Оқушы үшін де, баласын мектепке үлкен үмітпен жетелеп апаратын ата-ана үшін де алғашқы ұстаздың орны зор. Баланың білімге деген ынта-ықыласы осы бастауыш сыныпта қалыптасады. Сол себепті де алғашқы ұстаздың бала жанының шынайы бағбаны болғаны қажет-ақ.
Бұл орайда біз бақытты ата-анамыз. Балаларымыз тәжірибелі ұстаз Қалила Жақыпбекованың қарамағында сапалы білім нәрімен сусындауда. Осы ретте 3 «б» сынып ата-аналарының – біздің ұстазға айтар алғысымыз шексіз.
Балаларымыз қаладағы заманауи үлгіде салынған ең айтулы оқу ошағы №28 ІТ лицейінде білім алуда. Лицей директоры Гүлжанар Еспанованың жетекшілігінде білім ошағы бүгінгі уақыт талабына сай жұмыс жасауда. Жас ұрпаққа осындай мүмкіншілік жасаған облыс әкімі Амандық Баталовқа деген ризашылығымыз мол.
Мұғалімдер күні қарсаңында Қалила Әділходжақызын, барша ұстаздар қауымын мерекемен құттықтаймыз!
№28 ІТ лицейінің
3 «б» сынып ата-аналары
Талдықорған қаласы




