Талдықорған: +3°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

СЕМЕЙ — ҚАРАСАЗ АРАСЫ: МҰҚАҒАЛИ МУЗЕЙІНЕ ТАҒЫ БІР ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР ҚОЙЫЛДЫ

29.11.2021
ТҮПСАНА
СЕМЕЙ - ҚАРАСАЗ АРАСЫ: МҰҚАҒАЛИ МУЗЕЙІНЕ ТАҒЫ БІР ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР ҚОЙЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Мұқағали дүниеге келген қасиетті Қарасаз ауылындағы ақынның мемориалдық музейінде есте қаларлықтай тарихи оқиға орын алды. Атап айтқанда, Семей мен Қарасаздың, Тарбағатай мен Хантәңірінің арасын жалғастырған тамаша дүние болды. Ұлы ақынымыз Мұқағалидың өлмес жырларын әнге арқау еткен белгілі композитор әрі әнші Тұрсынғазы Рахимовтың қастерлі домбырасы қойылған арнайы бұрыш ашылды. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Осынау игілікті іске негіз қалаған — таулы өлкенің бірегей перзенті, театр және кино актері, өнер тарланы Асқар Наймантаев. Музейдегі  композиторға арналған бұрыштың ашылу салтанатына Тұрсынғазы ағамыздың өз тұсындағы шәкірттері, дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Шүкіман мен белгілі айтыс ақыны, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының оқытушысы Серік Қалиев арнайы келіп қатысты. Музейдің екінші қабатынан орын алған композитордың бұрышына аялай ұстаған домбырасы, портфелі, киген киімдері, отбасылық суреттері, «Сәби болғым келеді» атты әндер жинағының компакт дискісі және «Сәби болғым келеді», «Сағынбасқа не шара?», «Қазағым-ай?!» атты әндер жинағы қойылған.

Семей өңірінде дүниеге келген, биыл қазақ руханияты жетпіс жылдығын атап өткен композитор Тұрсынғазы Рахимов Мұқағалидың «Сәби болғым келеді», «Отыздан асып барамын», «Мен сені сағынғанда», «Нені аңсаймын?!», «Қазағым-ай?!», «Аягөз ару»  секілді отызға тарта өлеңіне ән шығарды. Мұқағалидың жырларын жаттап өскен, жүрегімен беріле әнін жазған композитордың шығармалары әлі күнге дейін орындалып келеді. Әнсүйер қалың қауымның ыстық ықыласына бөленген. Демек, Мұқағалидың жырларын өлмес әнге айналдырған, сол арқылы ескерткіш орнатып кеткен Тұрсынғазыдай композиторға арналып музейден бұрыш ашылғаны сүйінішті жағдай екені айтпаса да түсінікті.

Музейдеге игі шараға қатысушылар ақынның бюстіне гүл шоқтарын қойды. Жақсы әсермен музейді аралады. Шағын мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен жылы жүздесіп, композитор туралы тамаша естеліктерін ортаға салды. Асқар Наймантаев жүргізіп отырған басқосуда дәстүрлі әнші Еркін Шүкіман композитор туралы әсерлі естеліктерімен бөлісіп, Мұқағалидың сөзіне жазылған композитордың «Сәби болғым келеді», «Нені аңсаймын» атты әндерін тамылжыта орындады. Айтыскер ақын Серік Қалиев жыр тілінде тілектерін ортаға салып, Мұқағалидың «Аңғал досым-ай» атты жырына шығарған әдемі әнін әуелетіп, жұртшылықты желпінтіп тастады.

Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлы, М.Тынышпаев атындағы облыстық музейдің бас қор сақтаушысы Қарлығаш Тұтқабаева, Мұқағали музейінің директоры Ерлік Ахметов сөз алып, осынау игілікті дүниеге негіз қалаған Асқар Наймантаевқа, қуанышқа ортақтасқан мәртебелі қонақтарға алғыс айтты. Жергілікті ақын, термеші Серік Әбдірайымов жырдан шашу шашты. Осылайша Мұқағалидың музейі қымбат жәдігермен толықты.

Қанат БІРЖАНСАЛ

Райымбек ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Арасан» шекара бөлімшесінде әскери қызметшілерге арналған тренинг өтті

«Арасан» шекара бөлімшесінде әскери қызметшілерге арналған тренинг өтті

10.02.2026
Шекара шебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың рухына тағзым етілді

Шекара шебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың рухына тағзым етілді

10.02.2026
Тіл үйретуде ЖИ-ді пайдалану тиімді

Тіл үйретуде ЖИ-ді пайдалану тиімді

10.02.2026
Қаламгерлер ой додасында

Қаламгерлер ой додасында

10.02.2026
Панфилов ауданында шекара ардагерлерінің жиналысы өтті

Панфилов ауданында шекара ардагерлерінің жиналысы өтті

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.