Талдықорған: +11°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫН ЖІБЕРДІ

13 желтоқсан 2021
КҮЛТӨБЕ
БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫН ЖІБЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Іле өзені мен Балқаш көлінде балық қоры күрт азайып, бұрынғы жылдармен салыстыруға келмей тұр. Өйткені, аудан көлеміндегі балық аулаумен тұрақты айналысатын балық шаруашылықтары жылына бірнеше тоннадан балық түрін аулайды. Жылына көлге аз-кем балық шабағын жібергені болмаса, ауланған балық көлемі одан көп. Өзен-көлдердегі балық қорының өсіп-өнуіне айтарлықтай көңіл бөлініп отырған жоқ.

Көптен бері осы мәселені қолға алуды жоспарлап жүрген Жиделі ауылының тұрғындары жақында өз қаражаттары есебінен «Шелек» балық шаруашылығынан арнайы келісімшарт арқылы 20 мың балық шабағын сатып алып, төменгі Бәйменей өзеніне жіберді. Ал, төменгі Бәйменей өзені Балқаш көліне құйылатын Іле өзенінің үлкен сағасының бірі. Өзгелерге үлгі болатын игі бастаманы қолға алған ауыл тұрғындары алдағы уақытта да өзен-көлдерде балық қорын көбейту мақсатында осындай шараларды өткізуді дәстүрге айналдырмақ. 
Жақында ғана ауылдық округ әкімі болып сайланған Азамат Алтынбаевтың бастамасымен осындай сауапты іс қолға алынды. Ауыл тұрғындарын бұл іске жұмылдырған Азамат Әскербекұлы жұмыстың жүйелі өтуіне басшылық жасаса, Төменгі Іле балық инспекциясының бас маманы Айдархан Мырзалы балық шабақтарының өзенге жіберілуін бақылайды. Аталған бастама ауыл тұрғындарының қатысуымен жоспарға сай аяқталып, оған үлес қосқан жандар бір марқайып қалды.
Ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Шыңғыс Байсыновтың айтуынша, бүгінгі таңда жіберілген 20 мың балықтың 10 мыңы ақбалық, 5 мыңы дөңмаңдай және 5 мыңы карп шабақтары. Ауыл тұрғындары  мұндай әрекетке бару себебін кейінгі жылдары өзен-көлдерде балық қоры күрт азайып, табиғаттағы флора мен фаунаның тепе-теңдігінің сақталмай тұрғанымен түсіндірді. Олар жіберілген шабақтардың алдағы үш жылдан соң өз жемісін беретініне кәміл сенімді. 
Осындай игі шараны аудан көлеміндегі өзге шаруашылықтар мен ауыл тұрғындары да ұйымдастырып, жас шабақтардың жетілуіне ықпал етсе, өзен-көлдердегі балық қорының молая түсетіні сөзсіз.

 

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, 

Балқаш ауданы 

Қатысты жаңалықтар

Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

Бүгін, 16:30
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Бүгін, 16:12
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Бүгін, 14:30
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

Бүгін, 13:20
Шынайы отаншылдық – құрғақ сөз емес

Шынайы отаншылдық – құрғақ сөз емес

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.