Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БІРТУАР

19.11.2021
КҮЛТӨБЕ
БІРТУАР
WhatsAppTelegramFacebook

Халқымызда «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөз бар. Нұрмолда Алдабергенов туралы аз айтылып, аз жазылған жоқ, әлі де айтылар сөз көп. Бұл кісі туралы ондаған кітап жазылып, спектакльдер қойылды. Кинолентаға түсіріліп, газет-журналдарға жарияланды. Замандастарының естеліктеріне айналып, хатқа басылды. Оның өзгеге жасаған ерекше жақсылығы, жомарттығы, алғырлығы, жанашырлығы ел ішінде аңыз боп айтылады.


1906 жылдың 20-шы желтоқсанында Кербұлақ ауданындағы шағын ғана Малайсары ауылында дүниеге келген Нұрмолда Алдабергеновтің балалық шағы ауыр жағдайда өтті. Жеті жасында жетім қалған ол әжесі Ақапаның тәрбиесін көрген. Батырлар жыры мен ғашықтық жырларын, ертегі-қиссаларды әңгімелеп, ұлтымыздың мақтан тұтар ер-азаматтары туралы қызықтыра айтатын әжесі немересінің бойына небір жақсы қасиеттерді сіңіріп, нұрлы сезімдерді құйып өсіреді. Содан болса керек, адал, аса еңбекқор, ұлттық ар-намысқа берік Нұрмолданың жан дүниесі таза қалыптасады. Елді аласапыран оқиғалар жайлаған сол бір қиын шақта жетімектің тағдырын ойлаған ешкім болмады. Бұғанасы қатпай еңбекке араласып, ауыр жұмыс істеген ол қара нанның бағасын сол кездің өзінде-ақ білді. Жер-ананың қадірін түсініп, еңбекпен ғана бақытқа кенелуге болатынын сезген оның осы бір қасиеті еңбекқорлығын ұштап, бүкіл өмірінің мазмұнын анықтады.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін, 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейінгі аласапыранды көрген ол ел басына ауыртпалық болып түскен жылдардың жақсы жағымен қатар көлеңкелі, әділетсіздікке толы тұсы бар екенін ұғынды. Сол бір күрделі кезеңнен сырт қалмаған Нұрмолда Алдабергенов 1928 жылы баққан қойын тастап, күллі Қазақстан жұртшылығы атсалысқан Түркістан – Сібір теміржолының құрылысына кіреді. Сөйтіп, жұмысшы қатарында бекіп, мінез-құлқы шыңдалған ол 1930 жылы ағайындарының Шұбар ауылына жиналып жатқанын естіп, жаңадан құрылған «Жаңаталап» ұжымшарына мүше болып кіреді. Алғашқыда бақташы, бригадир болып жұмыс істеген ол еңбексүйгіштігімен, білгірлігімен еңбекшілер арасында абыройға кенеліп, аянбай төккен тері үшін құрметке бөленеді. 1936 жылы мамыр айында ұжымшар басшысы болып сайланған Нұрмолда қысқа мерзім ішінде шаруашылықты алдыңғы қатарға шығарып, қабілетті басшы екенін көрсетті.

1941 жылы басталған Екінші дүниежүзілік соғыс оны бейбіт еңбектен біраз алыстатты. Ол «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деп қолына қару алып, көпұлтты КСРО-ны басқыншы жаудан қорғады. Сұм соғыстан ауыр жараланып, елге қайтқан Нұрмолда келе сала ауыр жұмысқа қайта кірісіп кетеді. Қайтадан басшылық жауапкершілікті мойнына алған ол соғыстан кейінгі жылдардың ауыртпалығын халықпен бірге көтере жүріп: «Ел-жұрттың алаңсыз еңбек етуіне не керек?» деген сұрақтың жауабын жатса да, тұрса да ойлады. Ақырында күрделі сауалды шешудің кілтін де, жолын да тапты. Бірді екі, екіні үш жасай жүріп, тұрғындардың әлеуметтік-мәдени жағдайын көтеруге, рухани көңіл-күйін өсіруге баса көңіл бөлді. Ең алдымен халыққа керегі баспана екенін ұғынып, мұқтаждарға үй салдырып берді. Одан әрі су құбырын тарту, монша салу, электр жарығын жеткізу істері өріс алды. Сол мақсатты жүзеге асыру үшін қаражат көзін тапты. Жоғын іздеді, барын ұқсатты. Не істесе де халқы үшін істеді.

Осылайша ұжымшар өндірісі өркендеп, өрлей бастайды. Егіс көлемі артып, мал басы өсті. Құс фермасы ашылып, құрылыс қарқын алады. Ағаш дайындау үшін Сібірге адамдар жіберілді. Көп ұзамай олар дайындаған ағаштарын жібере бастайды. Ең алдымен ұжымшар басқармасының кеңсесі, мектеп үйі, балабақша, машина-трактор шеберханасы салынды. Шаруашылықтың бар техникасы, құрылыс материалдары МТШ-ға қойылды. Гараждың үлкен қақпасынан жұмысшылар рұқсат қағазымен ғана өткізілді. Осылайша ұжымшар мүлкіне иелік қалыптасты.

