Талдықорған: +7°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

САРЫӨЗЕКТЕ «ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

29 қазан 2021
САЯСАТ
САРЫӨЗЕКТЕ "ЖАС САРБАЗ" ӘСКЕРИ КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Сарыөзек ауылының Күреңбел орта мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Жас сарбаз» сыныптарының «Біз — Мәңгілік ел ұландарымыз!» атты ант қабылдау шарасы өтті.

Осыдан үш жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев балалардың жан-жақты, білімді де білікті болып қалыптасуы үшін «Жас сарбаздар» әскери патриоттық қозғалысын құруды тапсырған еді. Осыған орай Кербұлақ ауданында балалар мен жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру жөніндегі штабын құру туралы қаулы бекітіліп, аудан мектептеріне балалар мен жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық «Жас сарбаз» клубы құрылды.

Салтанатты іс-шараға ауданның білім бөлімінің басшысы Қайсар Сейітқанов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, подполковник Болат Омаров, Кербұлақ ауданына қарайтын мектептердің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері және Ауған соғысының ардагерлері, сондай-ақ, оқушылардың ата-аналары мен Сарыөзек гарнизонының өкілдері қатысып, жас сарбаздарды айтулы мерекелерімен құттықтады.

Шара басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ортаға шығарылып, әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. Сондай-ақ, шара барысында жас сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдап, оларға «Жас сарбаздар» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» мүшесінің куәліктері табысталды.

Өз кезегінде жас сарбаздар мектеп қабырғасында алған машық-дағдыларын, соның ішінде, қарумен және қарусыз игерген саптық амалдарын көрсетіп, көпшілік алдында салтанатты шерумен жүріп өтті.

— Біз халық алдында ант қабылдадық. Еліміздің нағыз патриоты болуға, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қастерлейтін рухани дүниесі бай, танымы терең, тәрбиелі азамат болуға сөз береміз, — деді ант қабылдаған жас сарбаз Бексұлтан Орынбек.

Айта кету керек, биыл Тәуелсіздігіміздің ордалы 30 жылдығы. Осы уақыт ішінде халықтың еркін санасы қалыптасып, егемен елдің жаңа да жасампаз ұрпағы өсіп келеді.

Абзал САРТАЕВ,

Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, майор

Кербұлақ ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.