Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КІТАПҚҰМАР АЗАМАТТАРҒА АҚШАЛАЙ СЫЙЛЫҚ БЕРІЛДІ

19 желтоқсан 2021
РУХАНИЯТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КІТАПҚҰМАР АЗАМАТТАРҒА АҚШАЛАЙ СЫЙЛЫҚ БЕРІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» байқауы өз жалғасын тауып, жүлдегерлер марапатталды. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай онлайн режимінде өрнек тапқан байқауда төрт жүзден аса оқырман бақ сынасты. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Тіл сарайында өткен марапаттау салтанатының шымылдығын аталмыш басқарманың басшысы Болат Керімбек құттықтау сөзбен ашты. Ол кітаптың ұлы құндылық екенін айшықтап, адам баласы парасат биігіне тек кітап оқуды дағдыға айналдыру арқылы жететінін жеткізді.

– Ғаламдық мәдениеттің бір бөлігін кітап қана құрайды. Кітап оқу – білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Адамға таптырмайтын бірден-бір пайдалы дос – кітап. Ешкімнің мазасын алмайтын, керек кезде жаныңнан табылатын, қиналғанда ақылшы болатын, үйреткен ақылына ақы сұрамайтын, жан сарайыңды серпілтетін, көңіліңе шабыт қондыратын, өзі үн қатпаса да, өзінің ішкі әлемімен елітетін, дұрыс таңдау жасауға жол сілтейтін, әрі адамды жалықтырмайтын серік деуге де болады. Бүгінгі ХХІ ғасырда оқып, жаза алмайтын адам сауатсыз емес, кітап оқып өзін-өзі дамытуға ұмтылмайтын адам сауатсыз, – деген тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Г.Бітебекова, «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» байқауы туралы жалпылама баяндама жасады.

Күн артқан сайын жастарды ынталандырып келе жатқан байқауда оқырманға төрт кітап ұсынылды. Студенттерге О.Бөкейдің «Атау кере», Е.Ергелдіннің «Жаңа өмірге мотивация» кітаптары, ересектерге Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін», Р.Кийосакидың «Бай әке, кедей әке» шығармасы оқылымға таңдалып алынған. Аталмыш шығармаларды оқығаннан кейін бірінші кезең шарты бойынша арнайы тест тапсырып, 30-дан жоғары бал жинаған қатысушылар келесі кезеңге жолдама алған. Екінші кезеңде ZOOM платформасы арқылы арнайы ұяшықтарды таңдап, ішінен шыққан тосын сауалға жан-жақтылы жауап берген. Осылайша байқаудың қос кезеңі бойынша жақсы нәтиже көрсеткен оқырман олжалы болып, жүлдегерлер сапынан төбе көрсетті.

Рухани байқаудың қорытындысы бойынша ақсулық Мәдина Үсембай, талдықорғандық Сәуле Мәулетбекова мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің білімгері Ақмарал Асқарбекова жүлделі І орын иегері атанып, 100 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.

Марапаттау рәсімінен кейін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетенің Шетел тілдері және аударма ісі білім беру бағдарламасы бойынша оқытушысы, кіші ғылыми қызметкері Дәулеткере Мүлік, Талдықорған қаласы №4 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» клубының мүшесі Мөлдір Әбілмәжін, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының әдіскері Сәуле Сурабалдинова сөз алып, байқау туралы ойларын ортаға салды. Әділқазылық еткен аталған азаматтар келесі жылы рухани шараға қатысушылар саны екі есе артуына тілектестігін жеткізді.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59
Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін, 13:30
Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.