Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ШОПАННЫҢ АРМАНЫ

15 қазан 2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Бір күні шопан қария мал бағып жүріп, үлкен дауылға тап болады. Жиырма шақты қойын бір жерге иіріп, өзі арасына жасырынып қалады. Дауыл құмдарды ұшырып, кейбір жерлерді тақыр қылып тастайды. Дауыл басылған соң күн шығып, қойшының көзіне алыстан жылтыраған бір нәрсе көрінеді. Барып қараса, бір көне шам жартылай көміліп жатыр екен. Бұл жай шам емес, сиқырлы шам еді. Сонда шопан шамды шапанының жеңімен сүртіп қалғанда ішінен үстіне жұлдыздай жарқыраған киім киінген бір сиқыршы атып шығады. Шопан қорқып кетіп, шамды қолынан тастай салады. Сиқыршы айтады:
– Ей, шопан, қорықпа! Мені босатқаныңа рахмет! Енді мен сенің үш тілегіңді орындаймын. Сенің қандай тілегің бар? – дейді. 
 Шопан қорқынышын басып:
– Менің бірінші тілегім, менің қойымды көбейтші, – дейді. 
Сиқыршы жымиып:
– Жарайды, тілегің орындалады! – деп қолын сермеп қалуы сол-ақ екен, шопанның қойы мыңға жетіпті. 
Шопан: 
– Алақай! Енді менің қойым көп, – деп қуана айғайлап жібереді. 
Сиқыршы:
– Енді сенің екі тілегің қалды. Тағы қандай тілегің бар? – дейді. 
Шопан:
– Рахмет саған, сиқыршы! Енді мен үлкен үйімнің болғанын қалаймын. 
Сиқыршы:
– Тілегіңді орындаймын. 
 Шопан биік жотаға шығып қараса, бұрынғы ескі лашығының орнына зәулім, әдемі үй тұр екен. 
– О, керемет! Керемет! Бұл үйге барлық туыстарымды, ауыл адамдарын жинап, той жасаймын, – дейді шопан қуанып. 
 Сиқыршы:
– Ал, шопаным, соңғы тілегіңе не қалайсың? – дейді. 
 Шопан ойланып: «Қой, өзім ғана байығаным жарамас. Елімнің көбі кедей. Ескі лашықта тұрады. Сиқыршыға кездеспей тұрғанда мен де кедей едім. Мен мына мың қойымды бөліп берсем де, бәріне жетпейді. Халқыма да бір пайдам тисін» деп ойлайды. 
 Сосын сиқыршыға қарап:
– Ей, сиқыршы! Мен ғана емес, қазақ халқы бай, тату-тәтті, бақытты өмір сүретін болсын! Бұл – менің үшінші тілегім, – дейді. Сонда сиқыршы басын шайқап:
– Бұл өзі қиын тілек екен. Қазақ халқына байлық берейін, бірақ олар еңбек етіп, байлығын көбейтпесе, мен берген байлық көп ұзамай таусылады. Егер олар араз болса, бақытсыздыққа ұшырайды. Қазақтар тату-тәтті, бір-біріне бауырмал болғанда ғана бақытты бола алады. Сонда ғана үшінші тілегің орындалады, – дейді сиқыршы. 
 Шопан қария оқымаған адам болса да, ақылды адам еді. 
– Жақсы. Сен еліме бақ-дәулет бер. Мен адамдарға азға қанағат қылуды, жоққа сабырлық қылуды, барға шүкірлік қылуды өзім үйретейін, – дейді. 
– Олай болса, үшінші тілегің орындалсын! Сау бол! – дегенде сиқыршы да, қолындағы көне шам да ғайып болыпты. Көп ұзамай қазақ халқы бай болыпты. Данышпан шопан елге бірлікті сақтауды үйретіпті. Сөйтіп, бәрі мұратына жетіпті. 

Мейірім БАҚЫТ,
А. Пушкин атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы
Қаратал ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.