Талдықорған: +41°C
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАҒЫМЫЗ ЖАНДЫ

01.10.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Бокс өнерін меңгерудегі шеберлігіміз ел Тәуелсіздігін алғаннан кейін шырқау шыңына жетті. Спорттың әлем елдерін достастырып, танытып, өзара қарым-қатынас, байланыс жасаудағы рөлі зор ғой.


Тәуелсіз Қазақстан құрамасына бапкер болып бекігеннен бастап, ел намысын қорғайтын, Көк Туымызды көкте желбіретер мықты спортшыларды баулуға күш салдық. Желкілдей өскен жас таланттарды іріктеп, оларға бокс дейтін құдіреті күшті спорттың қыр-сырын, техникасын меңгертуді мықтап қолға алдық. Шаршы алаңда айласы мен ақылы үйлескен, білекті де жүректі спортшыларды байрақты бәсекелерге баулыдық. Рингте ел намысы сынға түсетінін жүрегімен сезінетін отаншыл, рухы асқақ спортшылар тәрбиеленді. Олардың көшбасында Қазақстанды төрткүл дүниеге танытқан Сидней Олимпиадасының чемпиондары Ермахан Ыбырайымов, Бекзат Саттарханов, Болат Жұмаділов пен Мұхтархан Ділдәбековтердің есімдері тұрары анық. 90-шы жылдардың соңы мен 2000 жылдары Қазақстан боксының бақ жұлдызы жарқырай жанды. Айталық, Қазақстан боксшылары Хьюстонда (АҚШ) 1999 жылы өткен Әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль алса, 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен XXVII Олимпиада ойындарында 2 алтын, 2 күміс медаль иеленіп, айды аспанға шығарғаны тарихымызға алтын әріппен жазылды. Бұл Тәуелсіз ел тарихындағы теңдессіз үлкен жетістік еді!

Бокс – қазақтың қанында бар спорт қой. Соққысы мықты, шаршы алаңдағы көз ілестірмес ширақ қимылымен қарсыласының мысын басып, атойлаған екпініне тойтарыс беру үшін ептілікпен қатар жүректілік те керек. Ал біз, қазақтар, найзаның ұшы, білектің күшімен ұшқан құстың қанаты талатын кең-байтақ жерімізді жаудан қорғаған ержүрек батырлардың ұрпағы емеспіз бе?! Сол ержүректік Тәуелсіздік алған жылдары да айқын аңғарылды. Оған ел мен жердің кемелденуіне, көркеюіне, ең бастысы, Көк байрағымыздың көк жүзінде желбіреуіне үлес қосқан спортшыларымыздың ерен еңбектері куә! Бүгінде еркін елдің көзінде оты, жүрегінде жалыны бар жастары аға буынның еселі еңбектері мен ел қоржынына салған толағай табыстарының алтын арқауын үзбеуге күш салуда. Сол жолда тер төгіп, еңбек етуде. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына, өркениетті елдермен терезесі тең болуына айрықша атсалысуда. 

Тәуелсіздік алған отыз жыл ішінде қазақстандық спортшыларымыздың жұлдыздары жарқырай жанып, әлемдік ареналардағы алар орны айқындалды. Бокстан бұрын-соңды болмаған халықаралық дүбірлі жарыстар өтсе, жер жаннаты Жетісуымыздың төрінде ақ Азиада ойындары, қысқы Универсиаданың ұйымдастырылуы да осы егемен еліміздің мәртебесін арттырып қана қоймай, жер шарында Қазақстан деген тәуелсіз мемлекет барын көрсетті. Егемен еліміздің спорттағы мерейінің өсуіне айрықша үлес қосты. 

Тұрсынғали Еділов,
Қазақстанның еңбек 
сіңірген қайраткері, 
«Құрмет» орденінің 
иегер

Қатысты жаңалықтар

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» атты фестиваль өтеді

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» атты фестиваль өтеді

17.07.2026
Қаратал ауданындағы экологиялық рейд

Қаратал ауданындағы экологиялық рейд

17.07.2026
«Семей орманындағы» өрт: қазіргі уақытта не белгілі?

«Семей орманындағы» өрт: қазіргі уақытта не белгілі?

17.07.2026
Елімізде 42 градусқа дейін ыстық болады

47 градусқа дейін ыстық: «Қазгидромет» 15 өңірге ескерту жариялады

17.07.2026
Нәресте күтімі жайлы не білеміз?

Нәресте күтімі жайлы не білеміз?

16.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.