Талдықорған: +24°C
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

САЙЫН МҰРАТБЕКОВТЫҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫ: ПРОЗА БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

29.11.2021
РУХАНИЯТ
САЙЫН МҰРАТБЕКОВТЫҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫ: ПРОЗА БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтың классик жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері Сайын Мұратбековтың туғанына биыл 85 жыл. Осыған орай, Алматы облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасы, «Janr» Жетісу әдеби клубы мен Ескелді аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Жусан иісі» республикалық проза бәйгесінің марапаттау салтанаты өтті.

Алдымен жарыс жеңімпаздары «Janr» Жетісу әдеби клубының президенті Есболат Айдабосынның жолбасшылығымен жазушының туған ауылына табан тіреді. Сайын Мұратбековтың от жүрегін тулата өмірге келген мекені – Қоңыр ауылындағы орта мектебіне қойылған көрме жұмысымен танысып, ауылішілік волейбол жарысының ашылу салтанатын өткерді. Ұлы жазушының шығармасында аталған бірқатар жерге көз суарып, жазушының тұрған үйін тамашалады. Сонымен қатар, аудан атқамінерлерінің, жазушының бауыры Ғалым мен қарындасы Майра Мұратбековалардың естеліктерін тыңдасты. Классик жазушының рухына Құран бағышталып, ақ дастарқанда дала дауылпазының ұлы шығармашылығы туралы есті естеліктер айтысты.

Ешкіөлмес тауының шұрайлы бөктерінен орын алған қоңыртөбел тіршілікті ауылдан үлкен әсермен қайтқан прозашылар Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ кентіне ат басын бұрды. Аудандық Мәдениет үйінде өткен рухани шара шымылдығын айбоз ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін құттықтау сөзімен айқарды.

– Өзегінде өлең бүрлеп, қанына қасиетті сөз өнерінің құдіретін сіңірген сырбаз жазушы Сайын Мұратбеков қазақ прозасына өзіндік соқпағымен келген талант тақсыры. Оның әрбір шығармасы қоңырқай тірлік түтінін қоңсытқан ауылдан өрбіп, адамзаттық пайым, ұлттық құндылықпен астасып кете барады. «Жусан иісі», «Жабайы алма», «Менің қарындасым», «Басында Үшқараның» сынды дүниелерінің әрбірі оқырман жүрегін елжіреткен ұлы шығармалар. Қазақ балалар әдебиетінің өріс алуына сырбаз жазушының қосқан үлесі қомақты, – дей келе, әдебиет алыбы туралы тебіреніске толы толғамдарын тербеледі.

Өз кезегінде Ескелді ауданының әкімі Рустам Әли сөз алып, рухани шараның мәні мен мазмұнына тоқталды. Сонымен қатар, аудан басшылары, Жетісу жеріндегі зиялы қауым өкілдері, Сайын Мұратбековтың інісі Ғалым Мұратбеков сөз алып, тілектерін төкпеледі.

Белгілі қаламгерлер Серік Сарыбай, Дәурен Қуат, Есболат Айдабосындардың қазылық етуімен мәресіне жеткен «Жусан иісі» байқауының марапаттау салтанаты өтті. 99 шығарма сынға түскен әдеби аламанда «Армандар алдамайды» атты әңгімесімен жамбылдық Көсемәлі Сәттібайұлы 1-орын иегері деп танылып, 300 мың теңгенің сертификатымен марапатталды. Өз кезегінде облыстық тіл басқармасының қызметкері Әйгерім Иебекова «Шырмауық» әңгімесімен жарыстың 2-ші тұғырынан көрініп, 200 мың теңгенің сертификатын алса, «Тобылғы жарғанның суығы» әңгімесімен жезқазғандық Абай Ораз 3-орын иегері деп танылып, 150 мың теңгені қанжығасына байлады. Сонымен қатар, 12 жазушы арнайы сыйлыққа және 50 мың теңгеге ие болды.

Қара сөзге қызмет етіп келе жатқан жазушылардың марапатталу салтанатынан кейін Сайын Мұратбековтың Ғалым Мұратбеков секілді ет жақындарының және Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының директоры, әдебиет жанашыры Әміре Әріннің иығына аудан басшысы Рустам Әли оқалы шапан жауып, құрмет көрсетті.

Шара соңы Ескелді аудандық Мәдениет үйі өнарпаздарының концертіне ұласып, жазушы шығармасынан үзінді сахналанды.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Ескелді ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

29.06.2026
QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

29.06.2026
Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

29.06.2026
Сарбаздар куәлік алды

Сарбаздар куәлік алды

29.06.2026
Талдықорғанда ыстық су тоқтатылады

Талдықорғанда ыстық су тоқтатылады

29.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.