Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

СЫР САҢЛАҒЫ

26.11.2021
КҮЛТӨБЕ
СЫР САҢЛАҒЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Спорт деген бекзада өнер кімді болса да бауырына басып қызықтармай қоймайды. Спортқа қадам басқан талай жанның бағы осы бекзада өнер арқылы аты шығып, есімі алты Алашқа мәшһүр болатыны белгілі. Тіпті, төрткүл дүниені өзіне қаратып, соңынан ерген жас жеткіншектің тұлғасына айналдыратын да осы спорт! Ал сондай биік белеске қол жеткізуі ең бірінші спортқа баулыған бапкері, ұстазы, тәлімгері, тіпті, спортшыға жағдай жасаған басшының орасан еңбегі екенін жеке айт­қан ләзім. Дәл осы тұста мен талай баланың бағын ашқан спорт маманы жайлы аз-кем сөз қозғамақпын.

Сыр өңірінен түлеп ұшқан Найзабек Сағымбаев бүгінде Алматы қаласы спорт басқармасының дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Алматы» спорт клубының басшысы қызметін атқарып отыр. Найзабек Бекетұлы жастайынан спортты жанына серік еткен жан. Кез келген ауыл баласы секілді ала допты еркін меңгеріп, спорттың әр түрімен жаттығады. Алғашында доп теуіп, кейін грек-рим, еркін, қазақ күрестерімен шұғылданады. Жас жеткіншек бірқатар жарыста олжа салып, күн санап, спортқа деген қызығушылығы арта түсті. Спортшы болу үшін үнемі жаттығу үстінде болу керек дегенді мықтап ұстанған Найзабек Бекетұлы жаттығу алдында жүгіруді де әдетке айналдырады. Әр жаттығуына ширақ, тыңғылықты дайындалған бала Найзабекті ауданда өтетін спорттың барлық түрінен сынап көреді. Дәл осы тұста 1974 жылы аудандық оқушылар спартакиадасына қатысып, онда 1500 және 3000 метр қашықтықты еркін бағындырады. Үздік шыққан чемпионды облыстық жарысқа қайрап салады. Онда да екі қашықтықта алдына жан салмай айдарынан жел есіп, дара шығады. Жас желаяқтың талантын байқаған доданың төрешісі Еркін Атабаев өз ақыл-кеңесін береді. Жеңіл атлетикаға икемі барын сезген ұстазы Найзабекке түбегейлі жүгіру спортына бет бұруын өтінеді.
Бала жастан спортты сүйіп өскен Найзабек ұстазының сөзін екі етпей жеңіл атлетикамен айналысуға бел буады. Томағасын сыпырып қосқан жас қыран салған бәйгеден жүлдесіз оралмады. 1000 метрлік кросста бас жүлдені қанжығасына байлап, нағыз жүйрікке айналды. Осылайша жеңіл атлетикаға еркін бойлаған Найзабек мектеп бітіргесін спорт маманы болуға бет түзеді. 1977-1981 жылы Қарағанды педагогикалық дене тәрбиесі институтының студенті атанады. Жас­тық шақты босқа өткізбеді. Студенттер арасындағы бәсекеде атой салып, көптеген республикалық жарыстарда қанжығасы майланып жүрді. Арнайы мамандықтың иесі атанғаннан кейін өзінің туған жері Сыр өңіріне бет алып, Қармақшы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жаттықтырушы болып орналасады. Бойындағы қарым-қабілетін жеткіншектерге үйретіп, дайындаған балалары жүлдеге қол соза бастады.
Үнемі жаңашылдықтың бастауында жүретін Найзабек Бекетұлы шәкірттерін ертіп, Жеңіс күнінің құрметіне 200 шақырымдық екі күндік марафон ұйымдастырады. Онда жай ғана жүгіріп өту емес, әр ауылға тоқтаған кезде сол елді мекеннің ардагерлерімен кездесу өткізіп, Ұлы Отан соғысына қойылған ескерткішке тағзым жасауды назардан тыс қалдырмайды. Мұнда спорт пен тәрбиені қатар алып жүрген бапкер көптің ықыласына бөленіп, мамандардың көзіне де түседі. Ұйымдастырушылық қабілетін байқаған жоғары лауазымды мамандар Найзабек Бекетұлын «Қайрат» ерікті спорт қоғамының төрағасы етіп сайлайды. Сеніп тапсырған лауазымды қалт­қысыз орындаған білікті маман, ауыл жастарының басын біріктіріп, спортқа баули бастайды. Дайындаған шәкірттері облыстық, республикалық жарыстарда толайым табысқа қол жеткізеді. Бір ғана шәкірт дайындау емес, спорт саласының өркендеуіне еркін араласып, оқу-жаттығу жиындарына қолайлы болу үшін спорттық нысандарды қалпына келтіруге мұрындық болады. Сол кездегі өзі бас болып қол ұшын созған спорттық ғимараттар күні бүгінге дейін чемпиондардың ұстаханасына айналып тұр.