Құрылыс жұмысы саябырламай тұрғын үй мен қора-жай салу қанат жайды. Шопандар жер үйден стандартты баспанаға көшіп кірді. Мал қыстауына дүкен, малдың жемін сақтайтын қойма салынып, мая-мая шөп үйілді. Жұмыс істеуге жағдай жасалған соң ұжымшардың шаруасы өрлей түсті. Әсіресе, қант қызылшасының өнімі артты. Бұл дақылды өсіру шаруашылық даңқын Кеңес одағына асырды. Осылайша шаруашылықтың барлық саласы кіріс әкеле бастады. Нәтижесінде 1948 жылы алты адам «Социалистік Еңбек Ері» деген зор атаққа ие болады. Нұрмолда Алдабергеновтің өзі де «Алтын Жұлдыз» медалінің иегері атанып, беделі бұрынғыдан да арта түсті.

Оның осындай іскерлігін, қайырымды қамқорлығын ел ұмытсын ба?! 1950-ші жылы «Жаңаталап», «Жаңалық» және «Қызыл ту» ұжымшарлары ірілендіріліп, Сталин аты берілгенде халық басшылыққа Нұрмолда Алдабергеновті сайлайды.

Бұл жылдар жеңіл болған жоқ. Соған қарамастан өзін өндірістің ірі ұйымдастырушысы, ауылшаруашылығының білгір басшысы, тәрбиеші ретінде көрсеткен Нұрмолда Алдабергенов басқарған ұжымшардың даңқы аудан, облыс, республикадан тысқары жерлерге жайылды. Күн өткен сайын жетістігі шарықтай берген шаруашылықтан Кеңес одағының жоғары атағына 19 адам ие болды. Бұл еш жерде болмаған жетістік еді.

Жаңашылдығымен өмір көшінен қалмай, социалистік жарыстың алдыңғы сапында жүретін Нұрмолда Алдабергенов ұжымшар құрылысын одан әрі өркендету туралы Заңды өңдеуге, машина-трактор стансыларын қайта құруға белсенділікпен қатысты. Қай жұмысты болмасын қолына алса, аяғына дейін жеткізетін қайраткер үшін ел сенімі алдыңғы орында тұратын.

Отанын жанындай сүйген Нұрмолда өмірінің соңғы күндеріне дейін интернационалист болды. Сонымен қатар, ұлттық сезімі – қасиетті ұстанымын еш уақытта жоғалтқан жоқ. Шет мемлекеттерге шыққан кезінде өз тәжірибесін үйретіп, олардың жақсы істерін қабылдай білді. 1957 жылы Каирде өткен Азия мен Африка елдерінің халықаралық ынтымақтастық конференциясына делегат болып сайлануы соның дәлелі. Арада он жыл өткен соң, 1967 жылы шетелдермен достық және мәдени қатынас жасаудың Бүкілодақтық конференциясына Қазақ достық қоғамының атынан делегат болып қатысты.

Жұмыста адамдық болмысты алдыңғы орынға қойған Нұрмолда Алдабергенов ұжым мүшелерінің күшіне сенді. Соның арқасында ең күрделі жағдайдың өзінен жол тауып шыға білді. Соған байланысты адамдар Нұрмолдаға сенім артып, соңынан ерді.

Шаруашылықтың орталығы Алдабергенов ауылында 20 Социалистік Еңбек Ері мен Кеңес Одағының Батыры Матай Байысовтың құрметіне «Батырлар аллеясы» тұрғызылған. Осы ауылдың 300-ден астам озат жұмысшысы орден-медальдармен марапатталса, 11 диқан мен малшы «Республиканың ауылшаруашылығына еңбегі сіңген қызметшісі» атағын алған. Бірнеше рет Бүкілодақтық, республикалық, облыстық жарыста жеңімпаз атанған ұжымшар жоғары көрсеткіштері үшін бірнеше рет КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Алтын медальдарын, 115 мәрте Құрмет грамотасын еншіледі. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1965 жылғы 25 мамырдағы Жарлығы бойынша ауылшаруашылық өндірісін дамытудағы табысы үшін ұжымшар Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды.

Жас кезінде көрген қуғын-сүргіннің кесірінен болар, 1967 жылы аз уақыт ауырған Нұрмолда Алдабергенов қараша айында дүниеден өтті. Екі рет Ленин орденін, бес медаль және Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесінің Үлкен және Кіші алтын медальдарымен наградталған қайраткер Нұрмолда 1940 жылдан КПСС мүшесі, Орталық комитеттердің мүшесі міндеттерін мүлтіксіз атқарды. 1955 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған ол облыстық кеңестің депутаты ретінде КПСС-тің ХХ съезіне делегат болды.

Қоғам және мемлекет қайраткері Нұрмолда Алдабергеновтің жеке мұрағаттық құжаттары, өмірбаяны туралы материалдар, жазған мақалалары, суреттері, кескіні салынған плакаттары Талдықорған мемлекеттік мұрағатында сақтаулы тұр.

Гүлнар Шәріпова,
Талдықорған мемлекеттік архивінің кадр және 
қаржы-шаруашылық қызметі бөлімінің басшысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

23.07.2026
Қараталда экологиялық рейд өтті

Қараталда экологиялық рейд өтті

23.07.2026
Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

23.07.2026
Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

23.07.2026
Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.