Талдықорған: +41°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖЕТІСУДЫҢ ТАРТУЫ. КӨНЕ ТАРАЗДА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

08.12.2021
РУХАНИЯТ
ЖЕТІСУДЫҢ ТАРТУЫ. КӨНЕ ТАРАЗДА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісудың өнерпаздары жырдан шашу шашып, Әулиеата жерін дүбірге бөледі. Ғасыр ғұмырында арыны басылмаған алып жыршы, өшпес мұра қалдырған дүлдүл ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Алматы облысының өнерпаздары киелі Таразға табан тіреді. Бұл туралы «Жетісу медиа» хабарлады.

Жеті өзен тоғысқан өлкенің мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген саф өнердің сақалары Жамбыл облысындағы Мәдениет күндері аясында «Жерұйық мекен — Жетісу» атты концертті көптің назарына ұсынды.

Мәдени шарада Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының өнерпаздарымен қатар Өмірқұл Айниязов, ҚР еңбек сіңірген әртістері Ұлжан Айнақұлова, Қанат, Айтгүл Құдайбергеновтер өнер көрсетті.

Жетісулықтардың жамбылдықтарға тартуы Жанат Байдаралиннің «Ғасырлар үні» қойылымымен шымылдығын түріп, «Ақындарға арнау», «Көк шолақ», «Дүлдүлім», «Сары жазық», «Сарыбайға», «Ақ қайық», «Жетісу» сынды дәстүрлі ән шерумен жалғасын тапты.

Мерекелік кеш соңы «Алтынай» мемлекеттік халықтық би ансамблінің орындауындағы «Жастар салтанаты» қойылымымен қорытындыланып, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың ықылас гүлі жетісулықтарға табыс етілді.

Мәдениет күндері бір ғана кешпен аяқталмады, шараның шеңберінде Баласағұн орталық концерт залында «Ұлы жыраудың асыл мұрасы» атты және Жамбыл облысындағы Сәкен Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Жер жаннаты Жетісу — жерұйығым» деген атауды арқау еткен жылжымалы көрме кереге жайды.

«Ұлы жыраудың асыл мұрасы» көрмесі Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің қорындағы 100-ге жуық экспонаттар негізінде безендірілді.

Көрме экспозициясында жыр алыбының өзі ұстаған домбырасы, Мәскеу қаласына сапары кезінде киген шапандары, телефон аппараты, сонымен қатар, елімізге белгілі суретшілердің туындылары және тағы да басқа экспонаттар қаздай тізіліп, көшпелі көрмеден орын тапты. Ал «Жер жаннаты Жетісу — жерұйығым» атты көрме жетісулық ақын-жазушылардың тың туындыларын Жамбыл облысындағы оқырман қауымға насихаттап, жаңаша ақпараттармен бөлісу мақсатында жүзеге асты.

Әулиеаталықтарға ақын, драматург, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына орай Алматы облысы әкімінің қолдауымен жарық көрген 20 томдық шығармалар жинағы, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай жарық көрген  «Жамбыл Жабаев» кітабының 30 томдығы, сондай-ақ, Сәуле  Досжанның «Біртуар» (2021), Бейсен Құранбектің  «Парасат биігі» (2021) кітабы қала тұрғындары мен қонақтарына таныстырылды.

Айта кетейік, қос көрме А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының фойесінде ұсынылды. Мәдениет күндері аясында Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» қойылымын (режиссері Фархат Молдағали) тарту етті. Тараздық көрермен қауым қойылымның режиссурасына, сценографиясына, көркемдік деңгейіне тәнті болып, актерлердің ойынына да лайықты бағасын берді. Қойылым соңында актерлерге басшылықтың ықылас гүлі табыс етілді. Көрермендер де көзайымына айналған әртістерге ақ тілегін білдіріп, гүл шоқтарын сыйлады.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық жоба аясында инвестиция тартылып жатыр

Ұлттық жоба аясында инвестиция тартылып жатыр

29.06.2026
Қазақстан мен Қырғызстан бір-біріне жер учаскелерін 49 жылға береді

Қазақстан мен Қырғызстан бір-біріне жер учаскелерін 49 жылға береді

29.06.2026
Әскери медицинаға жасалған қамқорлық

Әскери медицинаға жасалған қамқорлық

29.06.2026
Тәжірибелі таспагер

Тәжірибелі таспагер

28.06.2026
Баспаханашы

Баспаханашы

28.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.