Кейін 1993 жылы қарт Алатаудың бау­райы Алматыға қоныс аударады. «Өзі жақсы кісіге бір кісілік орын бар» дегендей, үлкен қалаға келгенде құшағына қысып, қолғабыс тигізетін ағалары көп болды. Елдің намысын жыртып, талай мықтының бағын ашқан балуан Мәлік Нәдірбеков пен М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының ректоры, профессор Серік Алпысбаев қолдау білдіреді. Бұған дейін нәтижелі жұмысына қанық Найзабек ағаны академияның спорт клубының төрағасы, дене шынықтыру кафедра­сының меңгерушісі етін тағайындайды. Осы күннен бастап Найзабек Бекетұлының айы оңынан туады. Алып қалаға арман қуып келген студенттердің шамшырағына айналған Найзабек аға үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Тәрбие­лік бағытын айтпағанда студенттердің спорттағы жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай болады. Академияда бірнеше жаңа спорт секцияларын ашып, мақтанатындай жетістікке ие болады. ҚР чемпио­натында су добынан академия құрама командасы чемпиондыққа қол жеткізеді. Баскетболдан қолаға қол жеткізсе, регбиден сынға түскен ерлер командасы күміс, қыздар қоланы еншіледі. Ал 2007 жылы ҚР жазғы Универсиада ойындарында академия студенттері 49 медаль жеңіп алып, оның ішінде 29 алтын, жалпыкомандалық есепте бірінші орыннан қол бұлғады.
Мұның барлығы ел ішіндегі жарыс­тарда жеткен жетістігі. Ал әлемдік додада да атой салған студенттері жетіп артылады. Мәселен Бүкіләлемдік универсиада ойындарында 2005 жылы Түркияда, 2007 жылы Тайландта 1 алтын, 6 қола медальді қоржынға тоғытты. Сондай-ақ, Бейжің Олимпиадасына 8 студент спортшы қатысып, 2 күміс медальді Қазақ жұртына сыйлады. Студенттердің күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында 1 күміс, 2 қола және 2008 жылғы әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасы үздік үштікті құрады. Тынымсыз еңбектің нәтижесін көрген басшылық Найзабек Бекетұлына бірқатар лауазымды қызметтерді сеніп тапсырды. Оның барлығын да абыроймен атқарып, жеңісті күндері көп болды.
Кейіпкеріміз 2016 жылдан бастап дене мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Алматы» спорт клубының басшысы қызметін атқарып келеді. Қолына алған істен нәтиже шығармай қоймайтын білікті басшы мүмкіндігі шектеулі жандардың да айын оңынан туғызды. 700-ден астам мүмкіндігі шектеулі жандар спорттың 18 түрімен шұғылданады. Олардың барлығына қамқор болып, барлық жағдайын жасайды. Ерік-жігері мықты жарымжан спортшылар жеңіске деген құштарлығы басым болып, жарыс біткеннен жүлдесіз оралмауды дәстүрге айналдырады. Клуб спортшылары ҚР чемпионатынан 95 алтын, 65 күміс, 43 қола медаль жеңіп алады. Әр жеңіс спорттық дәрежені көтеретіні анық. Көптеген спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткер және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері шыңдалып шығады. Паралимпиа­далық, сурдлимпиадалық ойындарына қатысып, жүлдегер атанғандардың саны жыл санап артып отырды. Сурдлимпиадалық ойындарда Қазақстан атынан қатысып тұңғыш рет командалық жарыста жеңіске жеткен 6 спортшының 4-еуі осы «Алматы» спорт клубының спортшылары. Жеңімпаз атанған әрбір спортшының жағдайына қарайласып, оларды мемлекет тарапынан марапатқа ұсынуды да назардан тыс қалдырмайды. Чемпиондары Алматы қаласы әкімінің қолынан бірнеше мәрте марапат алып, мерейін үнемі өсіріп қояды.
Найзабек ағамыз зайыбы Гүлжанат екеуі екі қыз өсіріп, олардан немере сүйіп отырған бақытты отбасы. Бала жасынан спорттан бір сәтке қол үзбеген Найзабек Бекетұлы көп жылғы қажырлы еңбегінің өтеуі ретінде ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Құрметті спорт қайраткері» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Жасы алпыс үшті алқымдаса да әлі де қуатынан арылмаған Найзабек Бекетұлы бар саналы ғұмырын спортқа арнап келе жатқан бірегей тұлға.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

23.07.2026
Қараталда экологиялық рейд өтті

Қараталда экологиялық рейд өтті

23.07.2026
Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

23.07.2026
Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

23.07.2026
Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.