Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАНҒА МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ҰЛЫ КЕЛІП, ЕСТЕЛІКТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

26 қараша 2021
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАНҒА МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ҰЛЫ КЕЛІП, ЕСТЕЛІКТЕРІМЕН БӨЛІСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Келер жылы қазақ мәдениеті мен әдебиетін өлшеусіз биікке көтеріп, әлемге танытқан ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы. Осыған орай Талдықорғандағы С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кiтапханасында жазушының ұлы, мәдениеттанушы ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткерi Мұрат Әуезовпен «Заңғар жолдың жалғасы» атты кездесу кешi өттi. Басқосуға зиялы қауым өкiлдерi, ардагерлер, әдебиетшi ғалымдар, студенттер мен оқушылар қатысты. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Танымы мол, тағылымы зор шараны облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасының директоры Ғалия Тоқабаева жүргізіп отырды. Жиында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев:

– Есімі мұқым қазаққа ғана емес, әлемге мәшһүр қазақтың ұлы перзентінің шығармалары әрбір оқырманның жүрегінен орын алады. Оның асыл мұрасы – ұрпаққа үлгі, мәңгілік мұра болып қала береді. Бүгінде кітапханада Мұхтар Әуезовтің 140-қа жуық туындысы оқырман назарына ұсынылып отыр. Тағылымды шараны ұйымдастырудағы мақсат – ұлттық рухани құндылықтар жайында сөз өрбітіп, заңғар жазушының шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттау. Заңғар жолдың жалғасы Мұрат Әуезовпен кездесу біз үшін, жастар үшін үлкен бақыт, – дей келе, асылдың сынығына иығына шапан жапты.

Осыдан кейін асылдың тұяғы, көненің көзі болған Мұрат Мұхтарұлы әкесi туралы ескiрмес естелiктерiмен, тебiренiске толы ой-толғауларымен бөлiстi. Сонымен қатар, «Жас тұлпар» ұйымын құрғандығы жайлы айтып, жастарға туған жерді шексіз сүйіп қана қоймай, тарихты түпкі тамырынан танып-білу керектігін жеткізді. Көрнекті тұлға келер жылғы мерейтойға дайындық жайлы да баяндады.

— Бүгінгі кездесуге қатысып отырғаныма аса қуаныштымын. Мерейтойға орай еліміздің әр облысында кездесулер өтіп жатыр. Бәріне шексіз алғысымды білдіремін. Әкем жайлы айтатын сөз өте көп. Ол шексіз мұхит. Зерттей берсең, тың туындылар табыла береді. Оның басылмаған шығармалары қаншама?! Бұйырса, келесі жылы әкеміздің 55 томдығы жарық көреді. Қазір кітапты дайындап қойдық. Сондай-ақ, «Asu anima» студиясының директоры, ҚР Кинематографистер одағының мүшесі, режиссер, продюсер Қалдыгүл Жаныбаева мен менің қызым Зифа-Алуа екеуі Фатима анамыз жайлы толық метражды кино дайындап шықты. Келесі жылы төрт жылға жуық дайындалған фильм көрсетіледі деген жоспарымыз бар, – деді ол.

Өз кезегінде ғалым, филология ғылымының кандидаты Д.Қонаев ұлы тұлғаның туындылары 60-тан астам тілге қотарылғанын, мерейтойға орай «Абай жолы» романы алты тілге аударылатынын жеткізді. Сонымен қатар, Алматыдағы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры тарландары жазушының «Ақан – Зайра» пьесасын сахналайтынын айтты.

Басқосу барысында «Asu anima» студиясының директоры Қалдыгүл Әкімжанқызы, ардагер ұстаз, үш дүркін параолимпиадалық ойындардың жеңімпазы Ғафур Бекташев, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы, профессор Мұратбек Иманғазинов, белгілі сатирик Тұрлыхан Кәрім сөз алып, жазушының шығармашылық iзденiсi, қаламгерлiк келбетi жайында әңгiме қозғады.

Шара соңында Мұрат Мұхтарұлы кітапханаға тың туындыларын сыйға тартып, жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.