Талдықорған: +43°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰСТАЗ БОЛУ — МӘРТЕБЕ

15.10.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Мұғалім атану оңай көрінгенмен нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім» деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.  Саналы ғұмырын сапалы қызмет етуге арнаған сансыз маманның ішіндегі барша әлем бас иетіндей құдіреттісі болса, ол ұстаз екені сөзсіз. 


«Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым» деген екен Александр Македонский. Осы бір ұлағатты сөзден ұстазға деген махаббат пен құрметтің биіктігін аңғарамыз. Ұстаздың әрбір айтқан сөзі, іс-қимылы-өскелең ұрпақ қана емес, барша адам баласының айнасы секілді.

Дана қазақ халқы білімге үлкен жауапкершілікпен қарап, ұстаз мәртебесін аса жоғары қастерлеп, бағалаған. Оған «Білімдінің қолында алтын шырақ», «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деген даналық сөздер арқылы көз жеткізуге болады. Ал ұстаз мәртебесіне келетін болсақ, ұлы Абай «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» десе, ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни, мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», – деген. Қазақ ғұламаларының айтқан сөздері бүгінгі күнде де мәнін жойған жоқ. 

Мұғалім мамандығын мен ең қадірлі де қасиетті кәсіп деп есептеймін. Себебі ұстаз шәкіртін  адалдыққа  баулып, өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себеді. Жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіреді. Ең жақын  жанашыры әрі ақылшысы, досы әрі сырласы бола біледі. Бір сөзбен айтқанда, ұстаз – бүгінгі қоғамды алға сүйрейтін озық ойлы адамның тәрбиешісі, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы жан. Осы орайда “Ұстаз қандай болу керек?» деген сұрақтың жауабын қазақтың данышпан, дана ақыны Абай атамыздың шығармаларынан табамыз. Ұстаз – «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» иесі. Ыстық қайратымен бар білген білімін оқушы бойына сіңіретін, нұрлы ақылымен өміріне жарық сәуле шашатын, жылы жүрегімен баланың жан дүниесін баурай білген ұстаз ғана баланы тұлға ретінде қалыптастырады. Жаңа ғасыр мұғалімінің бойында  сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабырлылық сияқты қасиеттер  тоғыса келе, мейірімділік  атты  ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана  мұғалім «Ұлы ұстаз» деген  ардақты атаудың шын иегері болады.

Мені кейде мұғалім мәртебесін қалай түсіріп алдық деген сұрақ мазалайды. Иә, министр Асхат Аймағамбетовтің бүгінгі таңда жасап жатқан реформаларын кемел келешекке жетудің бастамасы десек болады. Жалғыз менің емес, оған ұстаздардың көбі дән риза. Кездестіріп қалған қай мұғалімнен сұрасаңыз да қазіргі өзгерістер жайлы жылы пікірлер айтатыны сөзсіз. Ескі айдың бітіп, жаңа айдың басталатын шағын қазақ «өліара» дейді екен. Қазіргі қазақстандық педагогтардың шынайы мәртебесі осындай. Аталған заң мұғалімдердің өміріне оң өзгеріс әкелді. Бірінші, жаппай қағазбас­тылықтан құтқарды. Енді болмайтын бір құжат үшін аудан мен облыстан сабылып келетін комиссияның жолы кесілді. Екінші, еңбекақы мәселесі шешілді. Үшінші, аш­қанның алақанында, жұмғанның жұдырығында жүретін дәурен өтті. Дегенмен, еліміздің әрбір түкпірінде кейбір мектеп басшыларының жаңа тәр­тіпке бейімделе алмай жатқанын білеміз. Мұғалімнің кәсіби қызметіне деген адалды­ғына, теориялық білімінің тазалығына қара­май, қалтасына қарайтындардың бары рас. Олардың да дәурені өтеріне сенеміз. Қашықтан оқу тағы да мұғалімдердің ­шынайы мәртебесін анықтап берді деп ойлаймын. Балаға білім беру, үйрету ата-аналарға үлкен салмақ түсіріп жатыр. Экранның арғы бетінде отырған балаларға сапалы білім беру жолында менің әріптестерім аянып қалып жатқан жоқ. Жасы да, жасамысы да жаңа технологияны тез игеріп, әртүрлі платформаларда сабақ жүргізуге бейімделіп кетті. Мұғалім мәртебесін көтеретін – мұғалімнің өзі ғана.  Кәсіби жақтан жоғары білікті, өзінің шығармашылығы мен біліктілігін үнемі көтеріп отыратын жаңашыл, жаңалыққа жақын мұғалім ғана қоғамда жоғары мәртебе иесі болып, беделі асатындығы рас. Қорыта айтқанда, мұғалімнің басты қызметі жаңа қоғамға сай білімді, көкірегі ояу, тәрбиелі, әр уақытта еліне қызмет ететін, оңды-солын білетін жақсы азамат қалыптастыру. Ал, мұғалімнің негізгі міндеті – қазіргі кездегі жаңа оқыту мен тәрбиелеу технологияларын меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай дамыту.

Айтжамал Серікбаева,
№9 орта мектептің бастауыш 
сынып мұғалімі
Талдықорған қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

Көмір жеткілікті

Көмір жеткілікті

18.07.2026
Алғабас алқабындағы адал еңбек

Алғабас алқабындағы адал еңбек

18.07.2026
TopIQ: Мектеп кітапханасын цифрлық кеңістікке айналдыру тәжірибесінен

TopIQ: Мектеп кітапханасын цифрлық кеңістікке айналдыру тәжірибесінен

18.07.2026
Ерлік ескерусіз қалмайды

Ерлік ескерусіз қалмайды

18.07.2026
Зерттеулердің нәтижесі. Азаматтардың 86,9%-ы ел Президентіне сенеді

Зерттеулердің нәтижесі. Азаматтардың 86,9%-ы ел Президентіне сенеді

18.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.