Талдықорған: +18°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БАСПАНАҒА МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАР ҚОНЫСТОЙ ЖАСАДЫ

15.12.2021
ӘЛЕУМЕТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БАСПАНАҒА МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАР ҚОНЫСТОЙ ЖАСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ақсу ауданында 30 үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлерді бірінші кезекте баспанаға мұқтаж отбасылар алды. Салтанатты шараға Ақсу ауданының әкімі Есім Базарханов қатысып, осыған дейін баспана машақатын тартып жүрген жандарға су жаңа пәтер кілттерін тапсырды. Дәл осындай қуанышты шара Қарасай, Көксу аудандарында да жалғасын тапты.

Жалпы құны 503,913 млн.теңге болатын бұл үйлер тұрғын үй кезегінде тұрғандарға ұзақ мерзімге жалға алу құқығымен беріліп отыр. Аудан әкімі құттықтау сөзінде жиналған көпшілікті Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, мұның бәрі тұрғындардың қамы үшін жасалып жатқан игі іс екенін жеткізді.

— Кешегі Желтоқсанның жалынды жастары басын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылды. Олардың ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан жастарына өшпес өнеге. Ұлы дала елінің ұлық мерекесі, елдігіміздің тұмары – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Ұрпақ ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Ел ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін! — деп ізгі тілегін ақтарған Е.Базарханов мерейлі мерекенің құрметіне 30 жеке тұрғын үйдің кілтін табыстады.

Өңірде тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі ерекше назарда.​ Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Нұрлы жер» бағдарламасы Ақсу ауданында да ойдағыдай жүзеге асырылуда. Мұның бәрі тұрғындардың мүддесі үшін екені айтпаса да түсінікті. Бұл бағытта ауданда қыруар шаруа атқарылған.

— Бірнеше жылдан бері кезекте тұрған жерлестеріміз баспаналы болып, тұрмыс жағдайын жақсартып, үлкен қуанышқа бөленуде. Қоныс тойларыңыз құтты болсын, — деді аудан әкімі.

Баспана бақытына кенелгендердің қатарында ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, көпбалалы аналар, апатты жағдайдағы үй иелері, бюджет қызметкерлері бар. «Тәуелсіздік күні қарсаңында үйлі болып отырмыз. Қуанышымызда шек жоқ. Президентімізге, облыс және аудан басшылығына алғысымыз шексіз. Енді өз үйіміз бар, емін-еркін жүретін болдық. Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізе алмаймыз», — дейді жаңа үйге кірген көпбалалы аналар.

Айта кетейік, тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық желілер тартылып, аумағы абаттандырылған. Бұл жұмыстарға 287,246 млн.теңге көлемінде қаражат жұмсалған. Құрылыс жұмысын соңына дейін жеткізген мердігер компания — «Нұр-Құрылыс болашақ» ЖШС.

***

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Көксу ауданының жұртшылығы да толайым қуанышқа кенелді. Аудан орталығы Балпық би ауылында көппәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді. Баспаналы болу бақытына тұрғын үй кезегінде тұрған жандар қол жеткізді.

Тұрғын үйдің салтанатты ашылу шарасында аудан әкімі Алмас Әділ баспаналы болып жатқан жандарды құттықтады.

— Ауданымызда баспана мәселесі жыл санап шешімін тауып келеді. Тұрғын үй құрылысы жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Атап өтсек, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы 20 пәтер, 2019 жылы 20 және 50 пәтерлі тұрғын үй кілттері кезекте тұрған азамттарға берілсе, алдағы уақытта 14 көшеден 21 жер үйдің және бір 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарымызда бар. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде белгілеген міндеттердің нақты жемісі. Халық даналығында «Отан – қуат, отбасы – шуақ» деген сөз бар. Олай болса баспаналы болған жаңа қоныс иелерін шын жүректен құттықтап, шаңырақтарыңыз шаттық пен қуанышқа, отбасыларыңыз бақыт пен ырысқа кенелсін дегім келеді, – деді ол. Бұдан соң 60 пәтерлі үйдің кілттерін жаңа иелеріне салтанатты түрде тапсырды.

Жаңа қонысқа қадам аттаған тұрғындардың көңілдері шат. Сондай жанның бірі – «Алтын алқалы» ана Бағила Мамекбаева. 81 жастағы әже жеті жыл үй кезегінде тұрған.

— Бұл күнге де жеттік, тәубе. Енді осы үйде немерелерім асыр салып ойнайтын болады. Қуанышымда шек жоқ. Өзім он бала өмірге әкелген, мал шаруашылығында еңбек еткен жанмын. Бейнеттің өтеуі деген осы болар. Оның қызығын балаларың көргеннен артық қандай қуаныш бар, – деді бақытты әже.

Алыстан менмұндалап, іші де, сырты да жарқырап тұрған, жаңадан салынған ғимараттың құрылыс жұмысы өткен жылы бастау алған. Баспана салуға 550 миллионнан астам қаржы жұмсалған. Құрылыс жұмысын «СП NEFT» ЖШС жүргізген. Барлық талапқа сай, сәні мен сапасы көңілден шығатын жаңа қоныс алпыс шаңырақтың отын маздата түспек.

***

Осы күні Қарасай ауданында да «Өмірзақ» тұрғын үй кешенінде танхаустағы 30 жалгерлік пәтер көпбалалы отбасыларына берілді. Сондай-ақ, аудан әкімі Жандарбек Далабаев жыл соңына дейін кезектегі тағы 50 отбасы баспаналы болатынын жеткізді. Бұл қатарда жалгерлік те, несиелік те үйлер берілмек.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шамалған ауылында 30 метрлік Ту тұғыры орнатылды, бірқатар маңызды нысандар іске қосылды. Жандосов ауылында ауылдық әкімдік «Open space» форматында жұмыс істей бастады. «Samruk Kazyna» қорының қатысуымен Әйтей ауылында спорттың белсенді түрлерімен айналысуға және жастарды саламатты өмір салтына бағыттауға барлық жағдай жасалған көп салалы спорт кешені салынып, пайдалануға берілді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

27.04.2026
«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.