Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МҰҚАҒАЛИДЫҢ 45 ЖЫЛ ҚҰПИЯ САҚТАЛЫП КЕЛГЕН БҰЙЫМЫ ТАБЫЛДЫ

4 қазан 2021
РУХАНИЯТ
МҰҚАҒАЛИДЫҢ 45 ЖЫЛ ҚҰПИЯ САҚТАЛЫП КЕЛГЕН БҰЙЫМЫ ТАБЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қарасаз ауылындағы Мұқағали мұражайына құнды жәдігер тапсырылды. Ол — Мұқағали ағамның қомызы! Дұрыс оқып отырсыз. Қазақтың қобызы емес, айырқалпақты қырғыз ағайынның қомызы. Иә, орынды күдік! Санаңызға сынадай қағыла қалған “Қайдағы Мұқағалидың қомызы? Қобызы болса бір сәрі”, — деген күмәнді сауалыңызға жауап берейін.

Ақын тойына түрік, қырғыз ағайындар және Мұқағали ағам жырлаған “Атырау-Алтай” арасынан, қазақтың байтақ даласынан қаламгерлер келді. Солардың ішінде қарт Каспийдің жағасынан, Ақтау қаласынан келген Светқали Нұржан ағамыз үлкен аманат тапсырды. Көңіліңіздегі күмәнді сейілту үшін суреттер мен видеоларды (үстінен басыңыз) салып отырмын.

Мұқағали ақынның қомызын Светқали Нұржанға аманаттаған абайтанушы ғалым, абыз ақсақалымыз Мекемтас Мырзахмет екен. Қарасазға бара жатқан Светқали ақынға: “Мына қомызды Мұқағали өмірден өткеннен кейін бір кісі әкеліп беріп еді. (қомызды көруге ынтыққан жұрттың дабыр-дұбырынан кім екенін анық ести алмай қалдым). Мұражайына әне тапсырам, міне тапсырам деп жүріп тоқсан бірге келдім. Тоқсан жылдық тойына тарту сый болсын. Осы аманатымды ақынның еліне жеткіз деп маған тапсырды”, — деген Светқали ақын Мұқағалидың қомызын мұражайға тапсырды. Сөйтіп, ақиық ақынның тоқсан жылдық мерейтойына өте құнды жәдігер тапсырылды.

Мекемтас ақсақалдың жалған сөйлемейтіні белгілі. Тоқсаннан асқанда жоқ жерден жаңалық ашып, ат мініп, шапан киюді де көксемейтіні ақиқат. Ендеше, бұл ақын тойына арналған тосын сый. Еш күмәнсіз қабылдаймыз һәм абыз ақсақал Мекемтас қарияға ғасыр тойдың төріне шығуын тілейміз!

PS: Менің жазбама толықтыру мен түзету енгізетін адам болса, мархабат. Мекемтас ақсақалға барып, сұхбаттасып, қалай Мұқағалидың қомызы болды, ақсақал неге 45 жыл сақтады, кім әкеліп тапсырды деген сауалдарға жауап естігіміз келіп тұр. Қазірше бұл жағы зерттелмеген тақырып күйінде қалып отыр.

Жұматай ӘМІРЕ,

«Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59
Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.