Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЕСІКТЕ ТӨРТ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ЖИНАЛЫП, БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

23 желтоқсан 2021
РУХАНИЯТ
ЕСІКТЕ ТӨРТ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ЖИНАЛЫП, БАЯНДАМА ЖАСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «ІІ Есік оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған алқалы жиында «Еуразия далалық белдеуіндегі мемлекеттіліктің пайда болуы мен дамуы: алғышарттары, кезеңдері, салдары» атты тақырып жан-жақты қамтылды. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Онлайн және оффлайн форматта жалғасқан конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар қатысты. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Арғынбеков, ҚХР Шәнси провинциясы археологиялық институтының директоры Сунь Чжоу Юн, Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының жетекшісі Ақан Оңғарұлы, Түркияның Хажетепе университетінің профессоры Мехмет Дервиштер құттықтау сөз сөйлеп, аталған жиынның мәні мен маңызына тоқталды.

Ғылыми конференцияны ашып, жүргізген «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова:

— Аталған шара осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Жылдан-жылға «Есік оқуларының» аясы кеңейе береді. Бүгінгі конференцияға Түркия, Белгия, Қырғызстан және Қытай Халық Республикасынан ғалымдар қатысып отыр. Мәселен, біз Қытайдың Сиянь қаласындағы археологиялық институтпен бірлесе жұмыс істеп келе жатқанымызға біраз жылдың жүзі болды. Шетелдік әріптестермен өзара тығыз байланыс орнату арқылы археологиялық зерттеу жұмыстарының сапасы артады, – деді.

Алқалы жиында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Иран-Тұран» зерттеу орталығының директоры Ислам Жеменей «Сақ тарихы жазба деректер мен зерттеу еңбектерде» атты тақырыпта баяндама жасады. Ғалым ежелгі тарихи жазба деректерді аударатын мамандардың тапшылығын тілге тиек етті.

— Өкінішке қарай, біз осы кезге дейін тарихи жазба деректерді басқалардың аударуымен, басқалардың көзқарасымен зерттейміз деп көп нәрседен құр қалдық. Сондықтан жоғалтқанымызды түгендейтін уақыт жетті деп ойлаймын. Біз енді ежелгі Иранның шеге, авеста жазбаларын, көне грек тілін тікелей қазақшаға аударатын мамандар даярлаумыз қажет. Сол арқылы арғы тарихымызды тереңнен зерттеуге кең жол ашылады, – деді Ислам Жеменей. Сонымен қатар, конференцияда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, түркітанушы Александр Гаркавец «Руническая надпись на малой иссыкской чаше», Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Зекенұлы «Шығыс Тянь-Шаньдағы сақтардың көне мұралары», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен келген тарих ғылымдарының кандидаты Тәттігүл Қартаева «Археологиялық ескерткіштердің этнографиялық интерпретациясы және далалық археоэтнографиялық зерттеулер жүргізудің маңызы», «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлмира Мұхтарова «Кемел Ақышевтың еңбектеріндегі мемлекеттіліктің қалыптасуы мен даму мәселелері» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Секциялық отырыста тағы біраз баяндамалар тыңдалды. Ежелгі дәуір мен орта ғасырлардағы далалық Еуразияның әлеуметтік және саяси тарихы, археологиялық мұрасының өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Ғалымдар халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмыстарын қорытындылай келе арнайы қарар қабылдап, «ІІ Есік оқуларының» жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Болат МӘЖИТ

Еңбекшіқазақ ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Бір аптада мас күйінде көлік басқарған тоғыз жүргізуші ұсталды

Бір аптада мас күйінде көлік басқарған тоғыз жүргізуші ұсталды

Бүгін, 09:30
13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

Бүгін, 08:47
Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.