінгі таңда облыстағы жағдай толық бақылауда. Облыстағы жағдайдың жақсаруына байланысты 12 қаңтардан бастап сағат 20.00-ден азаматтардың қозғалысына қойылған шектеулер алынады. Бірақ Төтенше жағдай кезінде Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген коменданттық сағат 23.00-ден таңғы сағат 7.00-ге дейінгі шектеулер сақталады.

Осыған орай барлық тұрғындардан қала және облыс аумағында жүру кезінде жеке куәлігін алып жүрулеріңізді және төтенше жағдай талаптарын қатаң сақтауды, үйде отыруларыңызды сұраймын.

Құрметті жерлестер! Қиын уақытта полиция қызметкерлеріне көмек қолын созған, атап айтқанда, тәртіп сақшыларын тамақпен және өзге де қажетті заттармен қамтамасыз еткен жеке кәсіпкерлерге, фермерлерге және қарапайым азаматтарға ерекше алғысымды айтқым келеді. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысқан азаматтарға да өз ризашылығымды білдіремін.

Серік КҮДЕБАЕВ,

Алматы облысы полиция департаментінің басшысы, облыс коменданты

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Бүгін, 17:22
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Бүгін, 16:45
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Бүгін, 15:20
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Бүгін, 12:26

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.