Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖАЙЛЫ АЛҒАШ АҚПАРАТ ТАРАТҚАН ЖУРНАЛИСТ

16 желтоқсан 2021
РУХАНИЯТ
ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖАЙЛЫ АЛҒАШ АҚПАРАТ ТАРАТҚАН ЖУРНАЛИСТ
WhatsAppTelegramFacebook

Біздің бабаларымыз тәуелсіздікті 300 жыл бойы аңсады.  Сол ұлы ұғым ХХІ ғасыр ұрпақтағының санасына берік бекіп, ел еңсесін биік етті. Сондықтан, шүкірлік етуге тиіспіз. Әрине,  тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Білектің күшімен, найзаның ұшымен кең-байтақ жер мұра болып қалды. Оны ертеңгі ұрпаққа аманнаттау бүгіннің ең асыл міндеті әрі парызы.

Әлбетте, тәуелсіздіктің негізін қалаған, оның көшбасында тұрған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін халық, әлем жұртшылығы жоғары бағалайды. Қазір Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі «Түркі мемлекеттері ұйымы» деп аталады. Түркі кеңесінің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бауырлас елдер «2040 тұжырымдамасын» бекітті. Бұл құжат 2040 жылға дейінгі ынтымақтастықтың негізін құрайды. Түркі мемлекеттері ұйымының ұйытқысы болып отырған Қазақстанды бүкіл ел қолдап отыр. Осының барлығы біз үшін үлкен мәртебе деп есептеймін.

Мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірнеше кездесулерінде қасында болдым. Онда Қазақ телевизиясында арнаулы тілші, шолушы деген қызмет атқардым, диктор да болдым. Ол кісімен бірінші сұхбатым 1989 жылы өтті. Дәл сол уақытта КСРО халық депутаттарының бірінші съезі болды. Халық депутаттарының съезі біте салысымен Геннадий Колбин Мәскеуге жұмысқа ауыстырылды. Қазақ КСР Компартиясының Орталық комитеті 1989 жылғы 22 маусымда  бірінші хатшы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. Содан кейін Нұрсұлтан Әбішұлы мешітке барып, дұға жасап, Аллаға құлшылық етті. «Тәуелсіздіктің жолын ертерек аш» деген болу керек, аз уақыттан соң ұлы арман орындалды емес пе?! Германияда «Азаттық» радиосы болатын, сонда Қасен Оралтай деген басшысымен хабарласып, мен ақпарат бердім. Сонда «Азаттық» радиосы: «Бірінші хатшы лауазымына қазақ ұлтының өкілі келді, мұсылман ұлы Алланың үйіне бірінші бас сұғып, халқының амандығы үшін, тәуелсіздіктің болашағы үшін құлшылық етті», – деген хабар таратты. Оған бүкіл әлемнің, әсіресе, түркі дүниесінің халықтары үлкен ден қойған болатын. Бұл да бір тарихи кезең деп айтамын.

Тағы бір тарихи кезеңнің бірі 1991 жылғы 1 желтоқсанда Республика Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушыларының толық қолдауына ие болды. Нәтижесінде Қазақстан тарихындағы Тұңғыш Президент сайланды. Сол күні мен бірінші сұхбат алған қазақ журналисімін. Бұл да менің басыма келген үлкен бақ, мәртебе. Одан кейін Елбасы бірінші іссапарын Түркиядан бастады. Өйткені, Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші мойындаған Түркия мемлекеті еді. Сонда Президенттер екеуара сөйлесіп жатыр. Нұрсұлтан Әбішұлы Тұрғыт Өзалдан «Түркияда қанша қазақ бар?» деп сұрады. Біздің қазақ ағайындарының қаншасы барын білгісі келген болу керек. Алайда Тұрғыт Өзал қазақты бөлмей: «Менімен алпыс миллион қазақ бар», – деді.

Осы жаңалықтарды бүкіл әлемге паш еткен, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін шет мемлекетте хабар таратқан алғашқы журналиспін. Кейін ел сенім артып, халықаралық аккредитация алып, Қазақстан телевизиясы мен радиосының Түркия Республикасындағы тұңғыш тұрақты арнаулы тілшісі қызметін атқардым. Түркия Президенті Тұрғыт Өзал, Премьер-Министр Сүлеймен Демирелден Қазақ телевизиясына бірінші сұхбат алдым. Қазіргі ел Президенті, сол кездегі Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың келісімімен Қазақстанның Стамбул қаласындағы Бас консулы қызметіне тағайындалдым. Бұл мен үшін үлкен құрмет болды.

Қазақ халқының береке-бірлігінің нәтижесінде барлық қиындық артта қалды. Аллаға шүкір, Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толды. Мемлекеттің даму қарқыны жоғары, елдің жағдайы күн сайын жақсарып жатыр. Бүкіл қазақстандықтарды мерейлі мерекемен құттықтаймын. Ел іргесі тыныш, жұртымыз аман болсын!

Ержан УӘЙІС,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қатысты жаңалықтар

Бір аптада мас күйінде көлік басқарған тоғыз жүргізуші ұсталды

Бір аптада мас күйінде көлік басқарған тоғыз жүргізуші ұсталды

Бүгін, 09:30
13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

Бүгін, 08:47
Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.