Ауданда 20985 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды. Вакциналау әлі де жалғасуда. Ауданда 18 екпе кабинеті жұмыс істейді. Мобильді медициналық бригадалар кәсіпорындар мен ұйымдарға барып екпе салуда. Бүгінгі таңда ауданда – Спутник-V, QazVac, Sinopharm, Короновак препараттары бар.
Аудандық ауруханада вирустық пневмония және коронавирустық инфекциямен жатқызылған науқастарды емдеуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 3 айлық қоры жасақталған. 115 пульскосиметр, 11 ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету) аппараты, 44 оттегі концентраты және 3 рентген аппараты бар. Эпид кезеңі басталғалы ауданда COVID-19 жұқпасының зертханалық расталған 1072 жағдайы тіркелген, оның ішінде симптомды 537, симптомсыз 535 жағдай анықталған.
Қазіргі таңда аудан бойынша 2061 педагог, 140 тәрбиеші, 824 кіші қызметкер бар. Жаңа оқу жылының оффлайн форматта басталуына байланысты бүгінде 2 054 мұғалім, 744-і кіші қызметкерлер COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алды. Инфекцияның өршуі орын алған жағдайда аз қамтылған, көпбалалы, жетім балаларға онлайн оқуға қажетті
929 ноутбук, 4 713 роутер және 25 компьютер мен 349 планшет дайын.
Бүгінгі жаңа оқу жылында білім саласына көптеген жаңа өзгерістер енгізіліп, талаптар күшейтілді. Ауданда жалпы 52 білім беру мекемесі, 7 балабақша бар. Оның ішінде 33 орта мектеп, 7 негізгі мектеп және 12 бастауыш мектепті құрап отыр.
Раушан БИСЕМБЕКОВА,
Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы




