Талдықорған: +17°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АЛҒАШҚЫ ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

27.10.2021
ӘЛЕУМЕТ
АЛҒАШҚЫ ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл облыстық кәсіпкерлер палатасы «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, «Бастау  Бизнес» жобасының түлектерін жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету мақсатында «Atameken Zhetysu» микроқаржы ұйымын құрған болатын. Міне, бүгін аталған қаржы ұйымы тарапынан жалпы сомасы 5 млн. теңге болатын алғашқы жоба қаржыландырылды.

Аймақ бойынша шағын несиелендіруге облыстық бюджеттен 2 млрд. теңге бөлініпті. Бұл қаржымен 500-ге жуық кәсіпкерді қаржыландырып, 1000-нан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.  
Биыл «Atameken Zhetysu» микроқаржы ұйымына кәсіпкерлерден 253 өтінім түсіп, бүгінгі таңда 8-і қанағаттандырылған. Қазіргі уақытта 150 өтінім қарастырылу үстінде.
– Микроқаржы ұйымы арқылы несиелендіруге «Бастау Бизнес» оқыту жобасын аяқтаған кез келген қатысушы  үміткер бола алады. Әрбір жоба біздің сүйемелдеуімізде. Аудандар мен қалалардағы кәсіпкерлер палатасы филиалындағы кеңесшілеріміз кәсіпкерлерге құжаттарды жинауды бастағаннан жоба бойынша қаражат алғанға дейін жан-жақты қолдау көрсетеді. Кейін берілген қаржының игерілуіне мониторинг жүргізіледі. Ауылдық жерлер үшін қаражат сомасы 7,2 млн. теңгеге, қалада 18,9 млн. теңгеге дейін. Шағын несие 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жыл мерзімде өтеп бітуге болады. Басты ерекшеліктің бірі – кепілдікпен қамтамасыз етуге шектеу жоқ. Сондай-ақ, несие жеңілдетілген шарттармен  жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен беріледі, – деп атап өтті облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дәурен Оналбаев. 
Жеңілдетілген несиенің алғашқы иегері талдықорғандық кәсіпкер Әбиден Әбдеш. Ол биыл «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыту курсын аяқтаған. Берілген қаражатқа кәсіпкер жылқы сатып алып, қымыз өндіруді жоспарлап отыр.
– Мен ұзақ жылдар сауда саласында жұмыс істедім. «Бастау Бизнес» бойынша оқыту жобасы барысында бағытымды өзгертіп, жылқы шаруашылығымен айналысуды шештім. Берілген қаражатқа 13 бас жылқы сатып аламын. Қазір тәулігіне 20 литр қымыз өндірсек, мал басы көбейген соң өнім көлемі де арта түспек. Шаруашылыққа тұрақты жұмысқа төрт адамды алуды жоспарлап отырмын. Жеке ісімді ары қарай кеңейте бермекпін. «Бастау бизнес» бойынша оқыған барша азаматты «Atameken Zhetysu» ұйымы арқылы несие алып, кәсібінің нәсібін табуға шақырамын. Біз сияқты жандарға жол көрсетіп, үнемі жанымыздан табылатын «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына алғысымды айтамын, – дейді «Асыл арман» шаруа қожалығының басшысы Әбиден Әбдеш.
Кәсіпкер жігітке 5 млн. теңгенің сертификаты облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында тапсырылды. Осыдан кейін БАҚ өкілдері Әбиден Әбдештің Еркін ауылында орналасқан шаруашылық нысанына барып, оның тіршілігін көріп қайтты. 
Егер кәсіпкер ауылдық жерде тұратын болса, онда ол кәсіпкерлер палатасының филиалына барып, сол жерде өтініш қалдыра алады. Сонымен қатар, палата кеңесшілері өтінімді рәсімдеуге, құжаттар тізімін рәсімдеуге және қарыз алушының сауалнамасын микроқаржы ұйымының ақпараттық жүйесінде толтыруға көмектеседі. Ал «Atameken Zhetysu» МҚҰ-ның кеңесіне жүгінгісі келсе, оның кеңсесі Талдықорған қаласындағы Астана даңғылы, 2 А, 2-қабат мекенжайында орналасқанын айта кеткен жөн.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

27.04.2026
«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.