Талдықорған: +43°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КӨП КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

15.10.2021
КҮЛТӨБЕ
КӨП КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл елімізде ауыл әкімдері сайланғанда Шиен селолық округінде тұрғындардың басым көпшілік дауысымен бұл лауазымға  Еркін Иманбаев лайық деп танылды. 2013 жылдан бері осы ауылдың әкімі болып келген ол осылайша жаңа жүйе бойынша сайлауға түсіп, бес үміткердің арасынан алға шығып, жеңіске жетті. Енді ол тағы төрт жыл мерзімге қызметін жалғастырады.


Сайлау жүйесін жетілдіріп, жергілікті өзін-өзі басқару үрдісін нығайту мақсатында жұмыс істеп жатқан әкімді әңгімеге тартқанымызда: 
– Бала кезден ата-анам мені адалдыққа, еңбексүйгіштікке, туған жерді сүюге үйретті. Мен де үш баламның бойына осы құндылықтарды сіңіруге тырысамын. Жоғары білім алған соң өзімнің туған ауылыма келіп, шаруашылықта мамандығым бойынша мал дәрігері болып еңбек еттім. 2000 жылдан бастап Шиен ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман, бас маман, бас маман-ветеринар қызметтерін атқардым. 2013 жылы осы округтің әкімі болып тағайындалдым. Осы ауылда туып-өскендіктен ауылдың түйінді мәселелерін жақсы білемін. 1960-1980 жылдары ауылға көптеген әлеуметтік және шаруашылық ғимарат салынып, сол жылдары елді мекен өсіп-өркендеді. Аурухана, мектеп, интернат, саябақ, стадион, пошта үйі, әмбебап дүкен, мекемелердің кеңсесі, қоғамдық монша, орталық қазандық, машина-трактор паркі сияқты маңызды құрылыстар бой көтерген болатын. Уақыт өте сол ғимараттар тозды. Қазір ауылдық амбулатория, пошта және әкімшілік үйі әбден ескірген. Бір кездері клуб болған еді, қазір ол жоқ. Ауылға мәдениет үйі керек. Халыққа осындай заманауи қызмет көрсету ғимараттары ауадай қажет. Осы мәселелердің оң шешілуі үшін бар күш-жігерімді саламын. Көпшілік маған сенім артқан екен, тұрғындар өмірін жақсарту үшін жұмыс істеуге тиіспін, – деді ол.  

Еңбек жолын да осы ауылда бастап, әкімшілік қызметте мол тәжірибе жинақтаған 56 жасар Еркін Жайлаубайұлы туған жерінің әрбір сай-саласын, ойы мен қырын бес саусағындай біледі. Саяси додаға «Nur Otan» партиясының атынан түскен әкім өзінің сайлауалды бағдарламасына ауылдың  бірқатар мәселесін тізген. Оның кейбірі бойынша бүгінде сең қозғалған сыңайлы. Мәселен, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша ауылға Мәдениет үйін салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасына 26 млн. теңге бөлініпті. Құжаттамасы жасалып бекітілгеннен кейін келесі жылы Мәдениет үйінің құрылысы басталатын болады.

Алдағы уақытта ауылдың 3,8 шақырымдық ішкі жолдарына 20 млн. теңге қаржы бөліну жоспарланды. Ауылдық округке қарасты Қоғамшыл ауылының Бейбітшілік көшесіне көше жарығы жүргізіледі. Әкім осы жылдың аяғына дейін Шиен орта мектебінің ауласына абаттандыру жұмысын жүргізуге ықпал етудің қамында.  Сондай-ақ, 2024 жылға дейін Шиен ауылындағы орталық саябақты абаттандыру жұмысын жүргізу, дәрігерлік амбулаторияға жаңа ғимарат салу, Шиен және Қоғамшыл ауылының көшелеріне жарық жүргізу жоспарында бар. 2024 жылға дейін Шиен және Қоғамшыл ауылындағы барлық көшеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілетін болады. 

Ауылдың бюджеті шектеулі екені белгілі. Сондықтан әкім кейбір шаруаларға қосымша қаржыландыру көздерін іздеп, инвестор тартады және демеушілердің көмегіне жүгінбек. Бұл орайда алдағы жылдары барлық жастағы тұрғынға арналған заманауи жабдықталған спорт алаңын салуға ниетті.

 – Әкім қолынан келгенше жұмыс істеп жатыр. Ауыл активімен, ақсақалдармен кеңесіп, жұмыстың жай-күйін ақылдасып отырады. Әкесі Жайлаубай Иманбайұлы осы ауыл мен шаруашылықты жиырма жыл біліктілікпен басқарып, оның көркеюіне мол үлес қосқан нағыз халықтың азаматы еді. «Әке көрген оқ жонар» демекші, баласы да ел дамуына өз үлесімді қоссам деп жүрген текті ұл. Оған сенеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдемдеседі, үлкенді құрметтейді. Жуырда қарттар күніне орай ауылымыздың ең үлкен қариясының жасы тоқсаннан асқан тыл ардагері Әшімбек ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, ізгі тілегін жеткізіп, сый-сияпатын ұсынды. «Мектепке жол» бағдарламасы аясында мұқтаж отбасынан шыққан баланы мектепке толықтай әзірледі, киіндірді, қажетті құрал-жабдығын әперді. Ауылды өз ауылымыздың баласы басқарып отыр. Туған жерімді түлетсем деген ниетін құптаймыз және қолдаймыз, – дейді ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Темірхан Қожахметов.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Көмір жеткілікті

Көмір жеткілікті

18.07.2026
Алғабас алқабындағы адал еңбек

Алғабас алқабындағы адал еңбек

18.07.2026
TopIQ: Мектеп кітапханасын цифрлық кеңістікке айналдыру тәжірибесінен

TopIQ: Мектеп кітапханасын цифрлық кеңістікке айналдыру тәжірибесінен

18.07.2026
Ерлік ескерусіз қалмайды

Ерлік ескерусіз қалмайды

18.07.2026
Зерттеулердің нәтижесі. Азаматтардың 86,9%-ы ел Президентіне сенеді

Зерттеулердің нәтижесі. Азаматтардың 86,9%-ы ел Президентіне сенеді

18.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.